Ию арқылы жасалатын бөлшектердің өлшемдерін бөлшектің ішкі контурымен қою керек, себебі ию кезінде бөлшек қалып пішініне сәйкес пішінге ие болады. Құбырлардың майысу радиусын құбыр жалпайып кетпеу үшін (оны алдын ала құммен толтырып) осіне қатысты алу керек.
Қалыптау арқылы жасалатын бөлшектердің өлшемдерін қойғанда бір контурды, мысалы, бөлшектің ішкі контурын және оны жасайтын материалдың қалыңдығын көрсету керек.
Механикалық өңдеу арқылы жасалатын бөлшектің өлшемін қойғанда, жобалаушы бөлшекті жасағанда және өңдегенде керекті өлшем оңай оқылатынадай болуын естен шығармау керек.
Айналу беттері болып табылатын (“дөңгелек”) бөлшектерді ең ыңғайлы жасау және өңдеу әдісі – жону. Сондықтан бұл топтың бөлшектерінің бас көрінісін айналу осі жонғыш білдекте өңдейтіндей, осін горизанталь орналастырып кескіндейді.
1.4. Бөлшектер бетінің кедір бұдырлығы
Әр түрлі өңдеу тәсілдері қолданылатын бөлшекті дайындау процесінде дайын бөлшек бетінде кесуші құралдар әсерінің іздері қалып қояды. Кейде іздер жай көзге көрінеді, ал кейде бөлшек беті идеал жылтыр болады. Бірақ күшті үлкейту кезінде кедір бұдырлар көрінеді. Сонымен, абсолют жылтыр болып келтірілетін бетпен салыстырғанда нақты бөлшектің бетінде әрқашан пішіні бойынша да биіктік бойынша да кедір-бұдырлар болады.
Тегіссіздіктердің орналасуы, бағыты, пішіні және биіктігі бірқатар себептерге байланысты болады: өңдеу режіміне, кесуші құралдың суытылу және майлау жағдайлары, өңделетін материалдың микроқұрылымы мен химиялық құрамы, құрылғылар мен құралдардың құрамы, геометриясы, кесу мүмкіндігі және т.б. Бөлшектің пайдалану қасиеттері кедір-бұдырлыққа байланысты, сондықтан бөлшектің жұмыс сызбасын немесе нобайын жасайтын жобалаушы олардың параметрлерін дұрыс анықтап, сызбада көрсету керек. Өте кішкентай шамадағы кедір-бұдырлар көп рет қайталанатын әр түрлі технологиялық операциялар нәтижесінде алынады және құны жоғары болады. Сондықтан кедір-бұдырлықтың шамасы пайдалану талаптарды қанағаттандыратындай оңтайлы болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |