«сайыстық шоу-бағдарламаның сценарийлік драматургияның спецификасы» Д. Х. Тамбетова «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы



Дата11.01.2017
өлшемі90,55 Kb.
«САЙЫСТЫҚ ШОУ-БАҒДАРЛАМАНЫҢ СЦЕНАРИЙЛІК ДРАМАТУРГИЯНЫҢ СПЕЦИФИКАСЫ»
Д. Х. Тамбетова «Өнер» кафедрасының аға оқытушысы

М. Н. Өмірбек «Өнер» кафедрасының оқытушысы, магистр
Южно-Казахстанский Государственный Университет им. М. Ауэзова

г. Шымкент, Казахстан, e-mail: moldir.nurgalievna@mail.ru
Ойын-сауықтық бағдарлама – ойын, жарыс, көңіл көтеру, ұтыс ойын негізінде құралған театрландырылған қойылым. Ойын-сауық бағдарламаның сценарийінде жоғарыда айтылған көңіл көтеру әрекеттерінің ережелері жүргізушінің мазмұндамасына тіркеледі. Толық ремаркалар қатысушылар мен жанкүйерлердің әрекеттеріне анықтама береді.

Өнер – халықтың нәр алар ерекше бір қуат көзі, қайнар бұлағы. Бүгіндері қас-қағым сәт сайын дамып, көрермен қауымға рухани әсерін тигізіп, эстетикалық тәрбие беріп жүрген өнердің бірі бұқаралық қойылымдар мен эстрадалық шоу. Ұлттық үрдістерді мұрат тұтқан, азаматтықты арқау етіп, адами тақырыптарды ту етіп көтере білу білікті де, білімді режиссураның еншісінде.

Эстрада (франц., исп.- тақтайша үстел) - әр алуан артистердің (әншілер мен бишілер, көркем сөз оқушылары мен акробаттар, конферансье мен музыканттар т. б.) ойын-сауығынан құралған сахналық өнердің бір түрі. Кейде жалғыз артистің өнер керсетуіне құрылған жеке - соло концерт те болуы ықтимал. Әрбір ойын-сауық нөмірінің ұтымды әрі шапшаң (10-15 мин) орындалуымен байланысты. Эстрада – өнердің шағын түрі деп те аталады. Эстрада артистері жасаған сахналық бейнелер психология жағынан күрделі болмағанымен, олар ашық та жарқын бояуға, гротескіге толы болады. Эстрадада үлкен орын алатын – сөз. Ұлы реформатор, педагог К. С. Станиславский іліміндегі сахна тілінің басты заңдылығы – сөз әрекеті дейді. Әрекетті көрерменді баурап алатын ең басты қабілет деп таныған. Бұл жерде ол сахна шебері мен сөз шеберін айырып көрсетпеген, «екеуі де актер, екеуі де драма актері»,- деп түсіндіреді. Басты әрекет етуші - актер.

Сөз әрекеті дегеніміз – актердің бүкіл жасаған дайындық жұмысының соңғы нәтижесі. Сөзбен әрекет ету, Станиславскийдің айтуынша, бұл сөз арқылы нені айтамын, нені айтып жеткізгім келеді, тыңдаушыдан нені күтемін дегенді меңзейді.

Сахнадан сөз айтушы бір нәрсеге сендіру, ой тастау, бір ойды дәлелдеу мақсатында тыңдаушыға әсер етеді. К. С. Станиславский өз ілімінің негізінде сөз әрекетінің керемет қасиетін тікелей белсенділікке, шындыққа, бағытты әрекетке негіздейді. «Сөйлеу – яғни әрекет ету» болып табылады. Қаншалықты әсер мықты, адамның еске сақтау қабілеті қаншалықты бай болса, соншалықты өз қиялында қажетті бейнелерді, суреттерді көру қабілеті де соншалықты терең болады, онда актердің кітаптағы мәтіннен жанды сөзге ауысуы да оңайға түседі.

Эстрадалық қойылымды дайындау алдында, репертуар таңдап, оның жанрын анықтау керек. Жанр – (француз тілінен аударғанда genre — түр) өнер әлеміне және қасиетіне байланысты шығарманың мазмұнды тұтас бір ерекшелігін білдіретін жалпылама ұғым. Әдеби жанрда – мәнер, стиль, әдеби шығармалардың түрі болып табылады. Жанр – сахналық шешімнің кілті.

Ә. С. Рахимов жанрды былай талдайды: «Жанр – өмір шындығына, болмысқа қай қырынан қарауымыздан түйгеніміз. Үйткені өнер – болмыстың (действительность) көркемдік көрінісі... Жанр, біріншіден – болмысты танып білу процессі, екіншіден – суреткердің болмысты бағалау процессі, үшіншіден – көркемдеп көрсету процессі...»

Мысал - өлең, қарасөз түріндегі адамгершілікті, әдептілікті, өнегелікті өсиет ететін қысқа әңгіме. Мысал – шағын эпикалық шығармалар ішіндегі ең қысқа түрі, ол қашанда сатиралық сипаттама түрінде беріледі, кейіпкерлері үнемі жан-жануарлар, не жәндіктер, я болмаса жансыз заттар болуы мүмкін.

Мысалдың басты мақсаты жан-жануарларға, жәндіктерге, жансыз заттарға тіл бітіре отырып, терең ойды астарлай, адам бойындағы мінді, қоғамдағы келеңсіз жағдайларды немесе адамдардың бойындағы жағымсыз қылықтарын әшкерелейді, күлкіге айналдырады. Тілі – шымшыма, өткір келеді.

Мысал баяндаушы әрбір кейіпкердің кейпінде ойнауды емес, болған уақиғаны баяндауды мақсат етуін талап етеді. Кез-келген мысал әңгімесі басты бес компоненттен құралады: оқиғаның басталуы, шиеленісуі, өрбуі, шарықтау шегі, шешімі.

«Мысал әңгіме түрінде әрекет етуші кейіпкерлердің бейнесін ашатын кішкене ғана шығарма болса да, мысал оқумен барлық кезде айналысу керек деп айтамын, - дейді В.И. Немирович- Данченко, - кішкене ғана өлең сөзден құралған мәтіннен алдына үлкен мәселені қоя отырып, әңгіменің шеберлігін табу – қиын іс, ол актердің өсуіне көмектеседі».

Мысалды дұрыс оқу үшін ең алдымен әңгімені баяндауды үйрену керек. Ондағы жекеленген кейіпкерлердің бейнелерін ойнамай, мысалдағы кейіпкерлер туралы баяндап, қажет болған жерінде көрсетуді қажет етеді. Мысалды қысқа драма деп, кішкене комедия, я болмаса көрініс түрінде деп босқа айтпайды. Драматургиялық бастама диалогтарының, әрбір кейіпкердің маңызды, мәнді айтылатын сөздері мысалға сахналық көркемділік береді.

Комедия — драматургиялық шығарманың түрі. Қоғамдағы келеңсіз, күлкілі әрекеттер мен адамдар бойындағы жағымсыз мінез – қылықтарды әшкерелейтін шығармалар. Оған мысал, скетч, фельетон, сықақ кіреді.

Ән, жыр – өлең сөзден құралған бірнеше шумақтардан және қайырмасынан тұратын өте көнеден келе жатқан лирикалық поэзия түрі. Ән халықтық, батырлық, тарихи, патриоттық, лирикалық т.б болып бөлінеді.

Фельетон – (французша, қазақшасы –жеке парақ) қоғам өміріндегі келеңсіз қылықтар, жағымсыз жайттар мен құбылыстарды сынауды, әжуа-әшкере етуді мақсат тұтқан газет, журнал мақаласы.

Фельетонист - өнерпаздарға көркем сөз шеберлігі болумен бірге артистік қабілетін де шыңдай түскенін қалар едік. Кейде оған тілге тиек болып отырған кейіпкер образына енуге тура келеді. Өйткені ол сынап, сықақтап отырған адам танысы, жақыны әңгіме етіп отырған құбылыс өз ауылындағы қоғам дамуына кереғар жайттар. Мұны кейбіреулер көтере алмайды. Сондықтан да батыл болумен қатар, өнерпаз- фельетонист әділ, шыншыл, турашыл болғаны абзал.

Фельетонист - өнерпаздың негізгі құралы – тіл. Тіл тазалығы, сөз айқындығы ерекше роль атқарады. Фельетон оқу барысын бір өзі бірнеше кейіпкер болып сөйлеуіне тура келеді. Осы кезде әр тұлғаның ісі мен сөзіне қарай мінез- құлқын да аша түсуге тырысқан жөн. Мұндай кезде бет- әлпет қозғалысы, дене қимылы, жүріп – тұру ерекшелігін де дәл тауып, орынды көрсетсе актер ойынына жан бітері хақ.

Памфлет (англ.pamphlet) – әдеби және публицистикалық шығарманың бір түрі, көбінесе саяси құрылымға қарсы шығады. Памфлеттің мақсаты болған құбылысты күлкі арқылы әшкерелеу.

Скетч – екі, анда-санда үш актерге арналып жазылған комедиялық бағыттағы қысқа пьеса. Скетч орындаушыға ең бастысы актерлік қабілет, артистік талабы үлкен, әзіл- қалжыңға, әжуа- сықаққа үйір, қимыл қозғалысы мен іс- әрекетінің өзі езу тартқызатын ынта- ықыласты талап етеді. Скетчке бутафор, декорация көп қажет етілмейді. Сықақ - өмірдегі жағымсыз құбылыстарды, қоғамдағы келеңсіз істерді, адам ісіндегі, әрекетіндегі, бойындағы жағымсыз мінез- құлықтарды, кемшіліктерді сынаудың, әшкерелеудің бір түрі. Сықақшы кесапат- кесірлі қылықтар мен құбылыстардың бетін ашып, әшекерлеу үшін әжуа- әзіл, мысқыл, шымшыма-шаншымаларына шарттандыру әдістерін қолданады. Осыны өнерпаз жете түсінбесе, айтылған сөздің астарын дәл аңғарса, өз тарапынан даусын, дене, бет пішін қозғалысын құбылта отырып, сықақшының әсерлігін, өткірлігін арттыра алады. Демек, сықақшы өнерпаздарға артистік қабілет қажет. Бір орнында тұрып та, әрлі- берлі жүріп те айтар ойды

іс- қимылмен аша түсуге болады.

Пародия – (грек. раrоdіа - керісінше қайталанған өлең) белгілі бір шығарманы немесе оның авторын, әдеби ағымды, тұтас бір жанрды соған еліктей сынап-сықақтайтын әдебиет, театр, музыка және эстрада жанры. Пародия сын объектісіне, мақсатына қарап екі түрлі - юмор-лық, сатиралық болып келеді. Юморлық пародия жеңіл юморлы, достық әуенде болса, сатиралық пародияның үні, үкімі қатал болады. Қазақ әдебиетінде пародия нышандары халық ақындары шығармашылығынан, ақындар айтысынан байқалады. Театрда, циркте және эстрадада пародия міндетті түрде пародияланып отырған затты танытуды көздейді.

Пантомимa – (грек. раnіоtіtоz - еліктеу арқылы немесе дене қимылдарымен ғана енер көрсететін актер) көркем образ мәнері, дене қозғалысы, қимыл мен ым арқылы жасалатын сахналық өнердің бір түрі. Европадағы пантомима өнерінің қайнар көзі Ежелгі Греция мен Рим театрына саяды. Пантомиманың музыка, ән сүйемелімен орындалатын арнайы түрі Ресей, Индонезия, Үндістан және Азияның басқа елдерінде де кеңінен тараған.

Клоунада - цирк жанры. Ол негізінен эксцентрикалык және қуақы кері әрекеттерден туратын клоундык күлдіргі ойындардан құралады. Клоунадалық ойын көрсетудің нeгізі халықтық фарс ойындарына саяды. Сөйлем сөзден құралатын нәрсе болғандықтан сөз ішіндегі буындар, ырғақтар сөзбен бірге түгелімен сөйлемге бітеді. Өлең сөйлемдерінде сөз ырғақтарының үстіне өлең ырғақтары қосылады. Өлең ырғағы жорға жүрісінің тайпалуы, теңселуі сияқты екінші өңді ырғақ болады...» деп Ахмет Байтұрсынов өлең сөздің ырғағына анықтама берген.

Өлең- көркем прозадан және күнделікті қолданбалы сөзден ерекше айырмашылығы бар. Өзіндік мазмұнды жүйеге түзілген арнайы көркемсөздің бір түрі. Мәндік жағынан, құрылымы, орындалу жағынан да қара сөзден өзгеше. Өлең – ырғақты, ашық, дыбысты шығарма. Өлеңнің табиғатын, әуенінің әуезділігін сезінбей, шығарманың идеясы мен мазмұнын жеткізбей, оның оқылу заңдылықтарын меңгермей тыңдарманның жүрегіне автордың айтар ойын жеткізу мүмкін болмайды. Ырғақ- өлең жазудағы ақындық өнердің, негізгі құралы болса, дыбыс үндестігінің арқауы да болып табылады. Өлең оқушының өлеңді оқуы, тебіренуі, сезінуі мен толқуы да ырғаққа байланысты. «...сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын сөзді айтқан кезде сағаттың шық-шық жүрісі сияқты, тамырдың бүлк- бүлк соққаны сияқты дауыстың бір түрлі ырғақ- ырғағы болады. Сағат шық- шық ететінінің, тамыр бүлк- бүлк соққанының қандай бірегей болса, сөз сөйлегендегі дауыс ырғағының арасы да сондай бірдей болады. Сөйтіп дауыс ырғағы сөзді бірдей- бірдей буынға бөледі.



Жоғарыда айтылған жанр түрлерін біріктіріп, бір тұтас жүйеге түретін, режиссердің түпкі ойын – ақ қағаз бетіне түсірілетін эстрада жанрындағы сценарийлік драматургияның спецификасын қарастырған жөн.

Сценарий – (итал. Shenario, лат. Shena сөзінен шыққан) театрландырылған қойылымның композициялық негізі, кейіпкерлер мен персонаждардың сөз әрекеті. Сөз әрекеті монолог немесе диалог формасында жеткізілуі мүмкін. Эстрадалық драматургияның өзіне тән элементтері бар: жергілікті жердің материалы, драматургиялық адымға қосылған; көркем композициялық кұрылымында негізгі кейіпкер – көрермен болып табылады. Көрермен меңзей қараушы ғана емес, ол шығармашылық көзбен қатысушы.

«Сценарлық импровизация» – актер шеберлігі, суырып-салып айту, киім тігу, декорация жасау, грим салу, т.б. элементтер. Сценарий драматургиясына көркем-образдық шешімдер қолданылады әртүрлі жанрдағы материалдардың барлығы біріктіріліп бір ойға бағытталады. Сценарий элементтері: мерекенің тақырыбы, идеясы, яғни түпкі ойы, драматургиялық әрекеттер, көркем образдық бейне, жанр, қақтығыс, сюжет, сахналық көңіл-күй, мерекедегі шығармашылық әдістер, театрализациялау, иллюстрациялау әдістері. Өмір деректеріне драматургиялық талдау жасау – бұқаралық мерекенің идеялық, эмоционалдық әсер ету құралдары.

Сценарий композициясының құрылымы басты тақырып, идеясына байланысты. Сценарийдің құрылымы: экспозиция – оқиғаның басталуы; оқиғаның шиеленісуі; оқиғаның өрбуі; шарықтау шегі; шешімі. Оқиғалардың легі – басталуы, орта оқиға, басты оқиға.



Композиция – (лат. compositio - құрастыру) көркем шығарманың құрылысы. Түгел мағынасын кұрастыру, киыстыру, жеке бөлшектерді бірлестіріп тұтастыру деген мағынаны білдіреді. Композиция элементтері бірлікке ұштастырылған, бip-біріне және жалпы мүддеге бағындырылған максатты көркем құрылым. Пластикалық өнерде композиция көркем формада түзілгенімен жеке caтиралық нөмерлерді біріктіріп тұрады. Композиция артистері өнерді өзіндік ерекшеліктеріне, шығарманың идеясына, авторлық ой-түйінге сәйкес туындайды.

Әдебиеттер

  1. Ә. Рахимов Режиссер шеберлігі пьесадан қойылымға дейін,

Алматы «Тарих тағлымы» – 2010 ж.

  1. И. Шароев Режиссура эстрады и массовых представлений,

Москва «Просвещение» – 1986 г.

  1. В. Яхонтов Театр одного актера, Москва «Искусство» – 1958 г.

  2. Г. Артоболевский Художественное чтение, москва «Просвещение» – 1978 г.



Резюме
В данной статье говорится об особенности эстрадной шоу праграммы, а также о специфике сценарного мастерства. Рассматриваются элементы эстрадной шоу-программы.
Summary

This article refers to the characteristics of a variety show program, as well as the specifics of screenplay. We consider the elements of variety shows.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу