Есептi талда, қысқаша белгiлеуiн жаз ж„не шығар: 1 кг т„ттi мен 1 кг печенье бiрге алғанда 400 теңге тұрады. 2 кг т„ттi 580 теңге тұрады. 1 кг печенье қанша тұрады?
Бiр ұшақ 3500 км, ал екіншісі 2000км ұшты. Бірінші ұшақ екіншіден 3 сағ артық ұшты. Егер олардың жылдамдықтары бірдей болса, әрқайсысы қанша уақыт ұшқан?
3,5 қапшық картоп 2 қапшық картоптан 240 кг ауыр. Бiр қапшықта қанша килограмм картоп бар?
Толық құмырада 39 кг сүт бар. Жарты құмырада 22 кг сүт бар. Бос құмыра қанша килограмм?
Екi санның қосындысы 15-ке тең. Егер осы қосындыдан I-шi санның жартысын азайтсақ, онда 12 саны шығады. I-шi санды тап.
Бір альбомда 600 марка 15 бетке теңдей бөлініп жапсырылған. Екінші альбомда 448 марка жапсырылған және бірінші альбомның әр бетіндегіден 8 марка кем жапсырылған. Екінші альбомның қанша бетіне марка жапсырылған?
150 терезені бояу керек. Бір сыршы оны 15 күнде,екіншісі 10 күнде орындай алады. Егер екі сыршы бірге жұмыс істесе, осы жұмысты қанша күнде орындай алады?
Ауылдан 96 адам үш автобуспен және бірнеше автомашинамен театрға келді. Әр автобуста 27 адамнан, әр автомашинада 5 адамнан бар еді. Автомашина қанша еді?
Реактивті ұшақ 3 сағатта 2580 км, ал тікұшақ 2 сағатта 430 км ұшты. Ұшақтың жылдамдығы тікұшақтың жылдамдығынан неше есе артық?
Бір трактормен бір апта ішінде 60 сағат, екіншіде 55 сағат жұмыс істелді. Жұмсалу нормасы бірдей болғанмен, бір аптада бірінші тракторға қарағанда екінші тракторға 35 литр жанармай аз жұмсалды. Бір аптада әр тракторға қанша литр жанармай жұмсалды?