Бір тәулік өткен соң екі ыдыстағы сүттің бетіне қаймақ пайда болды.
Бірақ екі сүттің дәмі сол қалпында қалды. Екі ыдыстағы сүтті тағы біршама уақыт үйдің температурасында қалдырып не боларын бақыладым. Тағы бір тәулік өткен соң ана сүті мен ешкі сүті бір уакытта ашыды. Стакандағы ана сүтінің суы астына түсіп қаймағы бетінде қалды, ал ешкі сүті сол қалыпта қалды. Осы тәжірибеде мен ана сүті мен ешкі сүтінің ұксастығы мен айырмашылығын көргім келді. Сонда көргенім екі сүттін де құрамындағы май мөлшері сәйкес келеді, ана сүтінің құрамында су көп екендігін, ал ешкі сүтінің құрамында белок көп екендігін. Сонымен қатар дәм ерекшеліктерін байқадым.
Қорытынды
Осылай ата-бабаларымыз түсiне қарай “Бөрте”, “Жағал”, “Бурыл” деп атаған ешкілердің бағасын біз білмесек те, өзгелер баяғыдан бері оның пайдасын көріп отыр. Қазір дамыған шет мемлекеттер холестерині көп майлы еттен гөрі диеталық тағамдарға мән беріп келеді. Ешкі сүтінің адам денсаулығына пайдасы туралы ел арасында ертеден белгілі. Ешкі сүті әсіресе жас сәбилерге өте пайдалы. Ана сүтін жарытпайтын бөбекке сиыр немесе қой сүтіне қарағанда ешкі сүті жеңіл тиеді.
Ешкі сүті балаларды іш өтуден, Боткин ауруынан сауықтырады. Сондай-ақ, өкпе дертінен тез сауығуға септігін тигізеді. Оған қоса, сүтте сілті реакциясы болады, сондықтан оны асқазанның қышқылдығы жоғары адамдардың ішкені дұрыс. Сондай-ақ ешкі сүтінің түрлі аллергиялық ауруларға қарсы тұра алатын қасиеті бар, сол себепті теміреткісі, демікпесі және безгегі бар адамдар үшін де шипасы зор.
Ғылыми жобаның нәтижесінде, ата –бабаларымыздың ертеде пайдаланған ешкі сүтінің ерекше қасиетін жоғары деңгейге көтеру біздің адамгершілік парызымыз дегім келеді. Сүттің қасиетін біле отырып оны қастерлейік! Ақты жерге төкпейік, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа дәріптейік!
Пайдаланған әдебиеттер
"Қазақ энциклопедиясы", 8 том.
Кежеахметұлы С. Қазақтың дархан дастарқаны. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010.
Кежеахметұлы С. Қазақ халқының салт дәстүрлері. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2010.
Бапталған ешкі сүті — аллергияға қарсы ем http://balana.kz/363/besake
Ақ жайық газеті, 16 маусым 2011 «Ешкі сүті - тоқсан тоғыз аурудың ем» мақаласы
Сүт өнімдері есте сақтау қабілетін жақсартады. //http://www.infoportal.kz
Ешкі сүтінің пайдасы зор http://kerekinfo.kz/blog/halykemi/2348.html
“Ешкі сүтінің пайдасы” Айқын Республикалық қоғамдық-саяси газеті
Ғалымдар сүттің 15 пайдалы қасиеттерін атап шықты.// http://www.omoloke.kz
Ұлттық тағамдардың пайдасы.// http://massaget.kz.
Сүт айдыны.//http://www.bonduelle.kz
Қазақстанда «Денсаулық сүті» бағдарламасы басталады.//http://www.omoloke.kz
Ешкі сүті туралы қазақша ашық сабақ.//http://bilimkozy.idhost.kz
Сүт өнімдері.// http://magistr.kz/referat
Сүт асқазанды қорғайды. //http://www.omoloke.kz
Сүт тағамдары туралы не білеміз?// http://www.zhardem.kz/news
Методика измерений показателей состава и плотности молока и других молочных продуктов ультразвуковым методом №ВНИМИ – 01 -2000. – Москва, 2000.
Достарыңызбен бөлісу: |