«Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болады». Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады.