Шабуылдағы сарбаз
Шабуыл – ұрыстың негізгі түрі болып саналады және қарсыласты жеңу жетістігінде шешуші мәнге ие болады. Әрбір сарбаз шабуылды барлық күш-қуатымен, өзінің атыс қаруымен, қорғанушы қарсыласты жойып, ұрыста батылдық, белсенділік, тапқырлық көрсетуге тиіс. Шабуыл шапшаң, қарқынды және үздіксіз болуға тиіс, себебі қарсылас жақ аралық шептерде қарсылық ұйымдастыра алмауы керек. Қорғанушы қарсыласқа қарсы шабуыл жүріп келе жатқан бетпен немесе онымен тікелей түйісіп тұрған жағдайда жүзеге асырылады [23].
Достарыңызбен бөлісу: |