Есимов Азамат Ерланулы білім беру бағдарламасы


Бөлшектердің жұмыс сызбалары мен нобайлары (эскиздері)



бет2/12
Дата22.05.2023
өлшемі416 Kb.
#177416
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Индуктивті катушка құрылғы бөлшектерінің жұмыс сызбаларын құрастыру және құрама бірліктерінің сызбасын орындау

Бөлшектердің жұмыс сызбалары мен нобайлары (эскиздері).



Кез келген бұйым – механизм, аппарат немесе қозғалтқыш жеке бөлшектерден тұрады. Бөлшектің белгілі тағайындалуы бар бөліктері бөлшектің элементтері деп аталады, мысалы: құлақша, қиықжиек, құрсау, ойық және т.б.
Машиналар мен механизмдердің бөлшектерін жасап шығару үшін негізгі құрамалық құжат (НҚҚ) – бөлшектің жұмыс сызбасы қолданылады.


Бөлшектің жұмыс сызбасы – бөлшекті жасап шығару, жөндеу, бақылау үшін қажетті кескіндер мен басқа да мәліметтерден тұратын құжат. Бөлшектің жұмыс сызбасы бұйымға қойылатын пайдалану талаптарын көрсету үшін арналған міндетті техникалық құжат.
Жұмыс сызбалары жобалау процесі кезінде құрастыру сызбасының, бұйымнан алынған нобайы бойынша орындалады.
Бөлшек нобайы – бұл оның сызу құралдарын қолданбай көз мөлшерімен орындалған жұмыс сызбасы.
Нобайлар, жұмыс сызбасын орындау негізі болып табылатындықтан, оларда барлық қажетті мәліметтер болады. Нобайдың жұмыс сызбасынан айырмашылығы оның сызу құралдарды қолданбай, дәл масштабты сақтамай, бөліктерінің пропорционалдығы көз мөлшерімен орналатындығында ғана.
Нобайлар уақытша қолдануға арналған сызбалар және кейбір бөлшектердің жекелеп орындау өндірісінде қолданылады, мысалы жабдықты жөндеу кезінде.
Бөлшектердің нобайларын олардың натурасына қарап орындайтындықтан оқушыларға алғашқы құрылымдық жұмысқа дағдылануды үйретеді.
Бөлшектерді жұмыс сызбаларына және нобайларға төмендегі талаптар қойылады:
-стандартты пішімде орындалуы тиіс;
-кескіндер бөлшектің геометриялық формасын толық ашатын жеткілікті санынан тұруы тиіс;
-ауытқу шектері белгіленген қажетті өлшемдер көрсетілуі тиіс;
-әр түрлі беттердің кедір-бұдырлығына қатысты талаптар көрсетілуі тиіс;
-беттердің пішінінің шеткі ауытқуларының және орналасуының белгіленулері көрсетілуі тиіс;
-бөлшектің материялы, термиялық өңделуі туралы, оны құрастыру кезінде қажетті қапталуы және таза өңдеу жөніндегі мәліметтер көрсетілуі тиіс;
-бөлшекке қойылатын техникалық талаптар көрсетілуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет