Есенғалиева Нұргүл Бақтыгерейқызы Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы



Дата04.05.2017
өлшемі137,36 Kb.
#15653
Есенғалиева Нұргүл Бақтыгерейқызы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ақтөбе облысы

Қарғалы ауданы

Шәмші Қалдаяқов ауылы

В.И.Пацаев атындағы орта мектеп
Қазақ тілі. 5-сынып (оқу орыс тілінде жүретін сыныптарға арналған).

Әлеуметтік-мәдени ая. «Менің елім – Қазақстан» модулі.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің?

Септіктерді қайталау.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімдік:

    1. Тілдік бөлім: септіктер бойынша білімін пысықтау, Қазақстан қалалары туралы түсініктерін кеңейту .

    2. Қатысымдық-сөйлесімдік бөлім:

тыңдалым:тақырыпқа байланысты диалогтік қатысымда мұғалімнің және сыныптастарының сөзін түсіну дағдысын қалыптастыру;

оқылым: Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру;

айтылым: Астана туралы баяндау дағдысын қалыптастыру;

жазылым: Астана туралы өз ойын жазу дағдысын қалыптастыру;

тілдесім: сыныптастарымен Астана туралы сөйлесу, диалог құрастыру.

1.3 . Мәдениетаралық қарым-қатынас бөлімі: ҚР Туы, Елтаңбасы, Гимні.

2. Тәрбиелік: оқушылардың патриоттық сезімін ояту, өз елін, оның рәміздерін құрметтеуге баулу.

3. Дамытушылық: оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, ізденушілік қабілетін арттыру, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, баяндау, оқу, жазу, тыңдау, демонстрация.

Сабақтың көрнекілігі: перфокарта, мәтін, интерактивтік тақта, Астана туралы слайдтар, бейнефильм.

Пәнаралық байланыс: тарих, орыс тілі.

САБАҚ БАРЫСЫ

1.Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың сабаққа даярлығын, оқу құралдарын тексеру.

2.«Қайталау – білім анасы» (1-слайд). 1) «Қай жалғау дұрыс жалғанбаған» Слайд-2

2) «График құрастырамыз». Слайд-3

3) «Қарлы адам». Слайд-4

Мұғалімнің сөзі: - Иә, сонымен балалар, біз септіктерді еске түсірдік, тағы да бір қайталап жіберейік:

Атау. Кім? Не?

Ілік. Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің

Барыс. Кімге? Неге? Қайда? -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не

Табыс. Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н

Жатыс. Кімде? Неде? Қайда? -да, -де, -та, -те, -нда, -нде

Шығыс. Кімнен? Неден? -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен

Көмектес. Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен.

3.Үй тапсырмасын тексеру. «Қазақстан қалалары» . Септіктерді қайталау.

Мұғалімнің сөзі:


  • Балалар, үйге берілген «Қазақстан қалалары» тақырыбына кім, қандай тапсырма орындап келді? (Балалардың орындаған презентациялары, шығармашылық жұмыстары тексеріледі)

  • Сонымен балалар, Қазақстанда қандай қалалар бар екен?

  • Қазақстанның астанасы қай қала?

  • Иә, Астана қаласы. Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа сабағымыз Астана қаласына арналады. Бүгінгі күннің жадын жазайық.

4. Жаңа сабақ. Астана қаласы. Септіктерді қайталау.

Мұғалімнің сөзі: - Бүгінгі сабақтағы мақсатымыз не, балалар?

    • Біріншіден, Астана туралы мәтінді тыңдап, түсінуіміз керек.

    • Екіншіден, оқыған мәтіннің мазмұнын айтып беруге дағдылануымыз қажет;

    • Үшіншіден, Астана туралы бір-бірімізге сұрақ қойып, сөйлесе білуіміз қажет.

- Енді балалар осы мақсатқа жету үшін әуелі Астана туралы бейнетаспаны тамашалайық және мәтінді аса назар аударып тыңдаймыз.(5-слайд).

Тыңдалым (аудиомәтін)

Мәтінмен жұмыс. Астана (6-слайд).

Мәтінді оқу (тізбекпен).

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Астана – еліміздің жүрегі. Астананың бұрынғы атауы – Ақмола. Ол-Қазақстанның солтүстігіндегі үлкен қалалардың бірі. Қаладан Есіл өзені ағып өтеді.

Астана – жас қала әрі сұлу қала. Қала тез көркейіп келеді. Мұнда жаңа ғимараттар көп. Үкімет ғимараттары, мәдениет сарайлары, демалыс орындары және сауда орталықтары мен тұрғын үйлер салынып жатыр. Биік-биік әсем үйлер қалаға сән беріп тұр.

Астана – ХХІ ғасырдың қаласы. Қала соңғы он жыл ішінде әлемдегі атақты қалалардың қатарына қосылды. Астана келешекте туристік қала болады.



Сөздікпен жұмыс



Мұғалімнің сөзі: - Ал, балалар, кім есте сақтап қалды? Кім сұрақтарға жауап береді?

Сұрақтарға жауап беру:

- Қазақстан Республикасының астанасы қай қала? (Астана)

- Астананың бұрынғы атауы қандай? (Ақмола)

- Қаладан қай өзен ағып өтеді? (Есіл)

- Астана қандай қала? ( жас қала әрі сұлу қала.)

- Астанада нелер көп? (ғимараттар).

- Астана – нешінші ғасырдың қаласы.

- Астана келешекте қандай қала болады? (туристік)



- Біз Астананы мақтан тұтамыз ба? (иә, мақтан тұтамыз)

5. Деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей. Септеу.



2-деңгей .Сөйлесім

  • Сәлем! Менің атым – Анар

  • Сәлем! Мен Болатпын.

  • Сен қайдан келдің?

  • Алматыдан. Сен ше?

  • Бішкектен.



  1. Анар - Бішкек

Болат – Алматы

  1. Даша – Қызылорда

Арстан – Қостанай

  1. Настя – Шымкент

Ваня - Тараз

3-деңгей Жазылым. Жаттығулармен жұмыс. 3-жаттығу.

Берілген сөздерді байланыстырып, сөйлем құраңыз. Сызықшалармен көрсетіңіз.



  1. Мен 2. мектептен 3.келдім.

  1. Мұса 2. қаладан 3. сатып алды.

  1. Олар 2. ағайдан 3. шықтық.

  1. Біз 2. Базардан 3. сұрады.

Жауабы:

  1. Мен қаладан келдім.

  2. Мұса базардан сатып алды.

  3. Олар ағайдан сұрады.

  4. Біз мектептен шықтық

Сабақты бекіту: Дұрыс болса «иә», қате болса «жоқ» деп жауап береміз

1.Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. ()

2.Астананың бұрынғы атауы – Ақтөбе. ()

3. Қаладан Есіл өзені ағып өтеді.

4.Астанада жаңа ғимараттар жоқ.

5. Астана – ХХІ ғасырдың қаласы.

6. Астана келешекте туристік қала болады.

Үйге тапсырма. 41-бет. 5-тапсырма. Өтілген материалдарды қайталау.

Сұрақтың орнына жақшадағы сөзді жазыңыз.

Үлгі: Марат кімнен сұрады? (мен) / Марат менен сұрады.



  1. Мен кімнен алдым? (ол)

  2. Ол кімнен рұқсат сұрады? (сен)

  3. Сен кімнен сатып алдың? (олар)

  4. Сен неден кешігіп қалдың? (сабақ)

Бағалау.

Тақырыпқа қатысты үлестірме тапсырмалар(қосымша)

Астана. (№1)

Астана – Қазақстан Республикасының елордасы. Астана – еліміздің жүрегі. Астананың бұрынғы атауы – Ақмола. Ол-Қазақстанның солтүстігіндегі үлкен қалалардың бірі. Қаладан Есіл өзені ағып өтеді.

Астана – жас қала әрі сұлу қала. Қала тез көркейіп келеді. Мұнда жаңа ғимараттар көп. Үкімет ғимараттары, мәдениет сарайлары, демалыс орындары және сауда орталықтары мен тұрғын үйлер салынып жатыр. Биік-биік әсем үйлер қалаға сән беріп тұр.

Астана – ХХІ ғасырдың қаласы. Қала соңғы он жыл ішінде әлемдегі атақты қалалардың қатарына қосылды. Астана келешекте туристік қала болады.



(№2)

Мысалдар

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

Жатыс

Шығыс

Көмектес

Асанға






















Күнді






















Айшаның






















Мектепте






















Арманды






















Гүлден






















Апаймен

























Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет