Есэдо го (версия 23. 0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп



бет1/18
Дата27.02.2020
өлшемі3,04 Mb.
#58698
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


26.09.2019 ЕСЭДО ГО (версия 7.23.0) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.

02.10.2019 ЕСЭДО ГО (версия 7.18.4) Копия электронного документа. Положительный результат проверки ЭЦП.



№ исх: 2-3-7/И-5236 от: 27.09.2019


Қазақстан Республикасы Перзиденті Қ.К.Тоқаевтың

«Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы

мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына

Жолдауын ілгерлету жөніндегі

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАРЫ

МАЗМҰНЫ


І. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ 4

1.«Қуатты Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін үкімет» - тұрақты мемлекеттің формуласы. 4

2.«Еститін мемлекет» тұжырымдамасы 4

3.ҚР Президенті жанындағы Қоғамдық сенім ұлттық кеңесі 5

4.Партиялық құрылыс 6

5.Халықпен тиімді кері байланыс 21

6.Мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялар қызметкерлерінің санын қысқарту 24

7.Митингілер туралы заңнаманы жетілдіру 24

8.Қоғамдық келісім 25

9.Мерейтойлық даталар 30

II. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 34

1.Сот және құқық қорғау жүйесін реформалау 34

2.Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, браконьерлік, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейту 37

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесі күрес 38

4. Құқық қорғау органдарын реформалау 39

5. Әкімшілік полиция комитетінің жұмысын қайта құру 41

6. Азаматтық қорғау органдарында қызмет өткеру жағдайын жақсарту 42

7. Әскери қызмет мәртебесін көтеру 42

III. ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫҒАН ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІ ЭКОНОМИКА 45

1.Шикізат менталитетінен шегіну және экономиканы әртараптандыру 45

2.Квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру 50

3. Баға белгілеу және тарифтер мәселелері 51

4. Шағын және орта бизнесті дамыту, салық жүктемесін төмендету 56

5. Туризмді дамыту 62

6. Жоғары өнімді орта бизнесті қолдау 67

7.Инвестицияларды, оның ішінде шетелдік инвестицияларды тарту жөніндегі жұмысты жандандыру 68

8. АӨК дамуы 69

9. Әділ салық салу және қаржылық реттеу 73

ІV. ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 74

1.Білім беру сапасын арттыру 74

4. Медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін қамтамасыз ету 96

5. Мәдениет саласының қызметкерлерін қолдау 99

6. Әлеуметтік қолдау жүйесін дамыту 100

V. КҮШТІ АЙМАҚТАР, КҮШТІ ЕЛ 102

1. ЖАО жұмысының тиімділігін арттыру 102

2. Бюджетаралық қатынастар жүйесін реформалау 102

3. Басқарылмалы урбанизация және бірыңғай тұрғын үй саясаяты 103

4. Инфрақұрылымның дамыуы 106




І. ҚАЗІРГІ ТИІМДІ МЕМЛЕКЕТ




  1. «Қуатты Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін үкімет» - тұрақты мемлекеттің формуласы.


Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде жүргізіледі.

2017 жылы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлуге бағытталған конституциялық реформа жүзеге асырылды. Парламенттің рөлі және оны үкіметті бақылау күшейтілді. Азаматтар алдында жауапты «жинақы Үкімет» қалыптасады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында Мемлекеттік басқарудың президенттік моделін ұстанатыны атап өтілді.

Бұл ретте Парламент саяси жүйеде лайықты орын алуы тиіс. Парламенттің ұстанымдарын күшейту сайлау заңнамасын жетілдіру арқылы көзделеді. Сонымен қатар, Парламентке қолданыстағы заңнама шеңберінде маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдауда елеулі рөл беріледі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын іске асыруда Қазақстан Республикасы Парламентінің жаңа бастамалары атап өтілді.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің барлық заң шығару жұмысы ашықтық режимінде, азаматтық қоғам өкілдерімен де, бұқаралық ақпарат құралдарымен де сындарлы өзара іс-қимыл жасағанда өтетін болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайтында онлайн режимінде барлық жалпы отырыстардың тікелей трансляциясы ғана емес, сонымен қатар жұмыс топтарының кеңестері, комитеттер мен қоғамдық маңызы бар заң жобаларын талқылау жөніндегі презентациялар да жүргізілетін болады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ресми сайты жаңғыртылды. Ол азаматтармен, Мәслихаттармен және өңірлермен өзара байланыс орнатуға бағытталған. Бұл депутаттарды олардың атына келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарға жедел ден қоюға міндеттейді. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының бастамасы бойынша парламенттік тыңдаудың форматы өзгертіледі. Тыңдауларда резонанстық мәселелерді көтеріп, қоғам өкілдерін, сарапшыларды шақыру жоспарланып отыр.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет