Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі


Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың негіздері



бет2/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев

2. Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың негіздері
2.1. Тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудағы шабуыл негіздері.............17
2.2. Қорғаныстағы бөлімше......................................................................................21
2.3. Қорғанысты ұйымдастыру................................................................................25
Қорытынды..............................................................................................................29
Пайдаланған әдебиеттер тізімі..............................................................................30

КІРІСПЕ

Отанымызды қорғау бүкіл халықтың ісі. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері – елді қорғау құралы. Қазіргі кездегі ұрыста Отанын, өз әскерін, халқын, демократиялық идеяларды шексіз сүйетін, жоғары моральды-саяси және ұрыс қасиеттерін меңгерген, өз қаруын, әскери техникасын мамандықпен игерген, денсаулығы мықты және тәртіпті сарбаз жеңіске жете алады.


Шектелген қысқа мерзімде күрделі қару-жарақты меңгеріп, Отан қорғанышы болу күрделі іс, сол себептен жастар мектеп қабырғасында өзін әскери қатарында қызмет атқаруға дайындау керек. Бастапқы әскери дайындық курсы оқушыларға Қарулы Күштер қатарында өзінің азаматтық борышын атқаруға себеп болады [1].
Осы жауапты міндеттерді орындау оқу орындарындағы педагогикалық ұжымға жүктелген. Оның ішінде, әсіресе – Бастапқы әскери дайындықты ұйымдастырушы-оқытушысына.
Әскери өнер ғылыми теория ретінде үш құрамды бөлікке: стратегия, оперативті өнер және тактика болып бөлінеді.
Тактика – бұл әскери өнердің құрамдас бөлігі. Қарулы Күштердің біріккен түрлерінің бөлімдерінің, әскер түрлерінің және арнаулы әскердің ұрыс жүргізудегі теориялық-тәжірибелік дайындығын қамтиды. Теориялық тактика ұрыстың мазмұнын, мәнін, заңдылығын зерттейді, ұрыс жүргізу дайындығының тәсілдерін дайындайды, бөлімдер және құрамалардың, бөлімшелердің жауынгерлік мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін оқытады. Тактикалық тәжірибе командирлердің әрекетін, штабтар және әскерлердің ұрыс жүргізудегі дайындығын қамтиды. Оған жататындар:
- болып жатқан жағдайдың мәліметтерін үнемі нақтылап отыру;
- өз қарамағындағыларға жауынгерлік міндеттерін жеткізу;
- бөлімшелер мен бөлімдерді басқару, ұрыс әрекеттерін жүргізу;
- әскери әрекеттерді қамтамасыз ету.
Тактикалық дайындық – бұл жеке құрамды бөлімшелерді, бөлімді және құрамаларды, сонымен қатар органдардың ұрыс жүргізуі мен дайындықтарын басқаруы. Тактикалық дайындыққа басқа барлық пәндерді оқу кірістірілген, өйткені ол білімнің жиынтығын, жауангерлердің атыс, техникалық, арнаулы инженерлік, ұрыстағы денешынықтыру дайындығындағы және басқа пәндерді оқу барысында алған іскерліктерімен, икемділіктерімен байланыстырады. Бұл әскерлерді үйретудің, даярлық дағдыландырудың негізі болады [2].
Тактикалық дайындық жоғарғы оқу орындарының талабы негізінде ұйымдастырылып жүргізіледі және әскери қызметшілерді үйрету мен тәрбиелеудің негізгі пәндерінің бірі болып саналады. Тактикалық дайындықты оқыту әскери қызмет өміріне жан-жақты әсер беретін, әскери қызметшілердің ерік-жігерін мықтап, өз денесін толық игеруге және зейінділікті, ұжымшылдықты дамытуға, сондай-ақ әскери тәртіпті сақтауға септігін тигізеді. Демек, әскери адамның сапта тұруының өзі жинақтылыққа, тәртіпке шақырса, ал тактикалық бұйрықтарды орындау оқытушыға бағынуға міндеттейді деген сөз [3].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет