185
Қоректену блогының сыртқы пішіні металлмен қапталған
қорапша тәрізді. Блокты салқындату ҥшін
бір-екі желдеткіш және
қажетті электронды жҥйелер орналасқан. Қораптың артқы
қабырғасынан шығатын желдеткіш тормен жабылған, бҧл торлар
қорапқа басқа нәрселер кедергі болмас ҥшін қарастырылған.
Блоктың артқы қабырғасында кабельді қосу ҥшін ағытпалар бар,
бҧл электр розеткіге 200 В кернеуімен қосылады. Осымен қатар
кернеу ажыратқыш пен монитор кабелінің қорегіне арналған
ағытпалар орналасқан.
Соңғы уақытта желдеткішінде
жылдамдық реттеуіші бар
қоректену блогы кеңінен таралған.
Қоректену блогының алдыңғы қабырғасында байланыс топтары
бар сымдар шоғы шығатын тесік орналасқан. Оларда қоректену
блогымен берілетін 5 және 12 В кернеу болады.
Сонымен қатар, сымдар шоғының орнына, байланыстарға
жалғанатын сымдардың қажетті мӛлшерлі байланыс топтары бар
қоректену блоктары кездеседі.
Сымдардың жанында қораптан «жылы ауа»
кететін қосымша
желдету тесікшелері орналасады. Ол содан соң оны сыртқа тартатын
желдеткішке барады.
Қымбат қоректену блоктарында желдету барынша оңтайлы
ойластырылған. Желдеткіш торлары немесе тесіктер алдыңғы
қабырғада емес, жылы ауа радиатордан тура процессорға кірілетін
процессорға қарай бҧрылған тӛменгі жағында орналасады. Бҧл
нәтижелі салқындатуды қамтамасыз етеді.
Қоректену блогының негізгі талаптары:
Қуаттылық;
Шығарылатын электр коректену тҧрақтылығы;
Желдеткіш шуылының тӛмен деңгейі.
Компьютер жҧмысының тҧрақтылығына шуыл деңгейі әсер
етпейді, бірақ пайдаланушының кӛңіл-кҥйіне әсер етуі мҥмкін.
Ондай болмас ҥшін, жоғарыда айтылғандай, желдеткіштің
айналу жылдамдығын реттейтін
арнайы реттеуіштер қолданылады,
сонымен қатар оны модификацияланған тор жауып тҧрады. Нақ осы
тор қоректену блогынан шығатын ауаның жолында тҧрғандықтан кӛп
жағдайда шуылдың себепшісі болады.
Іске қосылатын қҧрылғылардың саны және қҧраушылардың
жылдамдық алу мҥмкіншілігі тікелей қоректену блогының
қуаттылығына тәуелді. Ӛйткені әрбір қҧрылғы оның шексіз емес және
тез таусылатын қорын қолданады.
Тӛменде қуаттылығы шамамен есептелген, қҧраушыларымен
бірге ҥйлесетін, кеңседе қолдануға арналған компьютердің кескін
ҥйлесімдеріне мысал келтірілген.
186
Егер есептеп кӛрсек, онда шамамен 250 Вт шығады. Бҧл
қоректену блогының мҧндай қуаттылықты қамтамасыз етумен қатар,
оның қоры болуы керек екенін білдіреді.
Тҥрлі жинақтарға арналған шынайы мәліметтерге негізделе
отырып, қолданылатын қуатты есептейтін
арнайы утилиталарды
қолдану ӛте ыңғайлы. Мҧндай утилиталардың бірі Power Supply
Calculator мысал бола алады.
Мҧндай бағдарлама арқылы Intel Pentium 4,3 ГГц процессоры
орнатылған, GeForce 6800 бейнекартасы, 1 Гбайт жедел жадысы, бір
қатқыл дискісі, бір компакт-дискі және бір DVD-дискі жетегі бар
компьютер ең жоғары 380 Вт-қа дейінгі жҥктемені қолдана алады.
Сонымен қатар қоректену блогының
қуаттылығын алатын қосулы
USB-қҧрылғыларын ҧмытпаған жӛн.
Ережеге сәйкес, қораптың тҥріне байланысты 150 Вт және одан
жоғары қоректену блоктары қолданылады (арзан Midi Tower тҥріндегі
қорапта 250-300 Вт қоректену блогы орнатылады). Егер компьютердің
«орта» кескін ҥйлесімін ақылмен және есеппен таңдайтын болсақ,
онда минималды қуаттылығы 300 Вт болатын блокқа тоқталған
дҧрыс.
Сонымен қатар, процессор немесе бейнекартаның ҥдетуі, оның
энергия тҧтынуын шамамен екі есеге ҧлғайтады. Сондықтан,
қуаттылығы 350-400 Вт қоректену блогын таңдаған жӛн. Әрине, бҧл
әрқашан қуаттылық қоры ҥшін 400 Вт қуатты қолдану керек деген сӛз
емес.
Электр қоректенудің тҧрақтылығы кӛп нәрсені аңғартады. Себебі,
қоректену блогының 5,7 немесе 11,3 В емес, 5 және 12 В кернеу
алатыны тектен тек емес. Кейбір қҧраушылар (мысалы, процессор)
арнайы кӛлемді қоректенуді (мысалы, 1,7 В) талап етеді. Олар оны, ӛз
кезегінде, 5 В қоректенуден ӛзгертетін жҥйелік
тақшада орналасқан
тҧрақтандырғыштан алады. Сондықтан да егер қоректену тҧрақсыз
болса, онда ол тек жҥйелік тақшадағы тҧрақтандырғыштың артық
жҥктеме жасауына әкелмейді, сондай-ақ, басқа қҧрылғылардың
тҧрақсыз жҧмысына әкеліп соғады.
Кҥшті және тҧрақты қоректену блогы қазіргі таңда дербес
компьютерге қойылатын негізгі талап болып табылады. Егер
қоректену блогының кернеу сызығы тҧрақсыз болатын болса (немесе
эталондық кернеуден барынша ерекшеленетін болса), онда жҥйелік
қҧраушылары жанып кетуі мҥмкін. Соның ішінде тҧрақсыз қоректену
процессорларға әсерін тигізеді.
Тҧрақтылықтан басқа, қоректену блогын таңдау кезінде оның
тиімділілігі ескерілуі қажет. Тиімділігі
жоғары қоректену блогын
қолдану кезінде артық энергия жҧмсаудан қҧтылуға болады, яғни
қоректену блогы арқылы шығатын ауаны қыздырмай, компьютер
қҧраушыларының қоректендіру керек.
187
3.16-сурет. Қоректену блок
Сондықтан жаңа қоректену блогын сатып алу кезінде немесе
ескісін жаңарту кезінде тӛмендегідей сілтемелерді ҧсынуға болады:
Маркалары белгілі қоректену блогын таңдау қажет, ол
компьютер қауіпсіздігіне, оның жҧмысының тҧрақтылығына сенімді
болуға мҥмкіндік береді.
Қуаттылық қоры 300 Вт-тан тӛмен емес артық қоры бар
қоректену блогын таңдау керек. Қуаттылығы 300 Вт-тан тӛмен
қоректену блогы тек Desktop және Slim Desktop қорап тҥрлеріне
қажет
бола алады.
Айналу жылдамдығы реттелуге келетін желдеткіші бар
қоректену блогын қолданған тиімді.
Компьютер қораптары сияқты қоректену блоктары да ӛте кӛп.
Бҧл қҧраушылардың қуатының ӛсуіне байланысты қоректену
блогының жаңғыртуына әкеліп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: