Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Зерттеу нәтижесінде жасалған тұжырымдар жалпы тіл біліміндегі және қазақ тіл біліміндегі прагмалингвистика саласының әрі қарай дамуына септігін тигізеді. Сондай-ақ когнитивтік лингвистика, социолингвистика, психолингвистика, мәтін лингвистикасы мен публицистикалық стильге байланысты зерттеулерді толықтырып, тереңдете түсуге өзіндік үлес қосады.
Зерттеу жұмысының практикалық мәні. Зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында «Қазақ баспасөзі тарихының қазіргі кезеңі», «Қазіргі қазақ публицистикасы», «Мәтін лингвистикасы», «Прагмалингвистика», «Сөз мәдениеті», «Журналистік шеберлік» сияқты ғылыми курстар мен арнаулы семинарларда жүргізуге, сондай-ақ қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігін құрастыру барысында пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |