Қорғаныстағы бөлімше
Қорғаныс – қарсыластың шабуылына тойтарыс беру, көптеген шығын келтіру, позицияны ұстау және шабуылға шығуға жағдай жасау мақсатында қолданылатын ұрыс түрі.
Қорғанысқа қойылатын талаптар деп, қойылған мақсатты орындауды қамтамасыз ететін негізгі қасиеттерді түсінуге болады.
Қазіргі қорғаныс қарсыластың жаппай қыру қаруын, қарудың дәлдігі өте жоғары жүйесі, авиация, тікұшақ және танкілерді кеңінен қолдану жағдайында жүргізіледі. Сондықтан да, қорғаныс тұрақты, белсенді, қарудың барлық түрін қолдану арқылы қарсыластың соққысына тойтарыс бере білуі керек. Қорғаныстың тұрақтылығы деп – бөлімшенің қарсыластың қуатты соққысына тойтарыс беріп, позицияны қиын жағдайда ұстай білуін айтамыз.
Белсенділік – қорғаныстың тұрақтылығына қол жеткізудің маңызды жағдайы болып табылады. Ол дегеніміз – қолда бар қарулармен алыстан қарсыласты жою, ұрысты оларға қолайсыз жағдайда жүргізу, қақтығысқа түскен қарсыласты атыс маневрін пайдалана отырып жою. Қорғаныстың тұрақтылығы мен белсенділігі өзара байланысты.
Қорғаныстың тұрақтылығы мен белсенділігіне былай қол жеткізіледі:
- ұстамдылық, қарсылас шабуылын тойтару кезіндегі табандылық, олардың моральдық жан дүниесі;
- өте шебер ұйымдастырылған қорғаныс және атыс жүйесі;
- жергілікті жердің пайдалы жақтарын дұрыс пайдалану;
- қақтығысқа түскен қарсыласты жылдам жою;
- от шашатын қарудан қорғану іс-шараларын орындау;
- ұзақ уақыт бойы зақымдалған жерде ұрыс жүргізуге жеке құрамды дайындау;
- өзара дәл қимылдау, ұрысты жан-жақты қамтамасыз ету және бөлімді басқару.
Бөлімше қорғанысқа көшуді әр түрлі жағдайда іске асыруы мүмкін. Көп жағдайда бөлімше қорғанысқа қарсыластың оғының астында көшеді. Басқаша жағдайда, қарсылас бөлімшеге тиіспесе, қорғанысқа алдын-ала көшеді. Осыған байланысты, бірінші жағдайдағы көшуді қарсыласпен тікелей қақтығысу жағдайында шешу, ал екіншісін – олармен қақтығыспай көшу деп айтады. Осы жерде бөлімше қорғанысқа ыңғайлы рубежді алып, қорғанысты ұйымдастыруға қатысты барлық жұмысты қарсыластың оғының астында орындауға мәжбүр болады. Қорғаныстың мұндай қиын, әрі күрделі түріне көшу, ұрысты жалғастырып, позиция таңдау, атыс жүйесін ұйымдастыру керектігінде.
Қарсыласпен қақтығысқа түспей қорғаныс ұйымдастыру кезінде қорғаныс жеріне жету, атыс жүйесін ұйымдастыру, позицияны жабдықтау мүмкіндіктері бар. Қорғаныстағы бөлімше басқа бөлімшелермен бірлесе отырып, атыспен қарсыласты жоюға мүмкіндік беретін бекіністерге орналасады және оны жабдықтайды.
Бөлімшенің тұрақты жауынгерлік дайындығының мәнісі оның кез келген уақытта ұйымдасқан түрде, белгіленген мерзімде ұрысқа кірісіп, жүктелген міндетті ойдағыдай орындауға қабілеттілігі. Тұрақты жауынгерлік дайыңдыққа жету жолдары: бөлімшенің жеке құрамының өз міндетін дұрыс түсінуі, жауынгерлік машығының шыңдалуы, оның қарсыластың қарудың барлық түрлерін қолдануы жағдайында іс-қимылға дайын тұруы; жеке құрамның жоғары саяси-моральдық жағдайы, тәртібі мен қырағылығы; бөлімшенің толық жасақталған және ұрыс жүргізуге қажеттінің бәрімен қамтамасыз етілуі; қару мен техниканың дереу қолдануға, ал жеке құрамның өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға үнемі дайын болуы.
Бөлімше командирі взвод командирінен тапсырма алған соң, оны нақтылап алып, өз бөлімшесін берілген бекініске шығарады да, бақылауды ұйымдастырады. Осыдан кейін, ол ЖҰМ (БТР), пулемет, гранатаатқыш орнын анықтап, әскери бұйрық береді.
Әскери бұйрықта бөлімше командирі бағдарлар, қарсылас туралы мәліметтер (шабуылының бағыты мен мүмкін уақыты, жағдайы); взвод пен бөлімшенің міндеттері (атқылаудың қосымша секторы мен атыс жолағы, бекініс); көршілердің міндеттері; жеке құрамның міндеттерін дайындайды. Оператор-көздеуші, механик-жүргізуші, пулеметші және атқыш-гранатаатқышқа (негізгі және қосалқы атыс бекіністерін, атқыштарға – атыс орнын, ұрыс барысына ауысу мен жабдықтау жүйесін), жер үсті және әуе нысаналарына атыс жүргізу мен бақылау тәртібін; оператор-көздеуші мен пулеметшіге әрбір атыс бекінісінен атқылаудың негізгі және қосымша секторларын хабарлау, басқару және өзара қимылдау белгілерін, қорғанысқа дайын болу уақытын көрсетеді және өзіне орынбасар тағайындайды. Осыдан кейін, бөлімше жауынгерлері оқпана қазуға және оны бүркемелеуге кіріседі. Бұл кезде бөлімше командирі бағдарларға дейінгі қашықтықты анықтайды, күндіз және түнде атыс жүргізу үшін мәліметтер дайындайды, атыс карточкасын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |