Есенова қалбике өмірбайқызы қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет3/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,86 Mb.
#32408
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Зерттеу нысанасы. Қазіргі қазақ ресми баспасөзіндегі медиа-мәтіннің прагматикалық әлеуеті, ақпараттық, әлеуметтік-реттеуіштік, әсер ету қызметтері және газет бетіндегі саяси дискурс мәселелері.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеуіміздің мақсаты – қоғамдағы саяси-әлеуметтік ахуалға байланысты тіліміздің бүгінгі даму кезеңінде орын алған өзгерістердің қазіргі қазақ баспасөзіндегі көрінісін жан-жақты қарастыра отырып бүгінгі медиа-мәтінді адресанттың өз прагматикалық ұстанымын жеткізуде қалайша пайдаланып отырғандығын анықтау және сол арқылы тіліміздің қазіргі жай-күйіне лингвопрагматикалық тұрғыдан баға беру. Бұл үшін мынадай міндеттер қойылды:

  • қазіргі тіл біліміндегі прагмалингвистика бағытының даму тарихына шолу жасалып, оның антропоцентрлік бағыттағы өзге салалармен байланысы анықталып, өзіндік ұғымдық шеңбері мен теориялық мәселелерін анықтау;

  • БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің маңызды элементі – медиа-мәтінді ақиқат болмысты репрезентациялайтын және интерпретациялайтын аса қуатты құрал ретінде қарастыру;

  • медиа-мәтінді бұқаралық санаға әсер етудің прагматикалық стратегияларын жүзеге асыратын және әлеуметтік-реттеуіштік қызмет атқаратын фактор ретінде зерделеу;

  • прагмалингвистиканың негізгі категориясы – субъектіні адресант-адресат қостағаны аясында жан-жақты қарастыру;

  • адресанттың прагматикалық ұстанымдарының қазіргі қазақ газети мәтіндеріндегі жеткізілу тәсілдерін анықтау;

  • қазіргі қазақ медиа-мәтінінің адресат факторына тигізетін әсерін мәтін интерпретациялануы тұрғысынан саралау;

  • адресант-адресат арасындағы рөлдік қатынастардың бүгінгі қазақ басылымдарындағы көрінісін сипаттау;

  • медиа-мәтіндегі модальділік категориясын мәтін түзуші мен оны қабылдаушы субъектілер арақатынасы аясында қарастыру;

  • газет мәтінінің әсер ету күшін көрсететін прагматикалық интенсификаторларды (қарқындатқыштарды) анықтау;

  • қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурсты айқындау;

  • тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі жаңа қолданыстарға прагмалингвистика тұрғысынан баға беру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет