Ертістің Кереку, Баянауыл өңірі аса ірі, әрі көрнекті өнер қайраткерлері шыққан қасиетті ел



бет1/14
Дата26.06.2018
өлшемі4,15 Mb.
#45033
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Ертістің Кереку, Баянауыл өңірі аса ірі, әрі көрнекті өнер қайраткерлері шыққан қасиетті ел. Халқымыздың ұлттық өнерінің қалыптасуына зор елеулі үлес қосқан драматург, сахна өнерінің білгірі, бірінші кәсіпқой режиссер Жұмат Шанин, Жүсіпбек Аймауытов, қазақ киносының құлагері, Алаштың арысы аттанған, театр өнерінің хас шебері, дарынды актер, тұңғыш кинорежиссер -Шәкен Айманов, кейілі дархан, талантты әнші, актер Кәукен Кенжетаев т.б.

Кереку елінде ұлттық театрымыздың қалыптасуының тарихы мол. Облыста тұңғыш қазақ театры 1938 жылы 17 қаңтарда Комсомол атындағы Бесқарағай колхоз – совхоз театры негізінде құрылған. Сол кезде осы театрға Байғабыл Жылқыбаев, Құсайын Тұяқбаев, Темірбай Омаров, Мұхаметжан Нұрсейітов, Әскен Шайхин сияқты сол кездегі өнерпаздар әртістік қызметке қабылданды. Бұл облыстағы тұңғыш қалыптасқан театр ұжымының алғашқы қарлығаштары еді. Осы жылдары қазақ әдебиетінің классиктері М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Еңлік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтің «Қыз-Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесалары сахналанды.

Өкінішке қарай белгісіз себептермен осы өнер шаңырағы 1948 жылы жабылып қалды. 1990 жылы желтоқсанның 7 жұлдызы күні Павлодар облысы және Республика үшін ерекше нақты қадам жасалды. Бұл күн ұлттық өнерді жаңарту, өсіру күні. Павлодар облысының басшыларының ықыласымен С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрының бас режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерсайын Тәпенов қазақ театрын ұйымдастырып ашу үшін шақырылды. Сондай-ақ С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған облыстық қазақ музыкалы драма театрынан ҚР еңбек сіңірген әртісі М.С. Манап тәжірибесімен бөлісуге шақырылды. Қарағанды қаласынан Сейітжан, Рауза Тәжібаевтар, Сансызбай, Алма Бекболатовтар, Амангелді Жүке шақырылды.

Көрнекті театр қайраткері, сыншы сол кездегі Т. Жүргенов атындағы Алматы Өнер институтының ректоры Әшірбек Сығай осы театрға музыкалы комедия және театр бөлімін бітіруші студенттерін жолдамамен жіберіп, үлкен үлес қосты. Олар: Т. Атамбек, Т. Абдрахимова, А. Таспаева, М. Байжұманов, Б. Құрбанова, Қ. Айтмырза, Б. Иманғожа, С. Құлдәулет, Г. Омарова, Г. Саймасаева, Ж. Доспаев, Б. Ұябаева. Театр ашылғаннан кейін Б. Шәнім, Д. Ұябай, Е. Жанайхан, К. Қарымсақов келіп, труппаны толықтырды.

Алғаш театр шымылдығын Заңғар жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашты, симфониялық оркестрмен сүйемелденді, дирижері – Болат Рәхімжанов. Өнер институтының түлектері өз дипломдық қойылымдарын жалғастырып, олар У. Гаджибековтің «Аршын-Малан» К. Кенжетаевтың «Алдар-Көсесі», У. Исмайловтің «Құдашасын», көрермен қауымға ұсынды. Содан бері театрымыз кемелденіп, репертуары жылдан-жылға молая түсті. Қазіргі кезде театр репертуарында тоқсаннан астам қойылымдар бар:

М. Әуезовтің «Айман-Шолпан», «Қаракөз», «Еңлік-Кебек», Ғ. Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Ұлпан-Есеней», У.Шекспирдің «Король Лир», А.П. Чеховтың «Шағала», Еврипидтың «Медея», И.Кальманның «Сильва», «Мистер Икс», И.Штраустың «Жарқанат», Ф.Эрвенның «Түлкі Бикеш», И.Цагарели «Ханума», М.Байсеркеұлы «Абылай хан», «Кене хан», Тәжібаев «Майра». Осы заманғы драматургтердің пьесаларын атап айтсақ Д.Исабековтің «Әпке», «Мұрагерлер», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Актриса», Т.Ахтановтың «Күшік күйеу», Ә.Таразидің «Жақсы кісі», С.Балғабаевтың «Бізде ғашық болғанбыз», И. Байзақовтың «Ақбөпе», Ш. Айтматовтың «Ана-жер-Ана», Ж. Аймауытовтың «Ақбілек», «Шернияз» және т.б.

1991 жылы біздің театр сахнасында қазақтың дүлдүл ақыны, әнші-композитор әрі театр актері Иса Байзақовтың 100 жылдығына арналғанІ Республикалық музыкалық және драма театрларының әнші-әртістерінің байқауы өтті. ҚР мәдениет қайраткері Т.Атамбек лауреат атанды. Жезқазған қаласында өткен IV Республикалық театрлар фестивалінде О.Сүлейменов пен Б.Мұқаевтың «Заманақыр» спектаклімен қатысып: ең үздік режиссер номинациясы, Е.Тәпенов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері иеленді. Ең үздік ер адам бейнесі Дастан ролін сомдаған үшін ҚР мәдениет қайраткері С.Бекболатов марапатталынды. Ең үздік әйел ролі – Мәлика ролін сомдаған үшін ҚР еңбек сіңірген әртісі Р.Тәжібаева лауреат атағына ие болды. Жамбыл қаласында өткен республикалық театрлар фестивалінде А.Сейдімбековтың «Күзеуде» спектаклімен қатысып, ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Чайкина Тортын ролін тамаша сомдағаны үшін лауреат атанды, Қарағанды қаласында өткен VII Республикалық фестивальде М.Шахановтың «Отырар дастаны» спектаклін көрсетті, театр әртісі «Ерең еңбегі үшін» медалінің иегері С.Тәжібаев лауреат дипломымен марапатталды. 2000 жылы Павлодар қаласында кезекті Республикалық театрлар фестиваліне Д.Исабековтың «Әпке» спектаклімен қатысты. Бишкек қаласында өткен халықаралық фестивальде өнер көрсеткен театр актеры Б.Шәнім У.Шекспирдің «Король Лир» спектакльде Король Лирдің бейнесін сомдағаны үшін «Көрермендердің көңілінен шыққан бейне» номинациясы жүлдесіне ие болды.

1992 жылы Петропавловск қаласында Ғ.Мүсіреповтың 90 жылдығына арналған Республикалық мерейтойында «Ақан Сері-Ақтоқты», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектакльдерін көрсеттік. Режиссері – Е.Тәпенов.

1993 жылы Баянауылда С.Торайғыровтың 100 жылдығына арналған мерейтойында театрландырылған көріністермен қатысты, режиссері – Е.Тәпенов.

1996 жылы театр құрамына Данияр, Ақмарал Әбдірахмановтар, Қ. Мұсанова, Б. Оқасов, Р. Нығманов, А. Балтабаевалар Т. Жүргенов атындағы Театр өнер институтын бітіріп, труппаға қосылды.

Театрға ҚР еңбек сіңірген әртістері Жанат Чайкина, Шолпан Байғабыловалар келіп, шығармашылық құрам тәжірибелі өнер саңлақтарымен толықты.

2002 жылы Д.Исабековтың 60 жылдық мерейтойына арналған Республикалық фестиваліне «Әпке» спектаклімен қатысып «Ең үздік режиссер» номинациясын Е.Тәпенов, Омар ролі үшін әртіс С.Бекболатов иеленді.

Театр әкімшілігі басқа театр режиссерлерімен тығыз байланыс жасап, қойылымдар қоюға Ж.Хаджиевті, Т.Аралбаевты, Д.Арынғазиеваны (Мәскеу), Н.Жақыпбайды, А. Дүйсебаевты, Е. Тойкеновті және т.б. шақырылды.

2004 жылы Қостанай қаласында ХІІ Республикалық театрлар фестивалінде Еврипидтің «Медея» спектакльдегі Медея үшін «Ең үздік әйел ролі» номинациясын ҚР еңбек сіңірген әртісі Ж.Чайкина марапатталынды.

Астанада өткен VI Халықаралық «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінде М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» спектаклімен қатысып «Ең үздік театр труппасы» номинациясын және М.Медетов «Ең үздік дебют» номинациясын жеңіп алды.

2005 жылы Қызылорда қаласы ХІІІ Республикалық театрлар фестивалінде А.П.Чеховтың «Шағала» спектаклі үшін «Ең үздік режиссер» номинациясын ҚР еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Е.Тәпенов, Аркадина ролі үшін «Ең үздік әйел ролі» номинациясын ҚР еңбек сіңірген әртісі Ш.Байғабылова иеленді.

Шымкент қаласында Қ.Жандарбековтің 100 жылдық мерейтойына арналған Республикалық әншілер фестивалінде актриса А.Таспаева І орынды жеңіп алды.

2007 жылы Астана қаласында өткен Республикалық «Алақай, жазғы демалыс» фестиваліне И.Байзақовтың «Ақбөпе» поэмасымен қатысып, театр актрисасы Г.Омарова дипломмен марапатталынды.



2008 жылы Египеттің Қайыр қаласында өткен Халықаралық эксперименталдық театрлар фестиваліне М.Шахановтың «Отырар Дастаны» поэтикалық спектаклімен қатысып, үлкен шығармашылық шабытпен оралды. Осы жылы Нұрмұхан Жантөриннің 80 жылдығына арналған Қазақстан театрларының XVI Республикалық фестиваліне Эдуардо де Филипоның «Филумена Мартурано» спектаклімен қатысып І орынға ие болды (Мәскеу).

2010 жылы Иса Байзақовтың 110 жылдығына арналған ІІ Республикалық әнші-актерлер конкурсы тек Кереку жерінде екінші рет ұйымдастырылды.

Жыл сайын театр труппасы жас әртістермен толықтырылып тұрады.

Театрдың негізгі көрермендері жастар, себебі театр әкімшілігінің алдына қойған міндеті еліміздің болашағы жастарды ұлттық өнерге, ата-бабаларымыздың сал-дәстүріне, тіліне кеңінен насихаттамасақ, патриоттық сезімдерін оятпасақ, қазіргі теледидардан көрсетіліп жатқан құнсыз көріністерді көрген жас, елім, жерім, тілім деген ана сүтімен жүрегіне енген сезімнен жұрдай болуы ықтимал.

Мектеп, колледж директорлары қойылымдарға күні-бұрын тапсырыс беріп, ата-аналармен келіп тамашалауға үйрете бастады. Ал жоғары оқу орындарының студенттері біздің тұрақты көрермендеріміз. С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Мұхтарұлы Арын мырзаға ерекше алғысымызды білдіреміз.

2006-2010 жылдары аралығында театр ғимаратының сырты және іші қазіргі заманға сәйкес күрделі жөндеуден өтті.

Театрдың көркемдік жетекшісі - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерсайын Тәпенов.

Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театры 1990 жылы желтоқсан айының 7-ші жұлдызында өз шымылдығын М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалы комедиясымен ашты.Театрдың ірге тасын қалаушысы, бас режиссеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ерсайын Қандержанұлы Тәпенов.

Театр негізін Алматы Т. Жүргенов атындағы өнер институтының түлектері құрады.

Репертуарында Еврипдтің «Медеясы»,И.Шекспирдің «Король Лир», Чеховтың «Шағала», Э. Филиппоның «Филумена Мартурано»,М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек», «Қарагөз», Ғ. Мүсіреповтың «Қыз Жібек»,«Қозы Көрпеш-Баян сұлу»,И. Кальманның «Сильва», И. Штраустың «Жарқанат»,У. Гаджибековтың «Аршин-Малалан», А. Тәжібаевтың «Майра»,А. Цагарелидің «Ханума», Ш. Айтматовтың «Ана-Жер-Ана», С. Раевтың «О, қыздар», С. Қасымбек «Палата», Е. Жуасбек «Үйлену», М. Төлебаев «Біржан-Сара», Қ.Аманжолов «Досымның үйленуі» сондай-ақ Қ. Мұхамеджанов, Т. Ахтанов, С. Жүнісов, А. Тарази, Д. Исабеков, С. Балғабаев, А. Тауасаров, т.б. шығармалары бар.

Театр гастрольдік сапарымен Мәскеу, Ленинград, Омбы, Новосібір,Алматы, Астана, Қызылжар, Талдықорған қалаларында өз өнерін көрсетті.

Сондай-ақ халықаралық жастар шығармашылық «Шабыт» фестиваліне (екі мәрте 1995,2008ж.ж.) және Каир қаласында өткен VII халықаралық экспериментальдық театрлар, Кония қаласында (Түркия) Дүниежүзілік түркі тілдес халықтардың фестиваліне қатысып лауреат атанды.Театрда көрермендердің құрметіне бөленіп жүрген ҚР еңбек сіңірген әртістеріміз Р. Тәжібаева, М. Манап, әртістер А.Жүке, С. Тәжібаев, С. Бекболатов, Т. Атамбек, М. Байжұманов, А. Таспаева, Б. Құрбанова, Т. Абдрахимова, Б. Шәнім, Д. Ұябай және жас буын өкілдері Б. Оқасов, Р. Нығманов т.б. бар.

Театр труппасы жыл сайын Т. Жүргенов атындағы театр академиясының түлектерімен толтырылып тұрады.Симфониялық оркестрі бар, дирижеры ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Рақымжанов, ән пәнінің мұғалімі Анна Алексеева, концертмейстрлер Ирина Воронина, Наталья Куминова балетмейстер Баян Исабековалар жемісті жұмыс істейді.

 Театр мақтаныштары

1995 ж. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері - Ерсайын Тәпенов

1998 ж. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі - Рауза Тәжібаева

2001 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Секербек Жабықбаев

2002 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне10 жыл» мерекелік медалі - Бақыт Иманқожа, Құрманғазы Айтмырза

Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Мұхтар Байжұманов

«Ерен еңбегі үшін» медалі - Сейітжан Тәжібаев

2004 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Сансызбай Бекболатов,Талжібек Атамбек, Гүлжан Қайырбекова, Бейбіт Шәнім, Жұмахан Доспаев

2005 ж. «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалі - Мұхтар Манап

«Ерен еңбегі үшін» медалі Ерсайын Тәпенов

2007 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Дінмұхамед Ұябай

2008 ж. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері - Гүлбарам Бахтиярова

2008 ж. әртістеріміз Бекболат Оқасов, Ақмарал Абдрахманова, Руслан Нығманов, Ербол Абжалов, Айсұлу Балтабаева, Нұрлан Қалиев, Мият Медетов, Құралай Мұсанова Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент қорының лауреаттары атанды.

2010 ж. – Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы- Сансызбай Бекболатов

2010 ж. - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері – Алма Бекболатова

2011 ж. - Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері – Қарлығаш Жексембаева, Бахаргүл Құрбанова, Толқын Әбдірахимова , Ақық Таспаева.

Гастрольдік сапарлар

1991 ж. Мәскеу, Санк-Петербург.

Спектакльдерден көрініс,концерттік бағдарлама.

1992 ж. Алматы . Дүниежүзі қазақтарының 1-ші құрылтайы

1993 ж. Талдықорған. С. Балғабаев «Біз де ғашық болғанбыз»

Монголия Баян-Өлгей.

Облыстық мәдениет күндері аясында өткен шараларға байланысты.

1994 ж. Омбы, Новосібір.

Ресейдегі қазақстанның мәдениет күндері аясында.

Б.Мұқаев, О.Сүлейменов «Заманақыр»,М.Әуезов «Айман-Шолпан» және

Гала-концерт.

1995 ж. Омбы. Б. Мұқаев, О. Сүлейменов «Заманақыр»,М. Әуезов «Айман-Шолпан»,

У. Гаджибеков «Аршин-Малалан»,гала-концерт.

1997 ж. Алматы. Павлодар облысының мәдениет күндері аясында.М. Әуезов «Айман-Шолпан», «Ақан сері-Ақтоқты»

1998 ж. Омбы. М. Байсеркенов «Абылай ханның соңғы күндері»Ғ. Мүсірепов,

Е.Бруссиловский «Қыз Жібек», гала-концерт.

1999 ж. Астана. М. Әуезов «Қаракөз» А. Сейдімбеков «Күзеуде», гала-концерт.

Семей. М. Байсеркенов «Абылай ханның соңғы күндері».

2001 ж. Астана. У. Шекспир «Король Лир», А. Чехов «Шағала»,У. Шекспир «Сопеттер

Семей, Абай ауданы.

М. Байсеркенов «Абылай ханның соңғы күндері»

2002 ж. Қызылжар. Еврипид «Медея»,Дунаевский «Как много девушек хороших».

Көкшетау. М. Байсеркеұлы «Кене хан».

2003 ж. Омбы. Еврипид «Медея», Дунаевский «Как много девушек хороших».

Өскемен. М. Хаснов «Пай- пай, жас жұбайлар-ай».

2004 ж. Астана. Еврипид «Медея».

2005 ж. Қостанай. Д. Исабеков «Әпке»

 Бүгінгі күні көрермен қауымның ойынан шығып, жоғарғы кәсіби, өз ісінің майталмандары болып табылатын актерлер ұжымынан құрылған үлкен шаңыраққа айналып, Республика театрларының алдыңғы қатарында көрініп жүр. Театр сахнасындағы халыққа ұсынылатын қойылымдар жұртшылықтың көңілінен шығып, сахна шеберлерінің еңбегі алғысқа бөленуде. Бұл театрдың абыройы мен мақтан тұтар тұсы, театр ұжымы еңбегінің жемісі.

Театр - өнер шаңырағы, халықтың, елдің тарихы мен болмысынан сыр шертер қазыналы ордасы. Тәлім-тәрбие мен руханияттың көзі болып, әркімнің мұқтажы, тыныстар ауа іздеуді ұнатқандай ең қажетті дүние. Елге, жерге деген патриоттық сезімді, сүйіспеншілікті арттырып, эстетикалық сезім-ізгілік, адамгершілік негізді оятуда мәні мен мағынасы зор. Өмір ағынында дұрыс жолға салып, адамгершілікті дәріптеуге баулиды, құрмет пен сүйіспеншілікке бөлейді.

Түйін сөз

1. Ж. Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылу мақсаты ұлттық өнерге деген мұқтаждықтың орнын толтыру болып табылады.

2. Театр шаңырағының қалыптасуы, репертуар таңдаудағы өз бағыт-бағдарын молынан көрсете білді, әлі де ізденіс үстінде.

3. Театр ұжымының 20 жыл аралығындағы Республика да ғана емес алыс шет елдерге үлкен өнер ордасы екенін дәлелдей білді, Халықаралық фестивальдерде терезесі тең екенін көрсетті.

4. Театр мақсаты халыққа рухани байлық сыйлап, ұлттық салт-дәстүрді атадан қалған асыл сөздермен жастарға тәрбие беру болып табылады.

2011 жылдан бастап театр директоры әрі көркемдік жетекшісі ҚР еңбек сіңірген әртісі М.С. Манап болып табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет