Өсімдік шаруашылығын субсидиялау. Өсімдік шаруашылығын субсидиялау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: 1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлар мен материалдар бағасын (40 %-ға дейін) арзандату; 2) көпжылдық жеміс-жидек екпелері мен жүзімді отырғызуға және өсіруге кеткен шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеу;
3) шитті мақтаның сапасын және мақтаны қайта өңдейтін ұйымдар қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауға кеткен шығындарды мақта иелеріне толық өтеу;
4) тыңайтқыштардың бағасын (органикалықты қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын (50 %-ға дейін) арзандату;
5) тұқым шаруашылығын субсидиялау.