1.2 Сарбаздардың ұрыс барысындағы әрекеті.
Әрбір сарбаз ұрыс алаңын үздіксіз және екі нәрсені қалт жібермей бақылауда жүргізуге міндетті. Яғни, қарсыласты және жергілікті жерді бақылап оның әрекеті туралы мәлімет жинайды.
Бақылау – сарбаз-бақылаушы арақашықтықты заттардың бұрыштық өлшеммен анықтау (мыңдық формула бойынша). Арақашықтықта көрініп тұрған заттардың түзулік өлшемімен анықтау – бақылау орны.
Бақылау – қарсыласқа және жергілікті жерге барлау жүргізудің кең тараған әдістерінің бірі болып саналады. Бақылау әскерлердің ұрыс жүргізудің барлық түрлерінде ұйымдастырылады және үздіксіз күні-түні жүргізіледі. Көрініс шектеулі жағдайда болғанда, бақылау түнде көретін және басқа техникалық аспаптармен, жарақтандырғыш және тыңдаушы құралдармен жүргізіледі.
Бөлімшелердегі бақылауды бөлімше командирлері ұйымдастырады және бақылаушы орындардан және командалық бақылау пунктінен бақылау жүргізіледі. Бақылаушы арнаулы дайындалған сарбаз және сержанттардан тағайындалады. Ол жергілікті жерде күндіз және түнде жақсы бағдарлай білуі керек. Барлауда бақылау жүргізуде көзбен көргенін сақтау, шыдамдылық, төзімділік, ұшқырлық, ұшқыр ойлылық, салқынқандылық дағдыларын игеруі керек [22].
Достарыңызбен бөлісу: |