Пәннің қысқаша мазмұны: Пәннің төңірегінде есептеу машиналарын, ЭЕМ жүйелері мен желілерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін, жекелеген құрылғыларды құру принциптерін және олардың ақпаратты енгізу, өңдеу және шығару кезіндегі өзара әрекеттесу аймағы, сондай-ақ есептеу желілері мен олардың түрлері қарастырылады. Бұл пәнді оқу барысында студент есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру аймағында білім алады.
Оқыту нәтижелері: Бағдарламаны әзірлеуден күтілетін оқыту нәтижелері: Осы пәнді оқу нәтижесінде студенттер: Түсінік алуы керек: - қазіргі кездегі дискретті құрылғылар мен жүйелерді құрудың негізгі принциптері туралы; - дискретті құрылғылардың элементтері мен түйіндерін логикалық жобалау негіздері туралы;
Білу керек: - есептеу машиналарының, жүйелерінің, ЭЕМ кешендері мен желілерінің функционалды және құрылымды ұйымдастыру принциптерін, ЭЕМ-ң арифметикалық, логикалық және схематехникалық негіздерін;
- ішкі және сыртқы есте сақтау құрылғыларын ұйымдастырудың принциптерін;
- ақпаратты енгізу және шығару құрылғыларының жұмыс істеу және олардың орталық құрылғылармен өзара қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру принциптерін;
- есептеу жүйелері мен желілерінің жобалау негіздерін.