Қорғаныстың алғы шебіне келген қарсыласты және оқпанаға (орға) басып кірген қарсыласты жою әдістері. Тереңнен келе жатқан қарсыласты және тікелей түйісу жағдайынан шабуылға шыққан қарсыласты аға командирінің құралдарымен, яғни артиллерияның, авияцияның, танктердің және танкке қарсы құралдардың атысымен жояды. Сарбаз қарсыласты өзінің қаруының нақты ату қашықтығына жақындағанда ата бастайды [26].Алғы шепке жақындаған кезде, атыс барынша үдетіледі. Қарсыластың алғы шеп алдындағы минажарылғыш (жарылмайтын) бөгеттерден ұйымдасқан түрде өтуіне көздей атумен жол бермейді. Танктерге ілескен қарсыластың жаяу әскерінен шабуылын тойтару кезінде, сарбаз бірінші кезекте жаяу әскерді танктерден бөліп тастап барып жояды.