Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, браконьерлік, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту



бет7/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, браконьерлік, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту


Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар мен жас балаларға жыныстық қол сұғушылыққа қарсы қылмыстар үшін, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына және браконьерлікке байланысты қылмыстар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша кешенді шаралар әзірлеуде.

ІІМ қылмыстық заңнамасын жаңғырту шеңберінде Қылмыстық кодекске мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

- ҚР ҚК-ның 120, 121, 122 және 124-баптары бойынша жас балаларға қатысты қылмыс жасағаны үшін жаза мерзімдерін қатаңдату;

- дәлелдемелерді бұрмалағаны және кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасырғаны үшін жауапкершілікті күшейту;

- психикалық жай-күйіне қарамастан, жас балалардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасаған барлық адамдарға қатысты химиялық кастрация рәсімін қолдану.

Бұған қоса, ҚР «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне құқық бұзушылыққа бейім психикалық ауытқулары бар адамдарды міндетті геномдық тіркеу туралы норма енгізу ұсынылды.

ҚР Бас прокуратурасының ҚСжАЕК-ның 1-ші есебінің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылы кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғушылығына қарсы қылмыстар 6,8% - ға артты (676-дан 722-ге дейін).

Үстіміздегі жылы ҚК-ның 120-бабы «Зорлау» бойынша қылмыстардың саны 51,9%-ға (77-ден 117-ге дейін), ҚК-ның 121-бабы «жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бойынша 36,8%-ға (76-ден 104-ке дейін) өсті.

Ағымдағы жылдың 8 айында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 597 қылмыс жасалды (2018 жылдың ұқсас кезеңінде – 437, +36,6%).

2018 жылдың 12 айында 919 тұрмыстық қылмыс жасалды (2017ж. – 445,+106,5%).

Ішкі істер министрлігі браконьерлікке қарсы күрес шеңберінде атыс немесе басқа да аңшылық қаруды, иттерді, аңшы құстарды, атпен, ат арба көлігін пайдалана отырып заңсыз аң аулағаны үшін жауапкершілікті, сондай-ақ міндетті түрде мүлікті тәркілеу туралы қосымша жаза түрін енгізе отырып, Қылмыстық кодекстің 337-бабын толықтыру туралы ұсыныстар енгізді.

Одан басқа, республиканың су бассейндерінде биоресурстарды заңсыз табудың жолын кесу, Қазақстаннның экологиясын, оның ішінде құнды тұқымдас балық түрлерін сақтап қалу мақсатында Қылмыстық кодекстің 335-бабы «Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау» бойынша қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылуда.

Соңғы 2 жылда және ағымдағы жылғы 8 айда ішкі істер органдары республика бойынша 37 615 табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтар анықтады (2017 жылы - 14815, 2018 – 14734, а.ж. 8 айда. - 8066).

СДТБТ-ге 4438 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның ішінде заңсыз балық аулау фактілері бойынша (ҚК-нің 335-бабы) – 564, заңсыз аң аулау фактілері бойынша (ҚК-нің 337-бабы) – 320, жануарлар және өсімдіктер түрлерінің заңсыз айналымы фактілері бойынша (ҚК-нің 339-бабы) – 635, ағаштарды және бұталарды заңсыз кесу фактілері бойынша (ҚК-нің 340-бабы) – 2620.

3513 қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, 1575 іс сотқа жолданды.

Биологиялық ресурстарды және объектілерін ұрлау (ҚК-нің 188-бабы), сатып алу немесе сату (ҚК-нің 196-бабы) СДТБТ-ге 255 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 108-і сотқа жолданды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 382, 383 және 386-баптары бойынша 33177 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды (2017ж. – 12871, 2018ж. – 13205, 2019 жылғы 8 айда - 7101).

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі күрес


- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру

Осы мәселе бойынша Парламент депутаттары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру бөлігінде түзетулерді көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастама жасады.

Қазіргі уақытта Мәжіліс тиісті заң жобасын екі оқылымда қабылдады және Сенаттың қарауында.


  • Бірінші басшылардың тәртіптік жауапкершілігі

Мемлекет Басшысының 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы: табыстар мен өмір сүру сапасын арттыру» Жолдауында мемлекеттік органдарға бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаған кезде бірінші басшылардың дербес тәртіптік жауапкершілігін арттыру мәселесін пысықтау тапсырылды.

Осы мәселе бойынша Парламент депутаттары басшылық лауазымындағы мемлекеттік қызметшілердің бағынышты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін тәртіптік жауапкершілігін көздейтін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына бастама жасады.

Қазіргі уақытта заң жобасы Сенаттың қарауында.


  • Бірінші басшылардың орнынан түсуі

Мемлекет басшысының қатысуымен өткен кеңестің ағымдағы жылғы 20 мамырдағы №19-01-7.14 хаттамасының 12-тармағына сәйкес Агенттікке бірқатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар бойынша шоғырландырылған шешімдер, оның ішінде бағынысты адамдар сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының орнынан түсу институтын іске асыру тетіктерін әзірлеу тапсырылды (12.1-тармақ).

Атап айтқанда, бірінші басшылар сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін тікелей бағынышты адамға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін отставкаға кету немесе ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылуы туралы өтініш беруге міндетті.

2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлықпен бекітілген Президенттің сайлау алдындағы бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес МҚІА «бағыныштылардың сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін мемлекеттік саяси қызметшілердің дербес жауапкершілігін заңнамалық бекіту» 15-тармағы бойынша жауапты орган болып табылады.

Қазіргі уақытта МҚІА «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын мемлекеттік органдарға келісуге жіберді, онда ОМО бірінші басшыларының және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдерінің орнынан түсуін енгізу бойынша түзетулер көзделген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет