Дидактикалық ойындардың айырықша ерекшеліктері әдістердің негізі ретінде қолданылатын ойын жағдаяттардың түрлері болып табылады. Қатысушылардың әрекеттерінің ережелері, бағалаудың қатаң жүйесі ойында түпкілікті сақталады. Тағы да бір айта кететін жағдай, дидактикалық ойындар іскер ойындардан шешім қабылдаудың тізбегінің болмауымен ерекшеленеді.
Дидактикалық ойындардың түрлері:
Нақты жағдаяттарды талдау;
Ойын жобасы;
Жетекшінің іскер поштасын ажырату.
Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға – мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ процесінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |