Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп


Митингілер туралы заңнаманы жетілдіру



бет4/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Митингілер туралы заңнаманы жетілдіру


Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес бейбіт митингілер ұйымдастыруды рұқсат етуді қарастыратын ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

Заңнамалық өзгерістер митингілерді өткізуге рұқсат алу рәсімдерін оңайлатуды, митингілер өткізетін орындарды айқындау, сонымен қатар митингілер өткізу тәртібін бұзған тұлғалардың жауапкершілігін бекітудеі көздейтін болады.

Қазірде Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі халықаралық тәжірибені зерделеуде.

Халықаралық тәжірибе 2 тетік – рұқсаттамалық тәртіп және хабараламалық тәртіп – бар екендігін көрсетеді.

Халықаралық тәжірибе негізінде Қазақстан Республикасында минингілер өткізу рәсімдерін оңайлатудың тетіктері ұсынылатын болады.

  1. Қоғамдық келісім


Қоғамдық келісімді сақтау және көпұлтты қоғамның барлық ұлт топтарының дамуына мүмкіндік жасау - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдығы болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстанда жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде.

Ресми статистикаға сәйкес 2019 жылдың басында Қазақстан халқы 18 миллион 395,5 мың адамды құрайды.

Халықтың этникалық құрамы келесідей қалыптасты: 12 миллион 505,2 мың қазақ, бұл жалпы халықтың 67,98%-ын құрайды, 3 млн 553,2 мың орыс немесе халықтың 19,32%-ы.



Басқа этникалық топтардың саны жалпы 2 миллион 337 мыңнан астам адам немесе халықтың 12,7%-ын құрайды («Халықтардың этникалық құрамы» 1-қосымшада). Бұл ақпарат 1-диаграммада айқын көрсетіледі.
1-диаграмма. 2019 жылдың басындағы халықтың этникалық құрылымы

Қазақтар мен орыстардан кейінгі ең көп этникалық топты өзбектер құрайды, олардың саны қазіргі таңда 590,9 мың адамға жетті, яғни жалпы халықтың 3,2%-ын құрайды.

Украиндар мен ұйғырлардың саны тең пропорцияда қалыптасты – 270 916 және 270 096 адам, атап айтқанда әрқайсысы 1,47%-дан құрады.

Татарлардың саны 201 492 адамға жуық немесе 1,10%-ды құрады, немістер - 178 029 адам (0,97%), түріктер - 112 107 адам (0,61%), әзербайжандар - 110 341 адам (0,60%), корейлер - 108 396 адам (0,59%).

Халқының Қазақстандағы саны 100 мыңға жетпейтін: дүнгендер - 72,361 адам (0,39%), белорустар - 54,690 адам (0,30%), тәжіктер - 48 749 адам (0,27%), күрдтер - 46 348 адам (0, 25%), шешендер - 33 318 адам (0,18%), поляктар - 30 456 адам (0,17%), башқұрттар - 16 732 адам (0,25%), басқалары - 192060 адам (1,04%).


2-диаграмма. Халықытың құрылымындағы басқа этностардың өкілдігі


Осылайша, Қазақстанда этникалық топтар қауымдастығының ерекше бейнесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына бірінші жолдауында «Ел бірлігі – оның әралуандығында» деген ұстанымды білдірді.

Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделінің негізгі басмыдықтары Қазақстан Республикасы Конституциясының және Қазақстан халқы Ассамблеясыныңережелерінде белгіленген.

Конституция негізінде этносаралық қатынастар саласындағы бірқатар маңызды стратегиялық құжаттар: Ұлттық бірлік доктринасы, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасы қабылданып, іске қосылды.

Конституцияның нормалары азаматтардың этникалық тегіне қарамастан тең құқықтарды қамтамасыз етеді, қазақстандықтарды кез келген кемсіту түрлерінен қорғауға бағытталған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өз кезегінде барлық этностардың мүдделерін қорғайды, конституциялық мәртебеге ие, сондай-ақ, әлеуметтік, экономикалық және саяси салаларда конституциялық қағидалардың тиімділігін қамтамасыз етеді.

Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) 1995 жылы құрылды. Бұл жоғары билік деңгейінде барлық этностардың мүдделерін қорғаудың негізгі институты. ҚХА төрағасы ретінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болып табылады.

ҚХА туралы ережелер Конституцияда қарастырылған. ҚХА өзінің 9 өкілін сайлауға және оларды Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жіберуге құқылы.

ҚХА қайырымдылық, медиация, әлеуметтік қолдау және қоғамдық бақылау процестерін үйлестіру кезінде азаматтарға қолдау көрсетіп, орасан зор бедел мен сенімге ие болды.

2018 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тұжырымдамасына түзетулер қабылданды. Олар азаматтардың аудандық деңгейлерде басқаруға қатысуын арттыруға, белсенді этникалық топтардың мәртебесін көтеруге, сондай-ақ ҚХА институттарының жергілікті деңдгейдегі медиация мен қайырымдылық процестеріндегі өкілеттіктерін нақтылауға бағытталған.

«Ассамблеяның этномәдени бірлестігі» түсінігі және «ҚХА-ның жанындағы этномәдени бірлестіктерді қоғамдық аккредиттеу туралы» нормалар енгізілді. Бұндай өзгерістер ҚХА-ның құқықтық саласын кеңейтті, ҚХА институты арқылы халықтың мүдделерін еркін білдіру үшін мүмкіндіктер терезесін ашты.

Заң ҚХА-ның қайырымдылық пен медиация саласындағы басымдықтарын айқындады, бұл аталған мәселелерді шешуде аймақтық тәжірибені реттеді және көрсетілген салалардағы заңнаманы тереңірек пысықтау үшін ынталандыру болды. ҚХА-ның атқарушы органы және оның мемлекеттік органдармен және басқа құрылымдармен өзара әрекеттесу тәртібі нақтыланды.

Этникалық топтардың өз өкілдерін ҚХА-ны басқарудың жоғарғы деңгейіне жолдау үшін мүмкіндіктері кеңейтілді.

Осылайша ҚХА-ның қоғамдық келісім мен ұлттық бірлік моделін жүзеге асырудағы рөлі артты.

Осы саясаттың арқасында бүкіл елде түрлі этностардың мәдениеті мен тілдерінің дамуына қолайлы жағдайлар жасалды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 1000-ға жуық этномәдени орталықтар бар. 308 жексенбілік мектептер жұмыс атқарады, онда 30-дан астам этникалық топтардың өкілдері (неміс, корей, татар, поляк, украин, армян, грек, әзербайжан, шешен, ингуш, белорус, чуваш, болгар, башқұрт, тәжік, чех және т.б.) оқиды.

Алматы қаласында ТМД аумағындағы жалғыз Республикалық мемлекеттік Корей музыкалық комедия театры бар. Бұл жерде ТМД-дағы жалғыз Қ.Қожамьяров атындағы Ұйғыр музыкалық комедия драма театры жұмыс істейді.

Көптеген жылдар бойы Мемлекеттік республикалық Неміс драма театры (Алматы қ.) және Өзбек драма театры (Сайрам қ., Түркістан облысы) өнер көрсетуде.

Бүгінгі таңда Қазақстанда этникалық топтардың 13 тілінде 53ұлттық баспа басылымы тіркелді («Украински новини», «Дойче альгемайне цайтунг», «Коре ильбо»,, «Ұйғыр авази», «Ватан», «Ақ Барс», «Ahiska-Ахыска»).

Телеарналар арқылы ұйғыр, корей, неміс тілдерінде хабар таратылады.



Сонымен қатар ҚХА құрылымында облыстық деңгейде 40 достық үйі, 3114 қоғамдық келісім кеңестері, 1753 аналар кеңесі үйлесімді жұмыс істеуде (3-ші диаграмма).

Диаграмма 3. ҚХА құрылымы


Өңірлерде ҚХА-ның кәсіби медиаторлардың штаттық кеңселері бар медиация орталықтары мен кабинеттері қызмет атқарады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 84-тен астам медиация орталығы және 2000-нан астам медиатор бар. Олардың жұмысы ҚХА-ның Қоғамдық келісім кеңестерімен, аналар, ақсақалдар кеңестерімен тығыз байланыста жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті болдырмау мақсатында ҚХА инфрақұрылымы 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 30 мыңнан астам адам қабылдады.

Осылайша Қазақстанның біртұтас шаңырағында көп ұлтты және көп дінді қоғамның барлық өкілдерінің мүдделері мен бейбітшілік пен келісім атмосферасын дамыту үшін жағдайлардың сақталуы үнемі түрде қамтамасыз етіледі.


Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылға дейінгі азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасыбекітілетін болады.

Тұжырымдама үкіметтік емес ұйымдардың рөлін күшейту, пікірлердің көп партиялылығы мен плюрализмін және саяси бәсекелестікті дамыту, орталық және жергілікті атқарушы органдардың халықтың өзекті проблемаларын шешуде азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды көздейді.

Мемлекеттік міндеттерді шешуде ҮЕҰ рөлін күшейту және орталық және жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылын жетілдіру халықтың өзекті проблемаларын шешуде мынадай тетіктер түрінде ұсынылады:

1) Волонтерлік қозғалысты қолдау бағдарламаларын кеңейту арқылы позитивті азаматтық белсенділікті дамыту; еріктілерді оқыту жүйесін құру; салалық еріктілікті дамыту үшін еріктілерді қолдаудың өңірлік орталықтарын құру; әлеуметтік және экономикалық шаралар қабылдау арқылы еріктілер қозғалысы мен қайырымдылықты ынталандыру; еріктілер мен халық арасында қайырымдылық мәдениетін танымал ету; азаматтардың әлеуметтік бастамаларда өзін-өзі жүзеге асыруы үшін мүмкіндіктерді кеңейту; азаматтық бастамаларды қолдау үшін жергілікті қайырымдылық қорларын дамыту. волонтерлік қызмет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

2) Жауапты азаматтың құндылықтарын ілгерілету және «ұқыпты ұлт» мәдениетін қалыптастыру азаматтық құндылықтартуралы ағарту және өз елді мекені мен елінің өміріне қатысу әдетін қалыптастыру мақсатында үкіметтік емес сектордың әр түрлі деңгейдегі білім беру мекемелерімен жұмысы; жауапты тұтыну, дұрыс тамақтану, дене шынықтырумен айналысу әдеттерін қалыптастыру; құқықтық, қаржылық және экологиялық сауаттылыққа бағдарлай отырып, жергілікті қоғамдастықтардың мүдделері мен деңгейін ескере отырып, ересек тұрғындар үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу. Халықпен коммуникацияның қазіргі заманғы арналары арқылы;

3) Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуда ҮЕҰ, жергілікті қоғамдастықтардың қызметін жандандыру және азаматтық қоғам институттарының жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысуын кеңейту арқылы олардың қызметіне халықты тарту; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоғамдық қатысу тетіктеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру; ауылдық/қалалық аумақтарды инклюзивті жоспарлауды енгізу үшін жергілікті қоғамдастықтың қажеттіліктерін анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу; жергілікті қоғамдастық проблемаларын шешуге нысаналы топтарды тарту; жергілікті өзін-өзі; жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың оң тәжірибесін тарату; қаржыландырудың жаңа көздерін іздеу мен дамытуға жергілікті қоғамдастықтарды бағдарлау; өмір сапасының жоғары стандарттарын ілгерілетудегі ҮЕҰ, жергілікті қоғамдастықтардың қызметін жандандыру; жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті қоғамдастықтардың оң имиджін қалыптастыру және халықты олардың қызметіне тарту.

4) Халықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша, оның ішінде адамның құқықтары мен бостандықтарына қатысты заңнамалық актілер бойынша міндетті қоғамдық тыңдауларды ұйымдастыру тетіктерін дамыту арқылы Тараптардың жария диалогын дамыту; елдің қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешуде мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, азаматтық қоғам ұйымдарының тиімді әріптестігін қамтамасыз ететін әлеуметтік технологиялардың модельдерін жасау және оларды енгізу; халықты толғандыратын өзекті мәселелер бойынша қоғамдық; мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуын қоғамдық бақылау жүйесін енгізу; қоғамдық аудит жүйесін, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру бойынша қоғамдық тыңдауларды дамыту.

5) Азаматтар бастамашылық жасаған коммерциялық емес ұйымдарды құру рәсімдерін оңайлату арқылы үкіметтік емес сектордың тұрақтылығын арттыру; мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және гранттық қаржыландыруды кешенді қайта жүктеу жөніндегі шаралар пакетін әзірлеу; мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру; ҮЕҰ-дың институционалдық және ұйымдық дамуын қаржыландыру жүйесін дамыту; ҮЕҰ-ны әртүрлі бағыттар бойынша сындарлы азаматтық белсенділікпен біріктіретін ірі желілік ұйымдардың рөлін арттыру; Ұлттық шоттар жүйесінде ҮЕҰ қызметін есепке алу арқылы ҮЕҰ-дың ЖІӨ-ге экономикалық үлесін есепке алудың нормативтік-құқықтық базасын құру; жұртшылықты және сараптамалық қоғамдастықты тарта отырып, Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама енгізу; ҮЕҰ қаржыландыру көздерін әртараптандыру; әлеуметтік ҮЕҰ үшін шағын несиелер, ҮЕҰ старт-ап жобаларын қолдау үшін инновациялық гранттар бөлуді қоса алғанда, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру шараларын енгізу; азаматтық қоғам институттарын; мемлекеттік органдар үшін үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік функцияларын жүзеге асыру; медиация институтын жетілдіру.

Көп партиялықты және пікірлердің плюрализмін, саяси бәсекелестікті дамыту мақсатында Ұлттық кеңес қызметінің шеңберінде әзірленген ұсыныстар мен ұсынымдарға негізделген саяси партиялар мен сайлау туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде шаралар қабылданатын болады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет