Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі


Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру



бет11/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев

Бөлімшенің атыс жүйесін ұйымдастыру кезінде бөлімшеге атыс жолағы, атқылаудың (оңға және солға) қосымша секторы, ал взводқа бұдан басқа шоғырланған атыс аймағы тағайындалады. Атыс құралдарына негізгі және қосымша секторы көрсетіледі. Гранатаатқыштық атыс бөлімшесінің атыс жолағы да дайындалады. Көрші бөлімшелердің атқылау және атыс құралдарының секторлары мен атыс жолақтары өзара бір-бірін жабуы тиіс.
Атыс жүйесінің дайындығы бекіністе атыс құралдарының орналасуымен, атыс үшін қажетті мәліметтерді дайындаумен, оқ-дәрінің болуымен анықталады.
Атысты басқаруды ыңғайлы ету үшін, бөлімше командирі өз бөлімшесінің атыс карточкасын жасайды.
Атыс маневрі дегеніміз – өз уақытында барлық бөлімшенің немесе бірнеше атыс құралдарының атысын бір маңызды нысанаға шоғырландыру, атысты бір нысанадан екіншісіне бірінен кейін бірін немесе бір мезгілде жою үшін ауыстыру.
Атыс маневрін әрбір жауынгер қолдана алады. Бұл үшін, ол ұрыс алаңын үздіксіз бақылап, нысананы анықтауы керек және маңыздылық деңгейі бойынша бір нысанадан екіншісіне ауыстыра отырып, қарсыласты жоюы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет