Ешкі сүтінің пайдасы мен емдік қасиеттері



бет2/3
Дата31.03.2018
өлшемі1,36 Mb.
#39933
1   2   3

Аллергияда

Аллергияға бейім адамдарға сүт өнімдері жақпайтындығы бәрімізге белгілі. Мұндай науқастар әсіресе, сиыр сүтін пайдалана алмайды. Себебі, сиыр сүті аллергияның қоздырушысы. Бірақ сүт сіздің ағзаңызға қажет. Ойлап, қамығудың қажеті жоқ. Оны 100 пайызға алмастыра алатын өнім - ешкі сүті. Мұны түсіндіру оңай: ешкі сүті біріншіден, аллергияны қоздырмайды, сонымен қатар, аллергияға бейім адамдардың ауруын түбімен жоятын қасиетке ие.



Ағзаны қалпына келтіруде

Ешкі сүтіндегі май түйіршіктері сиыр сүтіне қарағанда өте төмен. Сондықтанда адам ағзасына түскен ешкі сүті тез қорытылып, сіңетіндіктен, түрлі факторлардың салдарынан әлсіреген ағзаға өте пайдалы. Сонымен қоса ешкі сүтінің құрамында калийдің мөлшері өте көп. Сүт құрамындағы бұл элемент әлсіреген ағзадағы жүрек-қан тамыр жүйесі жұмысына өте қажет.



Сүйекке пайдасы

Ешкі сүтінің құрамында сүйек тіндерін қатайтатын кальций және Д тобындағы дәрумендер қоры жеткілікті. Сондықтанда дәрігерлер балаға бір жастанбастап рахит ауруының алдын алу және оны емдеу үшін ешкі сүтін беруді ұсынады. Соңдай-ақ, дәрігерлер мен ғалымдардың дәлелдеуінше, бұл киелі жануардың сүтін сүйегі сынғаң адамдар күніне 1 стақаннан ішіп тұрса, сүйегі бітіп, қалпына келу процесі 2 есе жылдам болады.



Ішек дисбактериозында

Ішек микрофлорасының баланс бұзылысында ешкі сүтінен жасалған өнімдер ішек жұмысын қайта қалпына келтіруге көмектеседі. Сондықтанда бұл дерттен тезірек айығу үшін міндетгі түрде ешкі сүтін ішіп, одан жасалған өнімдерді тамақ рационына еңгізіңіз. Ал сүт өнімімен емделу тәсілі мынадай: әр 10 кг. салмаққа 100 гр. сүт өнімін пайдалану қажет. Емделу курсы келесі көрсеткендей: 3 күн ешкі сүтін және одан жасалған өнімдерді пайдалану, содан кейін 2 күн үзіліс жасайды. Енді 5 күн үзбей пайдаланып, 1 күн үзіліс жасау. Содан соң 1 апта пайдалану керек. Ем соңында міндетті түрде дисбактериозға анализ тапсырып, емнің нәтижесіңе көз жеткізгеніңіз дұрыс.



Асқазан және ішек ауруларында

Асқазан және ішек аурударының кез келген түріне ешкі сүті шипалы. Оның құрамындағы лизоцин асқазан және ішектегі шырышты қабық жараларын емдейді. Сонымен қатар, асқазан сөліндегі қышқылды бейтараптандыратын ерекше қасиетке де ие. Егер асқазан жарасы зардабын тартып жүрсеңіз, онда сізге ешкі сүтімен жүргізілетін мынадай ем көмектеседі. Күн сайын таңертең аш қарынға ешкінің 1 стақан шикі сүтін ішіңіз. Содан кейін кешке дейін ұрттап 2 стақан сүтті тауысу қажет. Емдік курс 21 күн жүргізіледі.



Ешкі сүті диатез дертінде

Қазіргі кезде көптеген балалар мен олардың ата-аналары диатез және терінің қабынуы сияқты дерттерге тап болып жатады. Мұндай ауруға шалдыққан бала қиналатындығы мен оның емделуі ұзақ уақыт алатынын ата-аналар біледі. Албұл дерттен ешкі сүтін ішіп біржола арылуға болады. Дәрігер-педиатрлардың аңықтауынша, ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды екен. Сондықтан да балаға үзбей ешкі сүтін беріп, түрлі дерттің алдын алған дұрыс.



Ұйқы безінің қабынуына

Ешкі сүтінің ұйқы безінің қабынуында (панкреатит) да пайдалы екендігі дәлелденген. Бұл дертке шалдыққан науқас күніне 0,5 стақан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішуі қажет.



Қант диабеті дертіне ешкі сүтінің пайдасы

Халықтық медицинада қант диабетімен ауыратын науқастарға ешкі сүтімен жүргізілетін емдік тәсілдер өте көп. Соның бірі күніге әр 2 сағат сайын ешкі сүтін үзбей ішуге кеңес береді. Бірақ мұндай ем жүргізген кезде дәрі-дәрмек ішпеу қажет.



Қатерлі ісік дертіне пайдасы

Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиетке де ие. Сондай-ақ, иммунды жүйені қатайтады. Халықтық медицина мынадай емдік тәсілдер ұсынады:



Дайындауға қажеттілер:

* 100 гр.бал

*1дана алоэ жапырағы

* 500 гр. ешкінің шикі сүті



Дайындау тәсілі:

Шыны ыдысқа балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң еттартқыштан өткізілген 3 жылдықалоэні салып 5 минут қайнатамыз. Енді дайын болғаң қоспаны ешкі сүтіне қосып араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң 1сағат сайын әр 10 кг. дене салмағына 50гр-нан өлшеп науқасқа беру керек. Бірақ бұл емді жасамас бұрын дәрігермен алдын ала кеңесіп алған дұрыс.



Ешкі сүті жүкті аналарга

Ешкі сүті құрамындағы дәрумендер, микро және макроәлементтері ана ағзасы мен жатырдағы бала үшін өте пайдалы азық болып табылады. Ал сүт құрамындағы кальций баланың сүйегін дұрыс қалыптастыруға септігін тигізсе, болашақ ана тістерінің түсуін және тырнақтарының сынуын болдырмайды.



Емізулі анаға

Емізулі ана күнделікті ешкі сүтін пайдаланса өзінің ағзасымен қоса баланың ағзасын дәрумендер қорына байытып, жаңадан қалыптасып, дамып жатқан сүйектерін қатайтады. Сондай-ақ, ешкі сүтін үзбей ішетін емізулі ана қаназдық дерті мен дәруменнің жеткіліксіздігінен сақтандырылады.



Ешкі сүті косметологияда

Косметологияда да өз орнын тапқан ешкі сүті терідегі түрлі бөртпелер мен дақтарды кетіруте табиғи тазартқыш құрал болып табылады. Сонымен қоса теріні ағартып, шаштың түсуін тоқтатады. Ол үшін әр шашты жуған кезде, ешкі сүтімен шайып тұру қажет.


Артық салмақтан арылғысы келген адаммен тәжірибе .

Мен өз тәжірибемде ешкі сүтін күнделікті қолданған адамның артық салмақтан арылуын бақыладым.Ешкі сүті майлы болғанымен ол ағзаға май жинамайды. Ал құрамы дәрумендерге өте бай бұл сусын, емдәм ұстап жүрген адам ағзасын түрлі дәрумендермен қоректендіреді. Сол себебті басқа тағамдарды адам ағзасы қажет етпейді.



Бұл тәжірибеден өтуге ниет білдірген әрі маған көмектескен менің апайым Жаныл Сейтқұмарқызы. Ол кісі күнделікті ас ішердін алдында 1 стакан ешкі сүтін ішіп отырды. Тәжірибенің алғашқы нәтижесі 20 күннен кейін байқалды. Тәжірибені тағы 20 кунге создық. 40 күн ішінде 7 кг салмақтан арылды. Осындай тәжірибе артық салмақтан арылғысы келген адамдарға пайдалы әрі денсаулыққа зияны жоқ табиғи дәрумендерге бай болып келеді.

3.Ешкі сүтінің еліміздегі тапшылығы

Жаңашылдыққа бет бұрған бүгінгі әлемде 1 миллиард шамасында ешкі малы бар екен. Оның саны жөнінен көш бастап тұрған Қытайда 180 миллион басқа жуық Сексек ата тұқымы бағылатын кө­рінеді. Ал Үндістанда – 130, Пәкістанда – 50, Бангладеште – 40, Иран мен Нигерияда – 30, Судан, Эфиопия, Индонезия мен Сомалиде 20 миллион шамасында малдың осы тұқымы кездеседі. Бізде ше? Қазақстанда ешкінің саны 2 миллионнан аспаса, облыстық статистика департаментінің 2011 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы дерегіне сүйенсек, өңіріміздегі 277 мың қой-ешкінің 12 мыңы ғана – Сексек ата тұқымы. Олардың барлығы да жекеменшіктің үлесінде. Ал ешкі өсіретін шаруашылықтар өңірімізде мүлдем жоқ. “Есі кеткен ешкі жиып, ес жияр” деген халқымыз бұл түлікті өсімталдығы үшін бағаласа, бүгін оның аталмыш қасиетіне ешкім қызығушылық танытпайды. Себебі, өсімталдығы жағынан жалпақ танаулыға тең келері болмай отыр. Ал ешкінің ұтары көп.

Ал ешкінің сүті болса сан түрлі ауруға ем. Оған оның бағасы да дәлел. Өткен жылы біздің өңірдің сауда орындарына жиі түсетін ресейлік ешкі сүтінің бір литрі 1000 теңгеден арзан болмаған. Ал елімізде бірді-екілі шағын және орта кәсіпкерлік өндіретін ешкі сүтінің 1 литрі 670 теңгенің маңайында. Дәрігер мамандардың айтуынша, 600-ге тарта шөп түрін қорек ететін ешкі сүтінде 12 түрлі дәрумен бар екен. Жылқы, сиыр және қой малы одан бірнеше есе аз шөппен қоректенеді. Осының арқасында ешкінің сүті мен етінде адам ағзасына өте қажетті дәрумендер көп. 


АҚШ мамандарының пікірінше, ешкі сүті сиыр сүтіне қарағанда адамның физиологиялық қажеттіліктерін оңтайлы қанағаттандырады. Олардың деректеріне сай сиыр сүтіне аллергиясы бар адамдардың көпшілігі ешкі сүтін жеңіл көтереді. Канадалық дәрігерлердің айтуынша, ешкі сүті тері мен буын ауруына шалдыққан адамдардың денсаулығына жақсы әсер етеді, әрі өт-тас ауруларын, фибромиома мен балалар эпилепсиясын емдеуде аса пайдалы.

Осыған орай мен сыныптастарымның арасында сауалнама жүргіздім. Сауалнама нәтижесінде мүлдем қолданбайтындар 85 пайызды құрады, ал тұтынатын отбасы 2 пайыз болса жылына 2-3 рет ғана қолданатын отбасы 13 пайызды құрады. Ал ешкі сүтінің пайдасын қаншалықты білесін деген сұраққа 30 пайызы хабары жоқ екенін 55 пайызы кітаптан оқығанын айтса 15 пайызы естігенің айтады.Бұл көрсеткіштер менің көңілімнен шықпады. Менің зертеуім бойынша ешкі сүтін көп қолданған дұрыс.Сондықтан өзімнің тетелес құрдастарыма ешкі сүтінің пайдалы екендігін және денсаулықты сақтаудың амалдарын жеткіздім.


Сыныптастармен өткізген сауалнама қорытындысы

Ешкі сүтін отбасыңызда қолданасыз ба?

Жоқ, мүлдем қолданбаймын

85%

иә, жылына 2-3 рет ғана

13%

иә, жиі тұтынамын

2%







Ешкі сүтінің пайдасын қаншалықты білесіз?

Кітаптан оқыдым

55%

Әжемнің айтқанынан білемін

15%

Хабарым жоқ

30%

4.Ешкі сүті ана сүтін алмастыруға лайықты.


Қазір дүкендерден ана сүтінің орнын басады деген, құрамында түрлі-түрлі жақсы қоспалар, витаминдер және микроэлементтері бар сүт өнімдерін кездестіруге болады. Бірақ ана сүтінің керемет құпияларын білетіндер кемде-кем. Шынымен де, жаңа туылған сәбиге ана сүтінің қажеттілігі жоғары ма? Оның соншалық артықшылығы қандай? Біз осы жайында сөз қозғамақпыз.

Ең алдымен, ана сүтінің 87%-ын су құрайды. Су биологиялық тұрғыдан белсенді және жақсы сіңеді. Сондықтан, ана сүтімен қоректенген сәбиді алғашқы жылы сумен сусындандырудың қажеті жоқ.

Ақуыздар сүттің 1%-ын құрайды. Ал сиырдың сүтінде ол молырақ кездеседі. Өйткені жануарлар жылдам өседі, сондықтан оларға сондай мөлшердегі ақуыз міндетті. Ал кішкентай адам баласы үшін мұндай көп ақуыз зиянды: сәбидің әлі жетілмеген бүйрегі үшін жануардың сүтінің ақуыздарын ыдырату өте қиын. Ана сүтінің ақуыздары алуан түрлі әрі бағалы. Ол баланы аурудан қорғап, организмі үшін құрылыс материалы рөлін атқарады. Ең маңызды ақуыз-қорғаушылар – иммуноглобулиндер. Ана сүтінде бала өз өмірінде кездесетін барлық микробтарға қарсы иммуноглобулиндер болады. Әсіресе А санатындағы иммуноглобулиндер маңыздырақ – олар ішектің шырышты қабатында орналасып, қанға микробтар мен вирустарды өткізбейді.

Ана сүтінде лактоферриннің үлесі басқа сүтқоректілердікімен салыстырғанда өте мол. Әсіресе, туылғаннан кейінгі кезеңде өте қажетті зат. Сиыр мен ешкінің сүтіндегі негізгі ақуыз – казеинге қарағанда, ана сүтінің ақуыздары оңай ыдырап, қорытылады. Казеин бала асқазанына түссе, тығыз болғандықтан тез сіңбейді. Ана сүтінде казеиннің мөлшері төмен және құрамы жұмсақ болғандықтан, жеңіл қорытылады. Мұны сәбидің дәретіне қарап оңай айыруға болады – емізілген балада сұйық әрі жеңіл иісті, ал жасанды сүттен емген баланыкі барынша қою әрі өткір иісті.

Емшектегі сәбиге ешкі сүтінің ұйындысы ана сүтінің қорытылуындай әсер береді. Ғалымдардың дәйектері бойынша, ешкі сүтінің құрамында темір аз болуына қарамастан, ол баланың ішегінде сиыр сүтіндегі темірге қарағанда тиімдірек сіңеді. Ал ешкі сүтіндегі В12 дәруменінің жеткіліксіздігі бұл сүтпен қоректендендірілген сәбиде мегалобласты анемия туындауының себебі болуы мүмкін. Бұл дімкәстің себебі — азықта В12 дәрумені мен фолий қышқылының тапшылығы болуынан, соңғысының мөлшері ешкі сүтінде де аз болады.

Майлар ана сүтінің 2-4,5%-ын құрайды. Майдың көп бөлігі емізіліп жатқан сүттің соңғы жағында кездеседі. Сондықтан көптеген мамандар баланы емізу уақытын шектеуді құп көрмейді, әдетте бала суға толы бастапқы сүт пен майға толы соңғы сүтті ему барысында ему ұзақтылығын өзі реттейді.

Ана сүтінің тағы бір ғажайып артықшылығы – баланың қажеттілігіне қарай тұрақты түрде лайықталып отырады. Егер сәби ыстықтап жатса – сүттегі майдың мөлшері төмендейді. Сәби өскен сайын – инфекциядан сақтайтын лейкоциттер мен иммунитетті бекітетін заттардың көлемі арта бастайды. Ғалымдар ана сүтінің құрамынан ылғи да жаңа заттар (қазірдің өзінде 500-дей) мен оның тамаша қасиетін таба отырып, оны таңғажайып элексир деп атауда.

Ана сүті мен ешкі сүтінің салыстырмалы құрамы.

Сүт

Су

Белок

Май

Қант

Күл

Әйел

876

15,0

39,0

74,5

2,1

Ешкі

861

41,0

44,0

44,0

8,0

Жалпы, педиатрлар ешкі сү­тіне бірауыздан ықылас білдіруде. Балаларды қоректендіруде сиыр сүтіне қарағанда, ешкі сүті жа­рамды келеді. Әрине, бала үшін ана сү­­тіне жететін тағам жоқ. Бірақ жа­санды немесе аралас қорек­тен­діруде ешкі сүті ана сүтін алмас­тыру үшін лайықты және 6 айдан асқан балалар үшін қосымша қорек ретінде пайдалануға болады.

Жалпы, ешкі сүтінің ерекше және сиқырлық қасиеттері жайлы пікірлерді салмақтай отырып, мамандар оның бойында бірқатар пайдалы ерекшеліктері бар екенін және сиыр сүтін көтере алмайтын және оның нәруыздарына алле­р­гиясы бар балаларды тамақ­тан­дыруда тиімді колдануға бо­латынын айтады. Жақында Ресей нарығында ешкі сүті негізінде жасалған, ана сүтін алмастыратын, бейімделген қоспалар пайда болды. Сондықтан ата-аналардың өздерінің сәбилерін ешкі сүтімен қоректендірудің жоғарыда айтылған ерекшеліктерін байқап көруіне мүмкіндіктері бар.


Төрт айға дейінгі сәбилердің тағам үлесі емшек сүтінің ал­мас­тыр­ғыш­тарымен шектелуіне сай ал­лергия тудыратын өнімді алып тастау қиынға түседі. Сиыр сүтінің нәруыздарына немесе соя нәруыз­дарына аллергия болған жағдайда, ешкі сүті негізіндегі бейімделген қоспалар пайдаланылады. Оларды сәбилерге туғаннан бастап қол­дануға болады.
Ешкі сүті сәбилерді іш өтуден сақтайды. Аллергологтар оны сиыр сүтінен жасалған өнімдерді көтере алмайтын балаларға да ұсынады.
Ешкі сүтінен немесе оны қо­сып ашытқан өнімдердің пайдасы да мол. Швейцарлық сырлардың атағының құпиясы — сиыр сүтіне ешкі сүтін қосып жасауында болса керек.

Йогурт секілді танымал өнім ешкі сүтінен шыққан. Профессор Мечников ешкі сүтінен жасалған болгар йогуртынан емдік лак­тобациллинді бөліп шығарды.


Гүлсім Кумарбековна әжемен сұхбатым


Ол кісінің айтуы бойынша қазіргі кезге қарағанда бұрынғы ата-бабаларымыз ешкі сүтін көп пайдаланған екен. Бұл кісілер отбасымен 35 жылдан бері өз меншіктерінде ешкіні асырап бағуда. Ешкі өте өсімтал ұй жануары. Бұл отбасы ешкі сүтін күнделікті қолданады. Гүлсім әже 7 айлық болып туылған немересін анасының сүті жеткіліксіз болғандықтан ешкі сүтін қосымша беріп отырған. Өйткені ешкі сүті тез қорытылады деді. Сонымен қатар жас сәбидің сүйегін тез қатайтады екен. Бұл кісінің айтқан мәліметтеріне сүйенсек тағы бір дәлел ешкі сүті ана сүтін алмастыруға лайықты. Ешкі сүтінің бір ерекшелігі оны шикі күйінде қолдануға болады. Себебі ешкі туберкулез, бруцеллез ауруларымен ауырмайды екен.

Ешкі сүті мен ана сүтін бақылау тәжірибем


Екі ыдыс алып, бір уақытта сауылған ана сүті мен ешкі сүтін кұйдым. Ең бірінші олардың дәмін татып көрдім, сонда ана сүті тәтті болды, бұл ана сүтінің құрамында қант көп екендігін дәлелдеді. Ал ешкі сүтінін дәмі жағымды әрі бірден сезіле қоймайды. Сосын екі сүтті де үйдің температурасында қойып бакыладым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет