Eschericia coli – Enterobacteriaceae тұқымдасына Gracilicutes тұқымдасының өкілі. E.Coli шеттері домалақтанған,ұсақ грамм теріс таяқшалар, жағындыда бейберекет орналасқан, спора түзбейді, кейбір штаммдары микрокапсулаға ие,көлемі 0,4 – 0,6 мкм. Антигенділігі – күрделі.Соматикалық О антиген, талшықтық Н антиген, соматикалық беткейлік К антигені бар. Практикада қай топқа жататынын оның номерлерімен көрсетеді: 01,025,0152 және басқалар. Қазіргі уақытта адамға патогендігі бар E.Coli 3 топқа бөлінеді: энтеропатогендік, энтероинвазиялық және энтеротоксикалық ішек таяқшалары.