«esil university» мекемесі «Бекітемін» «Бизнес және басқару» факультетінің деканы



бет5/5
Дата24.09.2023
өлшемі297,5 Kb.
#182228
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
2.УМКД Иннов. басқару іскерлік коммуникация
І бөлім. Мектеп жасына дейінгі бала тілін дамыту әдістемесі-emirsaba.org
Аралық бақылау №

Аралық бақылауды орындаудың әдістемелік нұсқаулығы



Бірінші аралық бақылау

Презентация жасау- бұл жаңа, жаңадан құрылған нәрселерді ұсыну мақсатында студенттер тобымен ұйымдастырылған кездесу. Мақсаты - ақпараттың ең жарқын көрінісі. Презентацияның негізгі мақсаттары:
1. Аудитория назарына лайықты оқиға туралы ескерту;
2. Аудиторияны ұсынылған мәселелер бойынша іс-шараларға тарту;
3. Ұйымдық және басқа да процестердің мақсаттары мен міндеттеріне үлес қосу.
Презентация идеясына сәйкес келетін мақсатты аудиторияның нақты іс-әрекеттерін бастау, хабарлама жоспары.
Презентацияны дайындау жеке және шағын топтарда жүргізілуі мүмкін.

Екінші аралық бақылау

Эссе жазу-студенттің өзіндік жұмысының нәтижесі болып табылады. Бұл нақты ғылыми (зерттеу) тақырыбын теориялық талдаудың жазбаша нәтижелерінің қысқаша мазмұны. Бұл жұмыста студент оқып жатқан мәселенің мәнін ашып, түрлі көзқарастар береді. Оқу басталғанда студенттерге эссе тақырыптарының тізімі беріледі. Модульді оқып-үйрену барысында студенттер эссе жазып дайындайды, тақырыптар ерікті түрде таңдалады.



Қорытынды бақылауды жүргізудің әдістемелік нұсқаулығы

«Инновациялық басқарудағы іскерлік коммуникация» пәні бойынша қорытынды бақылау компьютерлік тестілеу арқылы жүргізілетін емтихан түрінде болады.


Әрбір оқу пәніне сәйкес емтиханды өткізу түрі мен тәртібі факультеттің ғылыми кеңесінде академиялық мерзім басталғаннан кейін бір ай ішінде бекітіледі. Емтиханға аралық бақылау нәтижелерінде алған бағасына сәйкес (1-АБ, 2-АБ орташа арифметикалық бағасы) 50 балдан кем болмаса (кеңсе-тіркеуші), оқу ақысын төлеуде қарызы жоқ және академиялық демалыста немесе ұзақ уақыт емделуде болмаған жағдайда (деканның өкімімен) жіберіледі. Емтихандар өтетін аудиториялар мен дәрісханаларда, сонымен қатар шифрлеу, дешифрлеу және емтихан жұмыстарын тексеру бөлмелерінде дыбыс жазатын жоғары анықтығы бар бейнекамералар орнатылады. Бейнекамераға түсірілген материал емтихан өткенен кейін 6 ай ішінде Ақпараттық технологиялар мен инновациялық даму институтында сақталады. Факультет деканаты аудиторияларды емтиханға дайындайды: бейне аппратураның жұмысын тексеру, отырғызу орындарын нөмірлеу, тазалықты қамтамасыз ету және т.б. Кеңсе-тіркеуші келу парақтары мен емтихан тізімдемесін «Университет» жүйесінде құрастырады.
2021-2022 оқу жылында емтихан қашықтан тапсыру тәсілімен, платонус жүйесі немесе dot.kuef.kz порталында өтуі мүмкін. Дәстүрлі емтихан тапсыру процесі келесідей, деканат мамандары емтиханның алдында 1 күн бұрын келу парағы мен пән бойынша емтихан билеттерін басып шығарады, конвертке салып жапсырады және олардың уақытылы дайын болуына жауапты. Емтиханда осы пән бойынша сабақ бермейтін оқытушылар кезекшілік атқарады. Деканат білім алушылар мен кезекші оқытушылардың қойылған кестеге сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Емтихан басталуынан 15 минут бұрын кезекші оқытушы білім алушыларға отырғызу орындарының нөмірлері көрсетілген келу парағына қолдарын қойғызып, орындарына отырғызады. Кезекші оқытушы емтиханға келіп отырған білім алушының жеке басын куәландыру мақсатымен сәйкес құжаттар (жеке куәлік немесе сынақ кітапшасы) бойынша тексеріс жүргізеді. Егер емтихан тапсыруға өзге тұлға келген болса, кезекші оқытушы Ережені бұзылғаны туралы акт толтырады. Емтиханға кешігіп келгендер кіргізілмейді. Емтихан кезінде кезекші оқытушы бекітілген нұсқаулыққа сәйкес студенттердің тәртібін қадағалайды. Емтихан уақыты аяқталғанда кезекші емтихан жұмыстарын жинап, кеңсе-тіркеушіге шифрлеу үшін береді.Емтихан кезінде шпаргалка, ұялы телефон, сөздік, калькулятор қолдануға, бір- бірімен сөйлесуге және т.б. тыйым салынады. Осы ереже орындалмаған жағдайда білім алушы емтиханнан шығарылып, сәйкесінше акт толтырылады және пәнге «Ғ» (қанағаттанарлықсыз) бағасы қойылады. Емтихан ережелерін қайталап бұзған білім алушы ҚазЭжәнеХСУ-нің Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес Этика жөніндегі факультет кеңесімен қарастырылып сәйкесінше шара қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет