Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «пластик терезелерін реттеу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.
Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері
Шағын және орта бизнестің жағдайы мен даму деңгейі мемлекеттің тұрақты экономикалық дамуын тікелей қамтамасыз ететін негізгі сала болып табылады. Экономиканың дәл осы секторы мемлекеттің экономикалық дамуына тежеу болатын көптеген мәселелердің шешімі болатын өте үлкен әлеуетті мүмкіндіктерге ие. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнесті дамыту мәселелері жоғарғы мемлекеттік деңгейде қарастырылуы тиіс ең маңызды санатқа жатады.
«БТА Банк» АҚ, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры және Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қаржылық қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберіндегі Стресті активтер қоры бизнесті дамытуға несиелер ұсынады.
Қызмет көрсету түрлерін ұсынатын, сондай-ақ тауар өндіру және қайта өңдеумен айналысатын, тұрақты бизнесі бар шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландырады.
Несие ұсыну жаңа және жетілдірілген жаңа құралдар алуға; айналым қаражатын толықтыруға; әрекет ететін шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруға негізделген.
Сіз 7 жылға дейінгі мерзімге 750 млн. теңге көлемінде несие ала аласыз.
«ДАМУ» қоры аймақтарда басымдыққа ие салалардағы шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мақсатты қаржыландырудың ондаған бағдарламасын іске асыруда.
Негізгілер:
СМСП аймақтық қаржыландыру бағдарламасы;
«ДАМУ аймақтары II»;
«ДАМУ өндіріс»;
«Бизнестің жол картасы – 2020»;
Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру бағдарламасы;
Әйелдер кәсіпкерлігін микронесиелеу бағдарламасы.
Достарыңызбен бөлісу: |