б) Тоқылған ойыншықтар. Егер сіз тоқи алсаңыз, ойыншықтарды қиналмай жасауға болады. Ол үшін ши мен жіп қана қажет. Бұларды арнайы мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады.
5. Қызметкерлер.Егер сіз тіге алмасаңыз немесе тоқи алмасаңыз, онда кәсіпорныңызға жұмысшылар жалдауға тура келеді. Ол үшін газетке немесе интернетке жарнама беру керек. Жұмысшылар тапсырыстарды үйінде орындап, дайын ойыншықтарды сізге әкеліп тұрады.
6. Өткізу нарығы. Тұрақты сұраныс жағдайында қолдан жұмсақ ойыншық жасау, мысалы, туристерге кәдесый ретінде, шынайы отбасылық бизнеске айналып кетуі әбден мүмкін. Дайын өнімдерді жеке дүкендерге немесе шағын балалар дүкеніне сатуға беруге болады.
7. Болжамды есептеулер. 7.1. Шығыстар:
1 ойыншыққа төлем– 1 500 теңге * 5 дана = 7 500 теңге айына.
Барлығы: 29 500 теңге.
7.2. Табыс:1 ойыншықты сату 3 500 - 6 000 теңге (аймаққа байланысты), күніне 4 ойыншық * 3 500 теңге * 24 жұмыс күні = айына 336 000 теңге.
8. Пайдалы сілтемелер: http://olyaruss.com/view_post.php?id=61 http://mama.darievna.ru/tag http://moikompas.ru/tags/igrushki Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «қолдан ойыншық жасау» және т.б. кілт сөздерді теру керек.