1.3. Бөлшек нобайларында және жұмыс сызбаларында өлшемдерді қою.
Өлшемдерді қою бөлшектің жұмыс сызбасын орындаудың ең жауапты бөлігі. Өлшемдерді дұрыс қоймау бөлшекті жасағанда ақаулардың пайда болуына, ал өлшемдердің жетіспеуі бөлшекті жасау мүмкіндігі жоюға себеп болады.
Бөлшектердің сызықтық және бұрыштық шамаларын анықтайтын өлшемдер МЕСТ 2.307-68-ге сәйкес қойылады. Бөлшектердің өлшемдерін бұйымда әрекеттесуін, құрылымды ерекшеліктерін, жасалу технологиясын, өңделуді, өлшем бақылауын ескеріп қою керек. Осы талаптарға байланысты бөлшекті жасағанда, жинағанда және тексергенде өлшемдерді санау басталатын базалар таңдап алынады. Өлшемдерді қойғанда олар бойынша бөлшекті жасағаннан кейін оңай өлшеп, өңдей алатындай болу керек. Бөлшекті өңдегенде жұмысшы жетіспейтін өлшемдерді есептеуге уақыт кетірмеу керек.
Өлшемдерді қойғанда базаларды таңдау
Бөлшектің геометриялық элементтерінің өлшемдерін басқа элементтер жиынтығына қатысты қояды. Мұндай жиынтықты база деп атаймыз. Бұл өңдеу басталатын жазықтық, түзу сызық немесе симметрия осі, нүкте болуы мүмкін.
Базалардың дұрыс таңдалуы – жұмыс қабілеттілігі бар бұйым жасаудың қажетті шарты.
МЕСТ 21495-76-ге сәйкес, өлшемдерді қойғанда мынадай базларға қарап ажыратады:
1) құрылымдаушы өлшемдер бөлшектің механизмде орналасуын анықтағанды;
2) технологиялық өлшемдер бөлшекті жасағанда өңделетін беттің бағдарын көрсеткенде;
3) өлшегіштік дайындама немесе бұйымның орналасуын өлшеу кезін анықтағанды;
Өлшемдерді қоюға бөлшекті жасау технологиясының әсері
Бөлшектің жұмыс сызбасы механизмді жалпы қарастыру арқылы жасалады, бірақ өлшемдерді қойғанда әр бөлшектің жасалу технологиясын ескеру қажет.
Құю арқылы жасалған бөлшектердің өңделген және өңделмеген беттері болады. Мұндай бөшектерде базаларды таңдау және қою кезінде өңделмеген беттердің арақашықтықтары өңделген беттердің арақашықтықтарынан анағұрлым аз дәлдікпен қойылатынын ескеру қажет. Сондықтан өңделген және өңделмеген беттердің өлшемдері бөлек тізбектерде көрсетіледі. Бұл тізбектер бір-бірімен тек бір өлшеммен ғана байланыстырады. Мұндай жағдайда бір өлшемдік тізбектің дәлдігі екінші өлшемдік тізбектің дәлдігіне әсер етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |