Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері



бет1/3
Дата31.03.2018
өлшемі1,36 Mb.
#39933
  1   2   3
Жоспар
Кіріспе............................................................................................................3


  1. Ешкі сүті және онын құрамы.............................................................5




  1. Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері.....................................7




  1. Ешкі сүтінің еліміздегі тапшылығы................................................12




  1. Ешкі сүті ана сүтін алмастыруға лайықты.....................................14

Қорытынды..................................................................................................19


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..............................................................20

Кіріспе
Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған әрі қастерлей білген. Ел-жұрт жадында мәңгі жатталып қалған «ас – адамның арқауы» деген қағида осындай терең ұғымның қалтқысыз түсінігі болып қалыптасқан. Халқымыз адам өмірінде тамақтың орнын тіршілікке қажетті құндылықтардың бәрінен де жоғары қойған. Бұған «астан үлкен емессің» немесе «арпа, бидай ас екен, алмыс, күміс тас екен», «асты қорлама құстырар» деген сес, ескертпелер мен мақал-мәтелдер де куә бола алады. Қалай айтылса да, қай заманда айтса да халық асты құрметтеу мен бағалаудың жолын да, жөн-жосығын да, оны дәмді етіп әзірлеудің көзін, кезін, ретін таба білген. Ел мен елді татуластыру да, жақсылар мен жайсандарды құрметтеу де, өздерінің мырзалық, мәрттік үлгілі, өнегелі қасиеттері мен артықшылықтарын білдіру де, ел дәулеті мен қарым-қабілетін, түсінігін танытуды да, қазақ кең дастарқан арқылы яғни ас, қонақасы арқылы көрсеткен.

Қазақ халқы асты үш түрге бөледі. Олар ақ (сүт тағамдары), қызыл (ет тағамдары) және көк (жеміс тағамдары).

Мал және онан алынатын өнімдер қазақтың басты байлық қоры. Соның ішінде ұлт тағамдарының негізгі көзі болып табылатын сүттің орны бір бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен ақ деп атайды. Солардын бірі ешкі сүті жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше өнім. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің басқа ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.



Ешкі сүті адам ағзасына пайдалы екендігі өте ерте замандардан бері анықталған. Бірақ мұның пайдасы бар екендігін біле тұра, өкінішке орай дұрыс бағалай алмайтынымыз белгілі. Мен осы зертеуімде ғылымда және халықтық медицинада дәлелденген ешкі сүтінің ерекше қасиеттеріне тоқталмақшымын. Ешкі сүті А, С, В, Д, Е дәрумендері мен басқа да микро және макро элементтер қорының қайнар көзі болғандықтан адам ағзасына өте пайдалы өнім. Бұл жануардың сүті адам ағзасына пайдалы болып қана қоймай, белгілі бір аурумен ауыратын науқастар үшін ең тиімді табиғи дәрі болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты:

Табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағамы ешкі сүті – тоқсан тоғыз аурудың емі. Одан жасалған тағамдар сапалы, құнарлы, нәрлі әрі қасиеті мол екенің терең түсініп, келер ұрпаққа дәріптеу. Ешкі сүті ана сүтін алмастыра алатынын дәлелдеу.

Жобаның міндеттері:


  • Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу.

  • Ғылыми әдебиеттерді басшылыққа ала отырып ешкі сүтінің физикалық және емдік қасиеттерін сипаттау.

  • Ешкі сүті ана сүтің алмастыруға лайықты екенің көрсету.

  • Зерттеу жұмыстарының дағдыларын игеру.

Болжамым

Ата – бабаларымыздың ертеден пайдаланған ешкі сүтінің маңыздылығын жоғары деңгейге көтеруге үлес қосып сыныптан тыс зерттеу жұмыстарын жүргізсе. Табиғи қолдан өндірілетін ешкі сүті адам денсаулығына пайдалы және қоректік қасиеті мол. Ешкі сүтің қазақ өмірі мен тұрмыс – салтында күнделікті қолдануын насихаттау.


Мәселе: Ешкі сүтінің құрамы мен пайдасын зерттеу.
Зерттелетін зат: Ешкі сүті.

1.Ешкі сүті және онын құрамы


Ешкі сүті— аса бағалы тағамдық өнім. Организмге оның құрамды бөлігінің 95-98 %-ы сіңеді. Ешкі сүтінің құрамында 13,4 % құрғақ зат тектер, 4,4% май, 3,6% белок, 4,9% лактоза бар. Ешкі сүті химиялық құрамы жағынан сиыр сүтіне жақын.

Ешкі сүті — жоғары азықтық және биологиялық құндылығы бар ерекше тағам өніміне жатады. Өзінің физикалық-химиялық қасиеттері мен дәміне сай ешкі сүтінің сиыр немесе басқа да ауыл- шаруашылық жануарларының сүтімен салыстырғанда тиімді айырмашылықтары мол.
Ешкі сүті де сиыр сүтіндей ка­зеиндік топқа жатады. Бірақ ешкі сүтінде сиыр сүтіндегі аллергиялық серпіндердің көзі саналатын — альфа-ls-казеин жоқ. Сондықтан ол сиыр сүтіне аллергиясы бар адам­дар үшін ұсынылады. Құра­мында бета-казеин мол болуына байланысты, ешкі сүті әйелдердің емшек сүтіне жақын. Ешкі сүті нәруыздарының көпшілігінің құ­рамында альбуминнің мол көлемі болуына байланысты, құрамдас бөліктерге ыдырайды, яғни қоры­тылмаған күйінде сіңбей, ұсақ үлпектер түрінде ұюға ұшырайды. Сондықтан ол ағзаға жеңіл сіңіп, ас қорыту жүйесінің бұзылуына жол бермейді. Құрамында лак­тозаның төмен мөлшері (сиыр сүтінен 13% кем, әйелдердің ем­шек сүтінен — 41% кем) болуы — бұл өнімді лактоза жеткіліксіздігі бар адамдар үшін қолдануға мүм­кін етеді. Ешкі сүтіндегі май ағзаға жақсы сіңіріледі және 4,0-4,4% майлылықта ешкі сүті 100 пайыз сіңеді. Ешкі сүтінде адам ағза­сы­ның тіндерінде холестерин жи­налуына қарсы тұратын ерекше метаболикалық қасиеті бар және ағзаның қорғаныс қызметін арттыратын қанықпаған майлы қышқылдардың 67 пайызы бар.

Жоғарыда келтірілген артық­шылықтарынан басқа ешкі сүтінде көп кальций (143.0 мг), магний (14.0 мг), фосфор (89.0 мг), мар­ганец (17.0 мкг), мыс (20.0 мкг), А (0.1 мг), В (0.04 мг), С (2.0 мг) жә­не Д (0.06 мг) дәрумендері, ас­кор­бин қышқылы бар. В12 дәру­менінің құрамына кіретін және қан өн­дірімі үрдістеріне жауап беретін кобальттың мөлшері сиыр сүтімен салыстырғанда ешкі сүтінде 6 есе көп. Сүттің құрамында кальцийдің мөл­шерінің мол.

2.Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері
Ешкі сүтінің көптеген емдік қасиеттері бар. Әсіресе, асқазан ауруларында, анемияда, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Емшек жасындағы балаларды қоректендіру үшін аса қолайлы.

Швейцарияның таулық ши­пажайларында туберкулез, анемия мен рахит ауруына шалдық­қан­дарды әу бастан-ақ ешкі сүтімен емдеген.


Халық аузындағы аңыздар ешкі сүтінің керемет сиқырлық қасиетін, ауыр науқастардан кейін ағзаға күш беріп, айықтыратын ерекшелігін жыр етеді. Авиценна жерлестеріне кәрі жасқа жеткенде ұрпақ алдында сыйлы тұрпатқа ие болу үшін ешкі сүтін ұдайы пай­да­лануды ұсынған. Халық меди­цинасы ешкі сүтіне әлсірегендер мен азықтық аллергиясы бар балаларға қолданатын өнім ретінде ерекше маңыз береді.

Ежелгі аңызға сенсек, най­зағаймен алысқан Зевстің өзі Амал­тея — тәңірлік керемет еш­кісінің сүтін мүйізінен ішкен. Әл-Фараби ешкі сүті туралы: «ең тұрақты» деп жазған. Емдік қасиеттерін күшейту үшін оны түрлі қоспалармен қайнатқан: көз бұршағының бұлыңғыр тартуына қарсы — күнжітпен, іш өтуге қарсы — теңіз тастарымен, арпа жар­масымен.


XIX ғасырдың аяғынан бастап ешкі сүті үшін өрлеу кезеңі бас­талды. Осы кезде медицина ма­мандары ол жайлы әйелдердің ем­шек сүтін алмастыруға бас­қалардан қолайлы екендігін айтты. Ешкі туберкулезбен, бруцеллезбен, сиыр ауыратын басқа да ауру­лармен ауырмайды. Ешкі сүтінің сапасы сиыр сүтінен гөрі ана­ғұр­лым жоғары, біртекті, құрамында нәруызсыз азот жоқ. Оның нәр­уыз­дары аса сапалы, басқа азық­тарға қарағанда тиаминге бай. Ал тиамин — «В» тобы дәрумендері арасындағы маңызды дәрумен, өмірдің әр кезеңінде пластикалық және энергиялық алмасуға қа­тысады.
Негізгі азықтық құрам бөлік­те­рі­нің — нәруыздар, майлар мен кө­міртектердің мөлшері ешкі мен сиыр сүтінде ұқсас келеді. Бірақ әйелдердің емшек сүтінен сал­мақты айырмашылығы бар: жа­нуарлардың сүтінде нәруыздар едәуір көп, бірақ майлар мен көміртектер аз болады.

Ешкі сүтінің май домалақтарының көлемі кішірек келеді. Бұл май­лардың жақсы сіңірілуі үшін ешкі сүтінде ортатізбектік үшгли­церидтердің болуы ықпал етеді. Олар — лимфалық қылтамырларды айналып өтіп, бірден веналық жүйеге енетін, ішекте өтсіз сіңетін ерекше қабілеті бар майлар.


АҚШ мамандарының пікі­рін­ше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адам­ның физиологиялық қа­жеттіліктерін оңтайлы қанағат­тан­дырады. Олардың деректеріне сай, сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Бұл пікірді ита­льян­дық медицина қызметкерлері жоққа шығаруда. Олардың зерт­теулері керісінше нәтиже берген: сиыр сүтін көтере алмайтын балалар ешкі сүтін де бірдей әсермен қабылдаған. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын емдеуде, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.
Қорыта айтқанда, ешкі сүтін ерекше химиялық құрамына сай пайдалы тағам өнімдеріне жат­қызуға болады. Халықтың жаппай тұтынатын өнімі ретінде түрлі жас топтары арасында қолданылуымен қатар, ешкі сүтінің түрлі ауру­лардың алдын алу шараларында да тиімділігін ескерген жөн.

Оны ғалымдар дәлелдеп отыр, - дейді алматылық кәсіпкер Әділ Сыдықұлы ОМАР (суретте). Алайда, ол біздің редакциямызға ешкі сүтінің пайдасы жөнінде әңгімелеуге келген еді. Бүгінде ол Қазақстандағы ешкі сүтін өндіруді қолға алған жалғыз кәсіпкер. Кәсібін ашуға түрткі болған да оның жеке басындағы жағдай еді. 1993 жылы Әділ Сыдықұлының асқазаны қатты ауырады. Дәрігерлер оның асқазанының жартысын кесеміз деп шешкен. Сол кезде кәсіпкердің дәрігер болып келетін жақын досы оған ешкі сүтін ішіп қарауға кеңес береді. Әділ Сыдықұлы екі жыл үзбей ешкі сүтін ішіп, ауруынан сауығып кетеді. Қаладағы дәрігерлердің өздері одан қайда барып емделгенін сұрап таң болған. Кейін Атырауға жұмыс сапарымен келіп жүргенде асқазаны сыр бере бастап, өңделген ешкі сүтін іздейді. Сол кезде Атыраудағы супермаркеттердің бірінен Ресейде өндірілген ешкі сүтіне көзі түседі. Соны алып ішкенде де денсаулығы түзеліп, өзін қайтадан жеңіл сезіне бастайды. Сөйтіп, Атыраудағы таныстарынан ешкі сүтінің өнімін көптеп салып жіберуді өтінеді. Кейін ол: «Ешкі сүтінің пайдасын өзім ғана көргенше, халыққа да неге жақсылық жасамаймын? Ешкі сүті қаншама ауруды емдеп жазар еді? Сүйек сырқырағанда, буын ауырғанда, жас балаға беруге, денсаулықты түзеуге керемет нәрсе ғой» деп ойлайды ол. Сөйтіп, екі жыл бойына әлемдегі ешкі сүтін өндірушілердің тәжірибесіне үңіліп, ешкі сүтінің емдік қасиеті туралы ғалымдар жасаған зерттеу жұмыстарымен танысады. Сөйтіп, былтыр қыркүйек айында ешкі сүтін Голландия және Швеция технологиялары бойынша өңдеген күйі тетрапакетке құйып сатумен айналысуға кіріседі. Кәсібін бастамас бұрын Әділ Сыдықұлы ҚР Қазақ тамақтану академиясының академигі Төрегелді Шарманов ағаймен кеңеседі. Төрегелді ағай ешкі сүтінің кереметтілігін тамсана айта келе, оған осы алған бетінен қайтпауына тілекші болған.

Айтпақшы, кәсіпкердің тағы бір көзі жеткен оқиғасын еске түсіріп отырмыз. Бір таныстарының үйінде аяқ астынан қарт кісінің тамағынан мүлде ас өтпей қалады. Төсек тартып жатқан науқаспен қош айтысатын боламыз дегенде, Әділ Сыдықұлы оған ешкі сүтін ішкізуге кеңес береді. Бір қасық ешкі сүтін 21 күн ішкізгеннен кейін ғана, әлгі қарттың беті бері қарап, тәбетінің ашылғандығы байқалған. Міне, ғажап!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет