Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принцитері Жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принцитері – бұл негізгі басшылық нұсқа, жалпы ұрыс жүргізуді ұйымдастырудағы басты кепілі.
Қазіргі жалпы әскерлік ұрыс жүргізудің негізгі принциптері болып табылатын:
- құрамалардың, бөлімдердің және бөлімшелердің әр уақыттағы жоғарғы әскери дайындығы;
- жоғарғы белсенділік, шешімділік және үздіксіз ұрыс жүргізу;
- кенеттен әрекет ету;
- келіскен, бірлескен түрде әскерлердің әр түрін және арнаулы әскерді ұрыста қолдану, олардың өзара үздіксіз әрекетін ұстау;
- шешімді түрде әскердің негізгі күшін басты бағытта және керек уақытта топтастыру;
- бөлім, бөлімшілермен және атыспен маневр жасау;
- жан-жақты есепке алу және моральдық-саяси, психологиялық факторды әскери тапсырманы орындау мүддесінде қолдану;
- ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету;
- әскерлердің жауынгерлік қабілетін уақытында қалпына келтіру және қолдау;
- қатаң және үздіксіз әскерлерді басқару, белгіленген мақсаттардың жетістігінен бас тартпау, қабылданған шешімдерді және қойылған тапсырмаларды орындау.
Барлау – ұрыс қимылдарын қамтамасыз етудің маңызды түрі болып табылады. Барлаусыз ұрыс қимылдарын ойдағыдай жүргізуге болмайды, сондықтан да оны ұйымдастыру бөлімшелер командирінің аса маңызды міндеті болып табылады. Барлау мақсаты – қарсыласпен жергілікті жер туралы мәлімет алу. Мұның өзі, негізделген шешім қабылдауға қажет. Барлау мыналарды анықтауы тиіс: қарсыластың күштері, құрамы және әрекетінің сипаты; ядролық қолдану және қолдануға дайындалу құралдарының тұрған орнын дер кезінде және дәлме-дәл анықтау, танктердің, артилерияның танкке қарсы және атыс құралдарының, инженерлік құрлыстар мен бөгеттердің бар-жоғымен орналасқан жерлерін, зақымданған аймақтарды және қираған, су басқан аудандарды, үйінділер мен қарсыластың басқа да объектілерін білу [21]. Бақылау – бөлімшелерде барлау жүргізудің ең көп тараған әдісі. Ол ұрыс қимылдарының барлық түрлерінде, кез келген жағыдайда ұйымдастырлады және барлық дәрежедегі командирлермен арнайы тағайындалған басқарушылар барлық басқару-бақылау пуктерінен және бөлімшелердің ұрыстық реттерінде жүргізіледі. Бақылау үшін, бөлімшеде бақылаушы, взвод пен ротада бір екі бақылау посты тағайындалады.