Ортасы
30 минут
|
Тақырыппен таныстыру
Жұмбақ шешу:
Цифрда бар
Әріпте жоқ
Циркте бар
Үйде жоқ
(Бұл қай дыбыс?)
Ц-ц-ц дыбысы, кәне бәріміз ц-ц-ц деп дыбыстап көрейікші ?
Ц-дыбысы қандай дыбысқа жатады деп ойлайсыңдар ?
Ц-дыбысы: дауыссыз қатаң ,орыс тілінен енген сөздерде жазылады,сөздердің барлық жерлерінде жазылады.
Суретпен жұмыс.
1.Суреттен кімдерді көріп тұрмыз?
2.Циркте сайқымазақтан басқа нелер болады?(үйретілген жануарлар)
Жаңа сөздермен таныстыру
Цех,цемент,циркуль,мотоцикл,цирк
Цирк- сөзіне дыбыстық талдау жасау
Кітаппен жұмыс
Сұрақтар:
1)Сайқымазақ цирк алаңқайында не істеді?
2)Мағжан туралы не айтады?
3) Мағжан неге қайтадан іздеуші болды?
Цифрларды орнына қою арқылы қазақтың ұлттық ойынының атын табамыз .
-Қандай ойынның аты шықты? (ханталапай)
-Бұл қандай ойын? Асықпен ойналатын ұлттық ойын
-Балалар өздерің қандай ұлттық ойындар жайлы білесіңдер?
Сөзден сөз құра. Ханталапай сөзінен басқа сөздер құрау. Мысалы, ат, ал, хан, ай, ала, ана, апа, ата.
Сергіту сәті.
Жоғалған әріптер.
…емент
…ирк
…ех
офи…ер
…ифр
Дәптермен жұмыс
|
|