Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


«Газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісі»



бет20/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
2.7 «Газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісі» деп аталатын тармақта модальділік функционалды-прагматикалық қырынан қарастырылды, яғни ол мәтін авторының өзі сипаттап отырған оқиға-құбылысқа беретін бағасын және өзі материалдарын арнап отырған аудиторияға деген көзқарасын көрсететін маңызды лингвистикалық категория ретінде танылды. О.С.Москальская мен Ю.С.Степанов сияқты ғалымдар модальділік категориясынан тек сөйлеушінің коммуникативтік құрылымын анықтап қоймай, оның коммуникативтік акт барысындағы әртүрлі элементтеріне деген бағалауыш сипатын білдіретінін айқындады. Мәселен, адресант пен адресат қарым-қатынасы актісінің орны мен өту уақытын сөз еткенде міндетті түрде модальділікке жүгінеміз. Сондықтан да модальділік пен прагмалингвистика арасындағы тығыз байланысты қатынасты зерттеу – прагмалингвистика үшін өте маңызды болып табылады.
Қазақ тіл білімінде модальділік категориясы Е:Жанпейісов, А.Н.Нұрмұханова, О.Төлегенов, Қ.Мамаділов, С.Құлманов сияқты зерттеушілердің еңбектерінде арнайы зерттелді. Модальділік категориясына қатысты газет мәтіні шеңберінде негізінен мынадай үш міндет орындалуы тиіс.
а) берілген ақпаратқа баға беру;
ә) оны дәлелдеуге қатысты логикалық іс-шаралар;
б) мәтіннің эмоционалдық құрылымын сипаттау.
Осымен байланысты газет мәтінінің модальді-прагматикалық аспектісі: бағалауыштық модальділік, дәйектеуші модальділік және эмоционалды модальділік сияқты негізгі үш параметр арқылы көрінеді. Бұқаралық коммуникацияда бұл үшеуі өзара сабақтаса, байланыса отырып адресанттың адресатқа тигізер ықпалын күшейте түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет