Ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай



Дата30.11.2023
өлшемі8,76 Kb.
#194278
Байланысты:
төл төлеу


Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды» деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.
Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы, Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.
Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала ... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу төлеу сөз деп аталады.




Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:
– негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.

Мысалы, Әлі бұл өңірде көктің шабан тебіндеп келе жатқанын, қыс ызғарының әлі түгел айығып болмағанын әңгіме қып отырды (М.Әуезов).


Елеусіз көлдің не себепті Қызылкен атанғанын сұрады
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдарының мысалдарының кестесі:

ТӨЛ СӨЗ

ТӨЛЕУ СӨЗ

– Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді анасы.

Анасы қиындықтан қалай шығудың жолын білмейтіндігін айтты.

Әркім әртүрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.

Әркім әр үрлі сөзді айтып даурығып жатқанда, Сырбай тоқтатуын ақырып бұйырды.

– Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?




– Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлнұр.




– Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет