Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде 2002-2007 жылдары жарық көрген ресми басылымдардың («Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Түркістан», «Алматы ақшамы», «Айқын», «Жас Алаш») және ішінара оппозициялық бағыттағы газеттердің («Жас қазақ», «Ақ жол Қазақстан», «Апта kz») материалдары пайдаланылды.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Жұмыста тілдік материалды жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, компоненттік (семалық) талдау әдісі және концептуалды (концептілік), мәтіндік – контекстуалдық, ұғымдық талдау, интерпретациялық талдау, прагматикалық пресуппозиция мен импликацияларды талдау, эксперименттік сауалнама әдістері қолданылды.
Достарыңызбен бөлісу: |