Ертеѕіѕ їшін аянба, ерім



бет46/351
Дата06.02.2022
өлшемі4,15 Mb.
#39125
түріБағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   351
Ағаш үгінділері. Көптеген бақшашылар ағаш үгінділеріне айтарлықтай мән бермейді, немесе оны дұрыс қолданбайды. Көп жағдайда бақшашының өсімдік түбіне жас ағаш үгіндісін көп мөлшерде сеуіп, одан мол өнім күтетінін байқауға болады. Нәтижесі – қураған, сарғайған өнім. Ағаш үгінділері шіру кезінде азотты көп мөлшерде сіңіреді. Негізінен, шіри бастаған ағаш үгіндісін пайдаланған дұрыс. Олардың әр қапшығын азотты тыңайтқыш қоспасымен кезек-кезек араластыра отырып, бір үйме қылып жинайды. Қоспаны құстардың көңімен араластыруға да болады. Ағаш үгінділерін компостпен араластырудың қажеті жоқ, себебі олар 2-3 жылға дейін шірімей қоюы мүмкін. Қара шірікке айналған ағаш үгінділерін таңқурайдың, қарақаттың, қарлығанның түбіне (қалыңдығын 5 см етіп) пайдаланады. Нәтижесінде олардың маңына утаспа мен қияқ сияқты арамшөптер өспейтін болады.

  • Жапырақтар. Көптеген тәжірибелі бақшашылар жеміс ағаштары мен бұталарынан түскен жапырақтарды жинауға болмайтынын айтады. Бұл дұрыс. Бірақ қар астында қалған жеміс ағаштарының жапырақтарында зиянды жәндіктер қыстайды, сондықтан да жапырақтарды жинап алып, өртемей, керісінше шірінді түрінде басқа өсімдіктер үшін қолданған дұрыс.

    Жиналған жапырақтарды бір төбе қылып үйеді де, оның үстіне құстардың көңінен дайындалған ерітіндінің (1:15) 30-40 литрін құяды. Тыңайтқышты күздің жаңбырлары шайып кетеді деп үрейленуге болмайды, себебі, біріншіден, жапырақтың бір бөлігі судың бес бөлігін ұстай алады, ал екіншіден оның көлемі көп болғандықтан су күз соңынан бастап қыстың басына дейін барлық үйіндіні жерге дейін шайып кетуі мүмкін емес. Ал көктемгі су тасқыны тек тыңайтқышты жапырақтар үймесіне теңдей бөледі.
    Егер тыңайтқышты көктемнен бастап жасаса, күзге дейін жапырақтар толығымен шіриді, сондықтан олардың құрамында қыстап қалған зиянды жәндіктер қалып қояды деген қауіп болмайды.

      1. Сату. Сіз жеміс-жидек, көкөніс және басқа да өсімдіктер өсіретін адамдарға органикалық тыңайтқыш сататыныңыз туралы ақпарат бере аласыз.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   351




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет