Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет126/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   351

Шиншиллаларды өсіру мен күту. Шиншиллаларды ең дұрысы –қараңғылау және тыныш жерге қойылған торда ұстау. Тор әрі кең, әрі бірнеше қабатты болғаны дұрыс. Тордың ішіне үйшік, бұталар мен кішкентай баспалдақтар қойылады. Сонымен қатар ол жерде мезгілімен ауыстырылатын және елеуден өткізіліп тұратын майда құмы бар шомылуға арналған астауша болуы керек. Күнделікті құмға шомылу шиншиллалар үшін су рәсімдерін алмастырады, әрі жүндерін тазалап отыру үшін қажет. Төсеніш ретінде ағаш үгінділері немесе нығыздалған жаңқалар пайдаланылады. Оны аптасына бір рет ауыстырады, ал торды бастан-аяқ тазалау мен дезинфекциялау жұмыстарын айына 1-2 рет жүргізіп отырады.


Шиншиллаға дәретке отыруды үйретуге болады, сол үшін арнайы бұрышқа ағаш үгінділері немесе толтырғыштар салынған астау қойылады. Тордың температурасы 25ºС-ден жоғары болмауы керек, өйткені одан жоғары деңгей аңның өмір сүруін тоқтануына әкеліп соқтыруы мүмкін.
3. Жем беру. Шиншиллалар шөп қоректі жануарлар, сондықтан да олардың азықтық мәзірінің негізгі бөлігін өсімдіктер құрайды. Оларға күн сайын көк және аралас жемдер, шөп, түрлі қоспалар қажет болады. Бұл жануарларды дұрыс азықтандыру өте маңызды, өйткені олардың тең жартысы асқазан-ішек ауруларынан өледі.
Аралас жемдерге дәнді, бұршақты, майлы өсімдіктер және олардың өңделген өнімдері (кебек т.б.) жатады. Көк жемдерге жататын жас шөп пен сұлы өскіндері де шиншиллаларға өте пайдалы. Шиншиллаларға жем ретінде шалғындық және қарапайым шөптерді: жылқы қымыздық, бақбақ, қалақай, жолжелкен, түйежапырақ, бүлдірген жапырақтарын да беруге болады. Алайда көк азығы– бұл бар болғаны негізгі тағамға деген қоспа ғана. Шиншилла торында шөп жыл бойы (тәулігіне 25 г.) жатуы тиіс. Мәзірде шөп қарастырылмаған болса, ол жануардың өліміне апаруы мүмкін.
Шиншиллаларға арналған арнайы фабрикаларда дайындалатын түйіршекті дайын жемдер де бар.

  1. Көбейту. Шиншилла 6-7 айлығында жыныстық пісіп-жетіледі де жылына 2-3 қияласқа мүмкіндігі бар, олардың әрбірінде 1-ден 5-ке дейін күшіктері, орта есеппен 2-3 күшігі болады.

Шиншиллалар түнде қосылады. Жүктілік мерзімдері 106-114 күн. 18 жыл өмір сүреді, оның 12-15 жылында белсенді түрде көбейіп отырады.
Күшіктеуге 10 күн қалғанда ұялық жәшікті төсенішпен (шөп немесе собық) толтырады да ұрғашысы шөптерді шашып тастамас үшін саңылауын жоғары қаратып қояды. Күшіктеуге бірнеше күн қалғанда тордан құмдық шомылуға арналған ыдысты шығарып тастайды. Күшіктер көздері ашық, тістері жарылған, мамыққа оранған күйінде туылады, алғашқы күннен-ақ олар емін-еркін қозғала алады. Жаңа туылған шиншиллалардың таза салмағы 30-70 гр.
Ұрғашы ұрпақ әкелгеннен кейінгі күні-ақ қосылуға дайын болады. Ұрғашы шиншилла жылына 3 рет күшіктеуге қабілетті. Күшіктеген күні-ақ ұрғашысында сүт пайда болуы керек, алайда кей кездері ол 3 күнге дейін кешігіп келуі де мүмкін.
Лактациялық кезең 45-60 күнге созылады. Бұдан кейін кішкентай шиншиллаларды анасынан ажыратады. Жас шиншиллалар айтарлықтай тез өседі, бір айлық күшіктер өздерінің бір күндік салмақтарына үш есеге дейін қосып, 114 г. тартады, 60 күн болғанда – 201 г., 90 күнде – 270 г., ал 120 күнде – 320 г., 270 күнде – 440 г. және ересектері – 500 г. тартады.
Анасынан ажыратылған бірнеше жас күшіктерді бір торға қамап, еркегі мен ұрғашысын бөлек ұстайды.
Сондай-ақ, шиншиллаларды полигамды көбейту де жиі кездеседі. Бұл дегеніміз бір еркекке 2-4 ұрғашыдан, өскен сайын олардың санын 4-8-ге дейін көбейтуге болады деген сөз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   351




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет