ЕСЕК ЖЕМ – теріле дәне шырышты қабатта кенеттен қызарып,күлдіреп ,қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру;денені қалақай шаұқан кездегі күлдіреуікке ұқсайды.
ЕСЕК ЖЕМ – теріле дәне шырышты қабатта кенеттен қызарып,күлдіреп ,қышымалы бөртпелер түрінде болатын ауру;денені қалақай шаұқан кездегі күлдіреуікке ұқсайды.
ЕСЕК ДЕМНІҢ жедел және созылмалы түрі бар.
ЖЕДЕЛ ТҮРІ – кейбір тағамдардың және дәрі- дәрмектердің организмге кері әсер етуінің салдары.Сондай-ақ , организмдегі аллергиялық реакция нәтижесінде пайда болады.
СОЗЫЛМАЛЫ ТҮРІ – мезгіл – мезгіл қайталайтын, кейде бірнеше айға дейін созылатын есек жем,әдетте, ішкі мүшелердегі ауруларға, организмдегі зат алмасудың бұзылуына,іштегі гельменттерге немесе баяу өтетін инфекцияға байланысты.
Мұндай кезде ауру кенеттен басталады.Күлдіреуіктердің пішіні мен көлемі әр түрлі, түсі ашық қызғылт ,ортасы ақ .Көп жағдайда күлдіреуік бірнеше сағаттан кейін ешқандай із қалдырмай өзінен – өзі басылады. Кейде ауру ұзаққа созылып науқастың қызуы көтеріліп , мазасы кетеді.Көмейдің кілегей қабығында бөртпе болғанда адам жөтеліп , тұншығады.
ЕСЕК ЖЕМ ЕМІ:
Емді дәрігер тағайындайды.Ауырған адамға сүт,өсімдік тағамдары беріледі, әсіресе аллергия тудыратын тағамдарды, ашшы және сүрленген тағамдарды жеуге болмайды.Қышыманы басу үшін салқын компрес, жылы ванна қолданады,теріге спирттік ерітінділер жағады.Тамақтың немесе дәрі-дәрмектің әсерінен болған есек жемде ең алдымен клизмамен ішті тазалап, көп мөлшерде су ішкізеді.Ауру қайталамас үшін науқас дәрігердің берген нұсқауын бұлжытпай орындағаны жөн.
Квинке ісігі- аллергиялық реакцияның жайылмалы түрі,терінің барлық қабатында бұлшықетке дейін аллергиялық реакцияның жайылуымен сипатталады.
Квинке ісігі қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.
Квинке ісігі қолмен басып көргенде шұңқыр қалмайтын сұр инфильтрат пайда болады.
-аллергиялық реакция тудыруға қолайлы жағдайлар болса,мысалы,науқаста қандайда бір химиялық және биологиялық сыртқы факторларға кенеттен жоғары дәрежедегі аллергиялық тітіркену пайда болғанда дамиды
-келесідей дәрілік заттарды шамадан тыс қабылдау: антибиотиктер,йод препараттарын, тырысуға қарсы дәрілік заттарды, көз тамшыларын, анестиктерді.
-жәндіктер жұмсақ тері асты май қабаты орналасқан жерлерді шағып алса.
-құрамында бояғыштар мен әр түрлі консерванттар, әр түрлі қоспалары бар тағамдарды шамадан тыс қабылдау
-гүлдейтін өсімдіктердің шаңдарынан жоғары аллергиялық реакция болғанда
-аса жоғары өткір иістерге реакция туса, мысалы, балықтың иісіне.
Квинке ісігінің жалпы симптомдары: кенеттен басталады, бүкіл денеде есекжемнің көрінісіне ұқсайтын өзгеріс байқалады: денеге әр түрлі өлшемдегі қызыл күлдіреуіктер шығады, олар қышиды.Естерінізде болсын,осы кездегі қышудың пайда болуы аса қауіпті емес.Сонымен қатар, квинке ісігінді тері асты май қабатының ісінуі болады.Бұл белгі- Квинке ісігінің ең басты белгісі .

Квинке ісігі көзге көрінетін жерлерге ғана емес, ішкі ағзаларға да шығады.Мысалы:асқазан- ішек жолдарына.
Қорытынды:
Кивнке ісігі есекжемге ұқсас.Есекжемде науқастың терісі өзгеріске ұшыраса, бұнда тері және тері асты майы мен қоса өзгерістерге ұшырайды. Біз осы белгілеріне баланысты екеуін айыра аламыз