Есеп ұғымымен таныстыру



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі474,5 Kb.
#84561
1   2   3   4
Байланысты:
38dce059-5cbc-4a07-a6d8-61916399a546

Ол мәнді белгілер:
а) табиғи тілде тұжырымдалған мәтіннің көмегімен берілетін жаттығу;
ә) мәтіннің мазмұнында белгілі бір өмірлік жағдай /жағдайлар/ сипатталады;
б) мәтінде міндетті түрде сұрақ болады;
в) мәтіндегі сұраққа жауап беру ең болмағанда бір арифметикалық амалды орындау барысында жүзеге асады. Жоғарыда аталғандай төрт мәнді белгісі болатын математикалық жаттығуды бастауыш мектеп және 5,6 сынып математика курстарында, алгебра және геометрияның жүйелі курсын оқығанға дейін есеп деп атаймыз. Есеп ұғымының осы анықтамасына сүйеніп. Біз бұдан ары есепті шешу процесі, сол сияқты есепті шешу тәсілдеріне қатысты мәселелерді қарастырамыз.

Жаттығулар



  1. Ұзындығы енінен 4см артық, ал ауданы 60 см2 –ге тең болатын тік төртбұрыштың периметрін табыңдар.

  2. Тік төртбұрыш пішінді бақша учаскесінің бір қабырғасы екінші қабырғасынан 10 м ұзын, осы учаскені айналдыра қоршау керек. Учаскенің ауданы 1200 м2 -қа тең екені белгілі, қоршаудың ұзындығын анықтаңдар.

  3. Тік төртбұрыштың периметрі 62 м-ге тең. Егер тік төртбұрыштың ауданы 210 м 2 болса, мұның қабырғаларын табыңдар.

  4. Дәптерде 24 бет бар. Қыз бала дәптер бетінің бөлігін жазып бітірді. Жазылмаған қанша бет қалған?

  5. Туристер үш күнде 360 км жол жүрді. Бірінші күні олар барлық жолдың
    бөлігін, екінші күні жолдың -ін жүрді. Туристер үшінші күні қанша километр жол жүрген?

  6. Бір шумақ сым 240 м. Барлық сымның бөлігі жұмсалды. Жұмсалған сым қалған сымнан неше метр артық?

  7. Үшбұрыштың периметрі 37см. Бір қабырғасы 12 см, екіншісі бірінші қабырғасының бөлігіне тең. Үшінші қабырғасының ұзындығы неге тең?

  8. Автотуристер екі күндік саяхатқа шықты. Бірінші күні олар жолда 6 сағат, екінші күні одан 2 сағат кем уақыт болып, барлығы 600 км жол жүрді. Туристер бірдей жылдамдықпен жүріп отырса, әр күнде қанша жол жүрген?

  9. Аэродромнан екі ұшақ бір мезгілде көтеріліп, қарама-қарсы бағытта ұшып кетті. 3 сағаттан кейін олардың аралығы 3540 км болды. Олардың біреуі сағатына 620 км жылдамдықпен ұшты. Екінші ұшақ қандай жылдамдықпен ұшқан?

  10. Кітапхана үшін 1500 кітап түптеу керек. Бір шеберхана бұл кітаптарды 10 күнде, екінші шеберхана 15 күнде бітіре алады. Екі шеберхана бірігіп осы кітаптарды неше күнде бітіреді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет