Ес Ес туралы түсінік. Ес теориялары. Естің түрлері. Ес процесстері. Естің дара ерекшеліктері. Ес туралы түсінік



бет2/3
Дата07.09.2023
өлшемі24,63 Kb.
#180434
1   2   3
Байланысты:
ес зейін
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Естің түрлері.
Естің түрлері үш негізгі белгіге байланысты бөлінеді:
1.Психикалық белсенділікке қарай 4-ке бөлінеді: 1)қозғалыс есі 2)сезімдік 3)бейнелік ес 4)сөз логикалық
2.Мақсатқа қарай 2ге бөлінеді: ырықты және ырықсыз.
3.Материалды есте сақтау қзақтығына қарай 3-ке бөлінеді: 1)қысқа мерзімді ес 2)ұзақ мерзімді ес 3)оперативті ес.
I. Психикалық белсенділікке қарай.
а)Қозғалыс есі деп – еңбек әрекетіне байланысты қимыл-қозғалыстарды есте қалдырып оны қайта жаңғырту.
б)Сезімдік ес – бұл адамның басынан өткізген сезімдерін есте қалдыру.
в)Бейнелі ес - заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің нақты бейнесін есте қалдырып және қайта жаңғырту.
г)Сөз логикалық ес - бұл адамның ойыныңтүрлі формаларын есте қалдыруды айтамыз.
II. Мақсатқа байланысты.
Ырықты ес – түрлі мәліметтерді есте сақтауға саналы мақсаттың қойылуы. 
Ырықсыз ес – адамның мақсат қоймай материалды есте сақтауы.
III. Материалдық есте сақтау.
Қысқа мерзімді материалы қысқа сақтау.
Оперативті - өзімізге керекті материалдарды дер кезінде еске түсіру, есте сақтау және қайта жаңғыртуды айтамыз.
3. Ес процесстері.
1.Есте қалдыру.
2.Қайта жаңғырту.
3.Есте сақтау.
4.Ұмыту. 
1)Есте қалдыру –бұл мәліметті белсене қайта өңдеу, жүйелеу, жалпылау және оны геру процесстері. Есте қалдырудың түрлері :
1.Қысқа мерзімді есте қалдыру.
2.Ұзақ мерзімді есте қалдыру.
3.Оперативтік есте қалдыру.
4.Ырықты есте қалдыру.
5.Ырықсыз есте қалдыру.
Жатау - ырықты есте қалдырудағы ең негізгі тәсілдердің бірі болып табылады. Жаттаудың белсенді болуы уақытқа байланысты. 
6.Логикалық есте қалдыру.
7.Механикалық есте қалдыруда заттар мен құбылыстардың мазмұны есте сақталмай, олардың ерекшеліктері мен формалары есте сақталады. 
Логикалық есте қалдыруда – қабылдаған нәрселердің мазмұны есте сақталады. Логикалық есте қалдырудың тәсілдері:
1.Есте сақтауға тиісті материалдың жоспарын құрастыру.
2.Салыстыру. 
3.Материалды топтастыру және жіктеу.
4.Есте қалдыру мен қайта жаңғыртуды алмастырып отыру.
5.Бейнелі байланыстарға сүйену.
6.Есте қалдыруда өзін-өзі бақылау.
7.Мағыналы байланысты орнату.
2.Қайта жаңғырту – бұрын қабылдаған заттармен құбылыстарды өзімізге керек болған кезде есімізге түсіруді айтамыз. Мұндағы негізгі процесс – елес. Елес – бұл бұрынғы қабылдауларды қайта өңдеу. Қайта жаңғыртудың бір көрінісі – тану. Тану – бұрын қабылдаған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс. Тану 2-ге бөлінеді: 1)Толық. 2)Толықсыз. 
Қайта жаңғыртудың біртүрі – еске түсіру. Еске түсіру – белгілі қиындықтарды жеңумен байланысты ерік күшін жұмсауды талап ететін санасы қайта жаңғыртуды айтады. Қайта жаңғырту 2-ге бөлінеді:1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
3.Есте сақтау – бұл алынған нәрселерді есте ұстауға бағытталған есте ұстаудың алғы шарты болатын процесс. Ол 2-ге бөлінеді: 1)Ырықты. 2)Ырықсыз. 
4. Ұмыту – бұрын қабылдаған нәрселерді керек кезінде еске түсіре алмау және қайта жаңғырта алмау процессі. Ұмытудың себептері:
1)Жағымсыз индукцияның әсері.
2)Проактивтік тежелу.
3)Ременисцения – кешіктіріліп еске түсіру.
4)Шектен тыс тежелу.
Ұмытудың тағы бір ерекшелігі – амнезия.
5.Естің өзіндік ерекшеліктері бар:
Адам ерекшелігіне байланысты. Олар есте қалдырудың жылдамдығымен, дәлдігімен, біріктілігімен және қайта жаңғыртуға дайындығымен сипатталады. Адамда 2 процесс бар: 1.Есте қалдыру – тез тез, баяу баяу. 2.Ұмыту – баяу тез, баяу тез. 
Зейін
1. Зейін туралы түсінік.
2. Зейіннің физиологиялық негізі.
3. Зейіннің түрлері. 
4. Зейіннің қасиеттері.
Зейін дегеніміз – адам санасының белгілі бір объектіге бағытталған және шоғырлануын айтамыз. Сананың бағытталуы деп – белгілі объектіні таңдап алуды айтамыз. Сананың шоғырлануы деп – объектіге қатысы жоқтың бәріне көңіл аудармауды айтамыз. Зейінді анықтайтын факторлар 2 топқа бөлінеді: 
1)Адамға әсер ететін сыртқы тітіркендіргіштердің құрылымын анықтайды. 
2)Жеке субъектінің іс-әрекетіне байланысты 1-ші топқа жататындар: а)тітіркендіргіштердің күші. б)тітіркендіргіштердің жаңалығы. 2-ші топқа жататындар: Жеке адамның қажеттіліктері, қызығуы, бағыт-бағдары. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет