050508 Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған
«Салық есебі» пәні бойынша
пәнді өзіндік түрде зерттеу бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР МЕН ҰСЫНЫСТАР
Құрастырған: есеп және аудит кафедрасының аға оқытушы Темірғалиева А.Б.
Тапсырмалардың мақсаттары және мазмұны
Пәнді оқыту барысында студенттердің өздік жұмысының мақсаты - салықтық есептің, есептіліктің негіздері, ұйымның салықтық есептік саясатын қалыптастыру саласындағы студенттердің теориялық және тәжірибелік білімдер алу.
Пәнді оқыту міндеттері:
шаруашылық іс-әрекет жүргізетін субъектінің экономикасын басқару жүйесіндегі салықтық есебінің рөлін игеру;
салықтық есебінің заңнамалық негізін оқу;
салықтық есепте қолдану үшін бухгалтерлік есептегі мәліметтерден ақпаратты ашу дағдыларын қалыптастыру;
ағымдағы салық есебі регистрлерін пайдалана отырып, жылдық жиынтық табыс және шығынды анықтау әдістерін үйрену;
корпорациялық табыс салығы және қосылған құн салығы бойынша Декларацияны толтыру дағдыларын меңгеру.
Достарыңызбен бөлісу: |