Шабуылдағы бөлімше
Шабуыл кезінде ұрыс міндетін ала отырып, оны бөлімшеге түсіндіреді. Ол мыналарды білуі қажет:
- бөлімнің, бөлімшенің және көршілердің міндетін түсіну;
- міндетті орындауға дайындалу уақытын, оны орындау мерзімін анықтау;
- жағдайды бағалап, қарсыластың қай жерде не істеп жатқанын, сондай-ақ олардың атыс құралдарының орнын анықтау;
- жергілікті жерді байқау, оның қорғаныс және жасырынуға ыңғайлы қасиеттері, бақылау жағдайы және атыс жүргізуді зерттеу;
- жеке құрамның міндетін анықтап, ұрыс бұйрығын беру;
Ұрыс бұйрығында бөлімше командирі мынаны ескертеді:
- бағдарлар;
- қарсылас құрамы, жағдайы және әрекет ету штаты, қорғаныстық алғы шебін сызу, атыс құралдарының орналасқан жері;
- бөлім міндеті (шабуыл объектісі және шабуылдың одан арғы бағыты);
- бөлімше міндеті (шабуыл объектісі және шабуылдың одан арғы бағыты);
- көршілердің, бөлімшенің алдында жүретін танкінің міндеті, оның нөмірі (тану белгісі);
- жеке құрамға берілетін міндеттер: пулемет сілтемешісіне, пулеметшіге, гранатаметшіге және жеке құрамға – жою нысанасы және атысты жүргізу тәртібі, жүргізуші-механикке – бағыты, шабуылдың қозғалу тәртібі, кедергілерден өту;
- барлық жеке құрамға – бөлімшенің алдында жүретін танкінің тану белгісі, онымен өзара әрекет ету тәртібі, сондай-ақ артиллерия және басқа да атыс құралдарының атысты жүргізу тәртібі;
- жаяу шабуылдауда бүкіл жеке құрамға, сондай-ақ әр сарбаздың тізбектегі орны, кедергілерден өту тәртібі;
- хабарлау, басқару, өзара әрекет ету белгілері;
- орынбасардың шабуылға дайын болу уақыты.
Бастағы орыннан бөлімшенің орналасуына дейін бөлімше бөлім коллонасымен қозғалады.
Бөлімнің орналасуы басталған сәтте бөлімше командирі ЖҰМ (БТР) өз бағытына шығарады, оператор-сілтемешіге және жүргізуші-механикке шабуыл объектісін анықтап, одан әрі шабуылдың бағытын, бекіністерден өтетін жерлерді анықтайды. Шабуыл жаяу іске асырылған жағдайда бөлім командирінің белгісімен жылдам жүріп, шабуылын жалғастырады. Шабуыл кезінде жылдам жүру рубежі белгіленеді. Ол қарсыластың пулемет оғынан қорғап, танкіге қарсы құралдарынан қорғауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |