қарқынды баспа үшін пластик әзірлеу – 10 теңге/данасы, * 5 000 = 50 000 теңге.
Барлығы: 635 000 теңге.
6.2. Табыс: Жоғарыда жазылған технология бойынша карта жасаудың өзіндік құны, яғни материалдарға кететін шығыстар, шамамен, 1 карта үшін 20 теңгені құрайды.
Пластикалық карта жасаудың бағасы, орташа есеппен алғанда 100-150 теңгені құрайды, онда да тиражына байланысты. Есептеп көрелік, 100 теңге/дана бойынша 1 000 карта жасау үшін сіз 100 000 теңге аласыз. Бұл сомадан шығыстарды алып тастаймыз – 20 000 теңге, сонда таза табыс сомасы 80 000 теңгені құрайды. Бірақ, есіңізде болсын, бұл тек негізгі шығыстар, бұдан бөлек қосымша шығыстар, мәселен электр энергиясына, ғимаратты жалға алуға қатысты шығыстар да бар және т.б. Уақыт бойынша 1 000 дана карта жасау үшін сіз ең көп дегенде екі күн уақыт жұмсайсыз.
Қалыптасқан жағдай бойынша, ең аз тапсырыс 500 дананы құрайды. Пластикалық карта жасау мен жеткізу жөнінде, ең құрығанда, айына төрт компаниямен келісім жасасаңыз, 2 000 карта * 100 = 200 000 теңге болады. Бұл сомадан өзіндік құнын алып тастаймыз, сонда табыс 160 000 теңгені құрайды. Яғни, сіздің бастапқы шығыныңыз әрі кетсе жарты жыл ішінде өз өзі ақтайды.
Пайдалы сілтемелер: