Есірткілік анальгетиктердің (опиоидтер) биохимиялық фармакологиясы



бет2/12
Дата24.12.2021
өлшемі71,76 Kb.
#128610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Лекция 13 ДЗ Опиоидтар

Анальгетиктер:

  • Ауырсыну сезімін таңдамалы басатын, сезімталдықтың басқа түрлеріне маңызды әсер етпейтін және есте сақтау қабілетін бұзбайтын заттар

Анальгетиктердің әсер ету ортасына қарай жіктеледі:

  • Есірткілік анальгетиктер (морфин және т.б.)
  • анальгетикалық әсерге ие апиынды емес (клофеллин, димедрол, кетамин)
  • Аралас әсерлі анальгетиктер (апиынды және апиынды емес): трамадол
  • Бейесірткілік анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы, анальгин, парацетамол)

Есіртікілік анальгетиктер:

  • Айқын анальгетикалық белсенділікке ие;
  • Нашақорлық туындауы мүмкін: абстинентті синдромның дамуымен сипатталатын дәріге тәуелділік;
  • Көп мөлшерде енгізгенде наркозға, содан кейін комаға, ал ең соңында тыныс алу орталығы қызметінің тоқтауына әкелетін терең ұйқы шақырады.

Морфиннің сипаттамасы

  • Ауырсыну сезімінің екі компонентін ажыратады:
  • Ауырсынуды қабылдау – ауырсыну сезімталдықтың шегіне байланысты болады, ол төмен болған сайын адам ауырсынуға сезімтал келеді;
  • Ауырсынуға психикалық және эмоциялық жауап.
  • Морфин осы ауырсынудың екі компонентіне де әсер етеді. Біріншіден сезімталдық шегін жоғарылатады, екіншіден ауырсынуға эмоциялық жауапты өзгертеді.
  • Мысалы, морфинді терапиялық мөлшерде енгізгенде ауырсыну сезім сақталуы мүмкін, бірақ науқас оны бөтен бір нәрседей сезінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет