Есеп ұғымымен таныстыру
Есеп адам өмiрiнде де, жалпы қоғамның өмiр сүруi үшiн де аса маңызды роль атқарады. Мәселе мынада, жеке адамның өзiне-өзi, сондай-ақ оның алдына басқа адамдар /және қоғам/ мен өмiрлiк жағдайлар қоятын мәселелердi /есептердi/ шешуге ақыл-ой иесi ретiнде жеке тұлғаның бар қызметiн, өмiрлiк және ойлау iс-әрекетiн бағыттайды. Осы себептен, адамның өмiрлiк қызметi күн сайын мазмұны, ролi, шешу үшiн қолданылатын өдiстерi әртүрлi есептердi шешумен сипатталады деуге болады.
Адамның өндiрiстiк және күнделiктi тұрмыстық қызметi барысында туындайтын мәселелердi, сол сияқты таза математикалық және басқа/ есептердi шешу проблемасы көптен берi зерттелiп келе жатқанымен, әлi күнге дейiн есеп ұғымының көпшiлiкке ортақ келiсiлген анықтамасы жоқ. Бұл әесепә терминiнiң кең мағыналылығымен және бұл ұғымды жалпы түрде сипаттауға байланысты орын алып отырған объективтi қиыншылықтармен түсiндiрiледi. Кең мағынада есеп терминiнiң әр алуан түрде, атап айтқанда: қандай да бiр нәтижеге жетудi көздейтiн алға қойылған мақсат, тапсырма, белгiлi бiр бiлiмге және ойлануға негiзделiп шешiлетiн сұрақ; қандай да бiр мәселе; жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық типтерiнде, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқытудың және бiлiм мен практикалық дағдыларды оқытып-үйретудiң және тексерудiң әдiсi ретiнде қарастырылатыны белгiлi. Орыс тiлiнiң түсiндiрме сөздiгiнде /С.И.Ожегов/ есеп терминi орындалуға, шешiлуге тиiстi дегендi; пайымдау, есептеу арқылы орындалатын жаттығу, зерттеу және шешудi талап ететiн күрделi мәселе, ахуал, орындалуы қиын күрделi дегендi бiлдiретiндiгi айтылады. Бұл ғылымның әр саласында есеп терминiнiң өзiндiк арнайы түсiндiрмесi бар екендiгiн бiлдiредi.
Мәселен, оқыту процесіндегі әесепә оқу мен еңбектегі оқушылардың танымдық және жаттығу белсенділіктерін арттыратын маңызды факторлардың бірі болып саналады. Сонда бұл термин оқушылардың анықталған мақсатты қабылдауын; қандай-да бір сұраққа жауап алуға ұмтылудың қажеттігін; күткен нәтижеге жетудің керектігін; есепті шешу үшін берілген шарттар мен талаптардың ескерілуі тиістілігін; берілген мақсат пен шартқа сәйкес шешудің тәсілдерінің немесе әдістерінің қолданылатынын сипаттайды /Педагогическая энциклопедия, 2 том/. Математиканы оқытуда әесепә оқытудың мақсаты ретінде де, оқытудың құралы ретінде де қарастырылады. Оның көмегімен және оның негізінде негізгі ұғымдар қалыптастырылады, ұғымдардың арасындағы тәуелділіктер ашылады, математикалық фактілердің нақты жағдайда қолданылуын көрсетеді және ол оқу, меңгеру қандайда білік қалыптастырудың объектісі ретінде көрініс табады, теория мен тәжірибенің арасын байланыстырушы қызметін атқарады, оқушылардың ойлауын дамытуға ықпал жасайды. Математиканы оқытуда егер әесепә термині кең мағынада түсінілсе, онда оған кез-келген есептеу жаттығуларын, дәлелденуі анықталынуға немесе зерттелінуге тиісті кез-келген теореманы, оқылынатын математикалық ұғымдардың қандай-да белгілерін анықтауды мақсат ететін және олардың ішінен осы ұғамды сипаттайтын кез-келген тапсырмалар немесе жаттығуларды және т.б. жатқызуға болады. Бұл жағдайда есеп деп кәдімгі мектептегі есептерді, соның ішінде барлық мектеп оқулықтарындағы, мектептегі емтихандардағы, жоғары және арнаулы орта оқу орындарына түсу емтихандарындағы ұсынылып жүрген кейде мысалдар, жаттығулар, тапсырмалар деп аталатындарды айтуға болады. Есеп терминнінің мұндай кең мағынадағы түсіндірмесі арнаулы және әдістемелік әдебиеттерде жиі кездеседі. Алайда біздің ойымызша, әесепә термині бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен ерекшеліктеріне үйлесетіндей әарлауә мағынада анықталуы тиіс және орынды сияқты. Бұл тұрғыдан алғанда әесепә терминінің мән-мағынасын анықтауға арналған жекелеген әрекеттер бар болғанымен, әдістемелік әдебиеттерде ол жеткілікті дәрежеде ашылмайды. Мәселе мынада, көптеген әдістемелік еңбектерде /Бантова М.А., Пышкало А.М., Моро М.И., Истомина Н.Б./, Лященко Е.И., Мазаник АА., Колягин Ю.М., Столяр А.А., Дроздь В.А және басқалар/ арифметикалық мәтінді есептерді саралауға және оқыту барысындаѓы олардың мақсаты мен құралы ретіндегі ерекшеліктерін қарастыруға баса назар аударылады. Бірақ, әмәтінді арифметикалық есеп терминінің мән-мағынасы жете ашылмайды. Бантова М.А. және басқалар бізді қоршаған өмірде санмен байланысты және олармен арифметикалық амалдар орындауды талап ететін көптеген өмірлік жағдайлар туындайды, олар — есептер болып табылады — деп түйіндейді. Сонда, есептегі сан-жиын элементтерінің санын немесе шаманың мәнін сипаттайды. Сондай-ақ қатынасты немесе берілген дерексіз санды /дерексіз жағдайды қолданудың негізінде алынған/ өрнектеп көрсетеді. Есеп шығару, математиканы оқытудың жалпы жүйесіндегі тиімді, нәтижелі жаттығулардың бірі болып саналады. Лященко Е.М. және Мазаник А.А. мәтінді есепті танымдық функциясы бар, алайда математикалық қатынастың мән-мағынасы өмірлік тақырыбы мен математикалық емес тілдегі сөздің көлеңкесінде қалып қоятын және де сонысымен оны шешуге қиындық тудыратын тапсырманың арнайы түрі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге математикалық фактылардың шынайы өмірдегі практикалық қолданысьның мысалы болып табылатындығымен есептер өте тиімді, - деп түйіндейді. Столяр А.А. мен Дроздь В.Л. тұрмыстық, табиғи мағынасы бар арифметикалық амалдың немесе амалдардың көмегімен шешілетін тапсырманы мәтінді есеп, - деп түсінеді. Олар мәтінді есептердегі пайдаланылатын тұрмыстық ұғым мен түсініктер оқушыларда алғашқы абстракция мен математикалық үғымдарды қалыптастыру үшін бастапқы материал болып табылады, сол сияқты оқушыларда математикалық үғымдар мен қатынастар арқылы нақты өмірлік құбылысты байқауға мүмкіндік береді; қандай да түрдегі математикалық есепті шешу оны шешудің жалпы әдісін, белгілі бір ақыл-ой білігінің және танымдық операцияның қалыптасуына мүмкіндік береді; оларды /есептерді/ шешудің маңызды дүниетанымдық мәні бар және адамгершілік сапалардың қалыптасуына негіз болатындай қоршаған шындықтың құблыстарымен танысуға жол ашылады, - деп есептейді. Пышкало А.М. және Стойлова Л.П. мәтінді есепті белгілі бір жағдайдың /жағдайлардың/ нақты компонентін сандық тұрғыдан сипаттау, сондай-ақ компонентгердің арасында қатынастардың бар немесе жоқ екендігін тағайындау немесе осы қатынастың түрін анықтау талабын камтитын табиғи тілдегі баяндалуы ретінде анықтайды. Арифметикалық әмәтінді есепә /қысқаша әесепә/ терминін ұғым ретінде анықтағанда төмендегідей мәнді белгілер өзіне тән болатын математикалық жаттығулардың ерекше түрі ретінде түсінеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |