Қорытынды
Бүгінгі күнгі әскери іс-қимылдар барлық әскери оқытушылардан (бөлімшелерді) әскери дайындықта жүрген, мейлі студент болсын, мейлі жауынгер болсын қалай дегенде де, оларды басқаруда нақтылық пен біліктілікті талап етеді. Ал бұл өз кезегінде, тек ең қиын жағдайларда күрделі тапсырмаларды шеше алатын, әскери қызметшілердің немесе болашақ Отан қорғаушы студенттердің жоғарғы ұйымшылдығы мен үйлесімділігі арқасында мүмкін бола алады. Дұрыс бекітілмеген тактикалық білім-тәжірибесіз жауынгерді ертеңгі ұрыс қимылдарды жақсы орындап шыға алатындай етiп дайындау мүмкін емес. Сондықтан, тұрақты түрде тактикалық біліктілікті жетілдіре түсу, бүгінгі күні барлық әскери оқытушылардың бірінші кезектегі алға қойған мақсаты болуы тиіс. Тәжірибеге сүйенсек, тактикалық тәсілдерді үйрену үшін жүргізілетін жаттығуларға арналған уақыт жеткілікті екен. Ендеше, әр әскери оқу орындарында, одан қалса, офицерлер дайындауға маңызды үлес қосып келе жатқан еліміздегі санаулы жоғарғы оқу орындардың әскери кафедралары оқу жоспарларына, яғни тактикалық дайындықты қамтамасыз ететін оқу-әдістемесіне баса назар аударса деймін. Дегенмен, барлығы былайша айтқанда, басым көпшілігі әскери оқытушылардың бар мүмкіндікті пайдалана білуіне де байланысты. Барлық әскери қызметтің жағдайы, ондағы бүкіл күн тәртібі сарбаздар мен студенттерге өздеріне қажетті тактикалық тәсілдерді үйренуіне қолайлы негізделген деп ойлаймын. Тек қана, тактикалық тәсілдерді үйренуде әрдайым жоғарғы талап болу керек.
Жауынгерлік дана сөзі былай дейді: «Тактикасы жақсы болған – ұрыста мықты болады», ал бұл дегеніміз, егер әр жауынгердің, студенттің тактикалық деңгейі жақсы болатын болса, кез келген тапсырманы оңай орындап шығуына мүмкіндік береді деген сөз.
Жалпы, әскери дайындыққа тікелей байланысты көптеген пәндер бойынша жүргізілетін сабақтар жеке құрамның ұрыстағы іс-әрекеттерімен үйлесімді болғанын қалаймын. Кез келген сабақтың сапасы көбінесе, әскери оқытушылардың өздерінің ұрыстық-тактикалық талаптарын орындауына байланысты екенін де ескерген жөн.
Қазақстан Республикасы Әскери доктринаның барлық негізгі ережелерін дәйекті орындайтын, БҰҰ-ның Жарғысын, халықаралық құқық нормалары мен принциптерін қатаң және бұлжытпай ұсынатын болады. Сонымен, біз тактикалық дайындықты оқыту деңгейін, ұрыс қимылдарында маңызды екенін біршама түсіндік. Қалай десек те, соғыс табиғаты қатал, жеңіл-желпіге көнбейтін күрделі құбылыс емес пе? Онда жауынгерлердің дайындық, оқу-жаттығулар барысында жиған-терген, тер төгіп сіңірген білім тәжірибесі қаншалықты болғандығы айқындалады. Жоғарыда айтқанымыздай, сол оқу-жаттығулардың ішіндегі бірі тактикалық өнер екенін, тағы да сіздерге, яғни студенттерге айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |