..........
Сол бір кештен кейін Қамар біздің үйге жиі-жиі қонаққа
келетін болды. Ақжарқын, көңіліндегісін бүкпесіз айтатын
шыншыл қыз, әйтеуір әйеліммен тез тіл табысты. Сенбі-
жексенбі күндері екеуі дүкен-базарға бірге барады,
балаларды ертіп анда-мұнда қыдыртады. Ол кезде қытайша
тілашарды бастап кеткенмен сөздік қорымыз жұтаңдау
болатын. Білмегенімізді содан сұраймыз, ол біздің шатып-
бұтқан қытайшамызды түзетіп, тілұстартуға көмектеседі, біз
оның қолау болған құнандай кібіртіктеген қазақшасына
болысамыз. Бас ауырып, балтыр сыздай қалса Қамарға
қоңырау шаламыз, ауруханаға ертіп барады. Біз сабаққа
кеткен кездері балаларға қарасып, жәрдемдеседі. Әйтеуір
бөтен
елдің
тіршілігіне
бейімделіп
кеткенше
қолғанатымызға айналып, қолтығымыздан демеді.
Бір күні түске салым екі ұлдың бірін алдыға бірін артқа
мінгестіріп белесебедпен саябақтағы балалар алаңқайына
қарай ұрып бара жатқанмын. Естиярлау Толағай танып
қойды.
-Әке, Қамар әкпені қараңыз….
-Қайда?
-Әне,бір ағамен кетіп бара жатыр…Ұлымның нұсқаған
жағына қарасам, расымен де Қамар көшенің арғы басынан,
бері қарай беттеп келеді екен. Қасында бір жігіт бар, қол
ұстасып алған. Бағдаршамға келіп, тоқтап тұрған ығы-жығы
адамның ішінен бізді байқамады. Қасындағының түрі
қазаққа ұқсамайды, екеуі әлденені сөз еткен күйі тоқтамастан
өте шықты. Соңдарынан қарап, состиып тұрып қалыппын,
ұлым «әке, жүрмейміз бе жасыл жанды» дегенде ғана темір
атымды тебіндім.
Қамар әдеттегідей аптасына бір-екі мәрте үйге келіп-кетіп
жүрді. Өзі балажан. Бізден көрі Толағай мен Тарланға жақын,
тілі шықпаған кішкентайды жұлмалап ойнайды, үлкеніне
қытайша сөз жаттатқызады. Құр келмейді, біздің
қарсылығымызға қарамай қалтасына тәтті-мәттісін сала
келеді. Екеуіне сыйлық қылып үлестіреді. Бір-екі рет
Толағайға тақпақ айтқызып, оны ұялы телефонның
бейнекамерасына түсіріп жатқанын байқағанмын, оны не
қылмақ деп сұрағанымда Толағайдың өлеңдерін өзі де
жаттап жүр екен деді әйелім.
-Рас айтасың ба?деп анықтап сұрадым.
-Өтірік сөйлеп не жаныма зор келіпті, екеуі күнде тақпақ
айтудан жарысып жүр емес пе?
-Олай болса, мен оған көрсетейін тақпақтың көкесін…
-Нені көрсетесің?
Әйелімнің бұл сұрағы жауапсыз қалды, айтып қойсам
жоспар орындалмай қалатындай, -оны қайтесің дедім де кете
бардым, ол да тықақтап қазбаламады. Сол күннен бастап
Толағайға
жаңа
өлеңдер
үйрете
бастадым.
Сұлтанмахмұттың, Қасым Аманжолдың, Қадыр,Жұбан
ақынның отты жырларын бірер аптада игеріп алдық. Бір күні
сабақтан келсем, әйелім үндеме дегендей сұқ саусағымен
ернін басып белгі берді. Мысықтабандап, барып
байқастасам, Қамар мен Толағай тақпақтың додасына түсіп
кетіпті. Кезек-кезек салым салған көкпаршыдай, бір-бірінен
қалысар емес. Бірі тоқтаса, екіншісі бастап кетеді.
«
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз,
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз
» деп Толағай былдырлады, артынша
соны қаз-қалпында Қамар қайталап шықты. Іле-шала
Толағай келесіге өтті.
«
Ана тілің арың бұл,
Ұятың болып тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!!!
»
Қамар да мүдірмей айтты. Тілі аздап күрмеледі, дегенмен
бастапқыдай емес, бізбен араласқалы қазақшасы да тәуірлене
бастаған секілді.
-Екі сақаудың жарысын-ай дедім, ту сыртымнан тақалған
әйеліме сыбырлап.
-Қой, естісе ұят болар деп, ол бүйірімнен шымшып алды.
Оның бұл еркелігі шабытыма шоқ тастады ма білмеймін,
ендігіде мен оталып кетіп, ортаға атып шықтым.
«
Ей тәкаппар дүние,
Маған да бір қарашы.
Танимысың сен мені
Мен қазақтың баласы
» деп, айқайлай басып, кіріп бардым.
Сахнадағы театр актерлерінше жүгіріп шыққан мені олар
бастапқыда тосырқай қарсы алды. Артынша мың құбылтқан
даусым «мен қазақтың баласы» дегенде кеудемді «дүңк»
еткізіп қойып қалған қылығыма Толағай тырқылдап тұрып
күлді. Қамар да разы. Тек осынау «поэзия кешінің» жалғыз
көрермені бір жарым жастағы Тарлан ғана дымға түсінбей,
әркімге бір жалтақтап қарайды.
-Аға, бұл кімнің өлеңі?деп сұрады Қамар таңырқаған
Тарланды мейірлене құшағына қысып жатып….
-Қазақта Қасым деген ақын өткен. Сол кісінің өлмес
туындысы, ал әлгінде айтқандарыңның бірі Қадыр
Мырзаәлінікі, бірі Сұлтанмахмұттікі дей салдым елеусіздеу
қылып.
-Сұлтанмахмұт?…деп бір сәтке әлденені айтпақ болып
тұрды бөгеліп қалды.
-Иә, иә дедім, оның не себептен ойланғанын түсініп. «Қамар
сұлуды» жазған сол адам. Оқып па едің?
-Кітабы қолыма түспедім, әкем жатқа айтатын, сол кісіден
естігенмін. Менің атымды да соған ұқсатып қойған.
— Сұрапыл ақын болған. Небәрі жиырма жеті жасында
дүние салды. Бірақ небір отты жырлар жазыпты жарықтық.
-Қытайлық Cю Джимо секілді болып тұр ғой. Олда отыз төрт
жыл жасаған. Бірақ жүз жыл өмір сүрген жазушылардан
атақты.
- Cю Джимоның шығармашылығымен ептеп таныспын, бірақ
оның қытай қоғамындағы орынын салмақтап көрмеппін. Ал
Сұлтанмахмұт қазақтың санасында сілкініс жасаған адам.
Өлеңдерін бей-жай оқу мүмкін емес. Әлгі «Алаш туы
астында, күн сөнгенше сөнбейміз,Енді алашты ешкімнің,
қорлығына бермейміз» деген бір шумақ өлеңінің өзі неге
тұрады. Бұл жәй өлең емес, өлеңмен айтылған серт қой.
Ақын, халық алдында ант етіп тұр емес пе?! Бүгінгілер
қолданысқа енгізген «Мәңгілік ел» идеясын сол заманда
Сұлтанмахмұттар, Алашорда қайраткерлері айтып кеткен
екен-ау!!!
-Аға!!!Алашорда деген не? Сіз, кейде маған түсініксіз
нәрселерді
айтасыз,
сұрауға
ыңғайсызданамын
да
білместігімді білдірмей бас изеп отыра берем.
-Ә, солай ма еді,онда тыңда деп, Алашорда көсемдері туралы
әңгімеледім. Қызыға тыңдады. Менің әрбір жерден жұлып-
шалып айтқандарым рухани тәбетін ашып жіберген болу
керек, тоймай қалған сықылды көрінді. Компютерді қосып
жіберіп, ғаламтордан Әлихан, Ахмет, Міржақыптардың
суреттерін көрсетіп, қазаққа қатысты айтқан сөздерін оқып
бердім. Ахметтің Шыңжаң жақта кең қолданылатын төте
жазудың авторы екенін естігенде көзі жайнап сала берді.
Міржақыптың «Оян қазағын» дауыстап оқығанымда
ойланып қалды. Артынан олардың аянышты тағдырын сөз
еткенде, көзі жасаурап кетті. Сол күні үйіне кетер-кеткенше
осынау күйден арыла алмады.
Бұл күнгі әңгіме Қамарға ғана емес мағанда ой салған еді.
Ішкі жоспарды іске асырудың бір тетігін осы әңгімеден
таптым. Ендігіде Қамар үйге келе қалса бұрынғыдай майда-
шүйде тақырыптарды езгілемей, қазақтың тарихы, қилы
тағдыры, аз ұлттардың ассимиляцияға ұшырауы, қазақтан
шыққан күрескер тұлғалар жайлы сөйлесетін болдық. Көбіне
үнсіз тыңдайды. Дегенмен естігенін құлағына құйып
жатқанын сеземін, сеземін де ғаламторды кеземін.
Студенттерге арнап дәріс оқитын ұстаздай Қамармен
болатын кездесуге тыңғылықты дайындаламын. Кешегі мен
бүгінгі ақыл-ой алыптарының айтқан өнегелі, өсиет сөздерін,
түрлі қызықты мәліметтерді тауып алып дастархан басында
бәрін оқып-түгесіп қойған адамдай «қақсап» отыратынды
шығардым. Менің бұлайша аяқ асты «данышпан» болып
кеткенімді әйелім аздап түсініңкіремей жүрді. Ал мен
Қамардың өмірінде өзгеріс, ішкі әлемінде үлкен соғыс жүріп
жатқанын
білемін.
Бірақ
ол
білетінімді
ешкімге
білдірмеймін.
Бір күні аралас неке туралы сөз қозғадым. Ол тақырыпқа
әбден
дайындалған
болатынмын,
ғылыми
тұрғыда
бұрыстығын дәлелдеп, әбден иін қандырып, жүндей түтіп
болған соң, қазақтың қан тазалығы жайлы, өмірде болған ұлы
аналар туралы айттым. Тұмар ханшайымның ерлігі, Домалақ
ененің көрегендігі жайлы естімеген екен, аузы ашылып
құмарлана тыңдады. Көзілдірігін бір киіп, бір шешіп әбігерге
түсті. Шамасы аралас неке туралы дәріс нысанаға дөп тиген
болу керек, сол күні қонаға келген болатын, аяқ асты кетуім
керек деп апыл-ғұпыл жиналып шығып кетті. Көңілсіздеу
кетті. Бірақ содан кейін үйге келуді сиретті.
Достарыңызбен бөлісу: |