Мысыр тауығын көбейту. Мысыр тауығы балапандарын шығару үшін инкубаторда тауық балалапандарын алуға есептелгендей қарапайым әдістер қолданылады. Бұнымен қоса, инкубацияның 26-күнінде жұмыртқаларды шығару камераларына шығарады. Шығару камераларындағы ылғалдылық тауық жұмыртқаларының инкубациясынан 5-10% артық болады. Балапандар кеуіп, жүндері үлпілдей бастағанда оларды инкубатордан шығарып, еденіне ағаш үгінділері, газеттер немесе құрғақ құм төселген жылы, алдын ала әзірленіп қойылған қораға жайғастырады. Онда кішкене жем салғыш пен вакуумды астау орналастырылады.
Егер мысыр тауығынкүрке тауық (немесе кішкене үндік) астында өсіретін болса, шаруа жеңілдейді, өйткені бұның балапан басу процесінен еш айырмасы жоқ. Аналық қасиеті бойынша тексерілген күрке тауықты таңдайды. Күрке тауық басып шыққан мысыр тауығының балапаны оған үйреніп алады да, үлкейген шағында оның артынан еш қалмай жүре береді.
Алайда ескеретін жайт, шамамен апталық кезінде мысыр тауығының балапаны ұшуға әрекет жасай бастайды. «Ұшып кетулерден» сақтану үшін тәуліктік жасында-ақ олардың (өсірудің барлық тәсілі бойынша) бір қанаттарының білезігін кесіп тастау керек, мұнда электропышақты пайдаланған дұрыс, өйткені ол көп қан ағуды, жараның ластануын болдырмайды және т.б. Бұндай ампутация құстардың ұшуының алдын алады. Қанатының бір бөлігіндегі ампутацияны қайшымен де жасауға болады, сосын кесілген орынды йод тұнбасымен күйдіру керек. Егер мысыр тауықтары балапандарының бір қанатының білезік ампутациясын уақытылы жасамаса, кейін ересек мысыр тауықтарының бір қанатының желпуішін қысқартады (10-12 см-ге), ал бұл операцияны жылына 2-3 рет істеп тұруға тура келеді. Мысыр тауығы балапандарына жемді тура кәдімгі балапандарға жем бергендей береді: алғашқы күндері қайнатылған жұмыртқаны, сосын жұмыртқаны сүтті бидай ботқасына араластырып береді. Суды астаушаға құяды. Әрбір 2 сағат сайын аз аздан жем беру керек.
Өнімді сату.Бұл мәселеде мұқият болу керек. Мысыр тауығының еті мен жұмыртқасын базарларға, дүкендерге өткізуге болады, сондай-ақ сіз өнімнің қасиеттері мен сапасын ескере отырып, оны жеткізіп тұру туралы мейрамханалармен, кафелермен және т.б. келісуіңізге болады.