Ерубаева Жансая 1-4 сынып оқушыларына оқУ Үрдісінде дидактикалық ойындарды пайдаланудың жолдары



бет24/27
Дата05.05.2020
өлшемі1,55 Mb.
#65888
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Ерубаева Жансая

2.2 Эксперименттік жұмыстың нәтижесі

Қазіргі кезде ойындардың түрлері көп. Ойындарды түрлендіріп өткізу ұстаздың шеберлігіне байланысты. Өз мамандығын жақсы білетін мұғалім оқушыныңынтасын өзіне аударып, сабақты қызықты өткізуге тырысады.

Мен 2019-2020 жылдар аралығында әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалануға тырыстым. Әр күн сайын сабақ өткізіп, әр сабаққа әр түрлі ойындарды қолданып сабақты барлық талпынысыммен өткіздім. Әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, мысалы, автор орындығы, жұбын тап, жоғалған әріптер.

Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылар өздерін жақсы жағынан көрсете білді және де ойын барысында бір-бірін тыңдап, түсіне білді.



Маған үлкен тәжірибе ретінде 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне өткізген кезім болды. Әр оқушыға жеке өлең шумақтарын беріп,сол мерекеге сәйкес сценарий құрадым. Оқушыларым аналарына арналған ән айтып, билер биледі. Соңында сыныптың жігіттері қыздарға сыйларын ұсынып және барлық оқушылар аналарына арнап жасаған сыйлықтарын ұсынды. Бұл күн мен үшін ерекше күн болды. Себебі бұған дейінгі ашық сабақтарға немесе мұғалім көмегімен сабақтар өткізіп жүрген болатынмын. Аз уақыттың ішінде біраз жетістіктерге жетіп жүрдік.


Қорытынды
Ойынның міндеттерін былайша сараптауға болады:

  • ойынды тұтастай жеке тұлғаны қалыптастыруға, оның шығармашылық қабілеттерін дамытуға пайдалану;

  • баланың өзін - өзі ұстау, эмоцияларын,сезімдерін, мінез – құлқын қадағалау қабілетін ұштай отырып, ойын арқылы оның жалпы даму процестеріне басшылық жасау;

  • ойынды балаларға өз халқының салт – дәстүрлерін бойына сіңіру құралы ретінде пайдалану, соның негізінде дидактикалық сана – сезімін, дидактикалық мәдениетін қалыптастыру;

  • өз халқының мәдениеті мен тарихына деген ықыласын ояту;

  • Отаншылдық сезімін ұдайы дамыту үшін жағымды эмоциялық негіздерді қалыптастыру.

Ойын баланың сабақта алған білімін тиянақтауға негіз болады. Себебі ойын мен еңбек сияқты баланың іс - әрекетінің бір түрі. Ойынның барысында балның жеке қасиеттері қалыптасады. Балалар ойындарының ішінде дидактикалық ойындарды оқушілер балалардың білімдерін тексеру үшін өзінің республикасы, туған жері, туған қаласы туралы білгендерін бір жүйеге келтіреді. Дидактикалық ойындар сабақтың әсерлілігін арттырып, балалардың осы пәнге ынтасын, қызығушылығын арттырады, білімдерін тиянақтауға көмектеседі. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш – жігерін, сезімін білдіруге жол табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет