Әскери дала жиындарында тактикалық дайындық пәнін ұйымдастырудың әдістемесі


Бөлімше маршта, шерулік және қарауылдық қорғауда, бөлімше барлауда



бет20/34
Дата07.02.2022
өлшемі75,84 Kb.
#87359
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34
Байланысты:
2 диплом Қалмырзаев
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық
1.3 Бөлімше маршта, шерулік және қарауылдық қорғауда, бөлімше барлауда.


Бөлімше маршта
Жоғары маневрлі ұрыс әрекет жағдайындағы әскердің қозғалысы рөлі көп жоғарылады, әсіресе, марш жасауда.
Марш – бөлімнің ұйымдасқан түрде, колона болып, жолмен және колона жолымен белгіленген аудан немесе көрсетілген рубежге жету мақсатында қозғалуы.
Марш ұрысқа түсуі болжанып немесе қарсыласпен кездесу қаупі жоқ жағдайда өтуі мүмкін. Тәртіп бойынша марш түнде немесе басқа көрінуі шектеулі уақытта өтіледі.
Барлық жағдайда командир бөлімшенің белгіленген аудан немесе көрсетілген рубежге уақытында келіп, ұрыстық тапсырманы орындауға дайын болуын қамтамасыз етуі қажет. Бөлімше қарсыластың әрдайым ЖҚЖҚ, авиация, әуе десантын, радио белсенді, химиялық, бактериологиялық зақымдау, жолды және өткелдерді бұзу секілді қауіп-қатерді қолдануына байланысты маршты дайындауға дайын болуы керек. Бұл қаруланудың, ұрыс техникасының және жеке құрамның маршқа және көшірулерге тиянақты дайындалуын талап етеді [27].
Бөлімше маршты ЖҰМ, БТР, көлік, ал кейде жаяу бөлім колонасында өтеді. Бөлімдермен ЖҰМ, танкпен жалпы колона құрамында өткенде күндіз де, түнде де сағатына 25-30 шақырым, жаяу жүргенде сағатына 4-5 шақырым болуы керек. Жүргізушілер құрамының жұмыс істеу нормасы тәулігіне 10-12 сағат құрайды.
Маршта көліктер арасындағы қашықтық 25-50 м, колона тоқтаған кезде қашықтық 10 м дейін қысқарады. Маршты ұйымдасқан түрде және уақыты көрсетілген жерге бару мақсатында қозғалыс маршрутының басқа пункт, реттеу пункті, түнгі және күндізгі демалыс уақыты белгіленеді.
Қозғалыс маршруты – бұл бөлімдердің белгілі жергілікті жер пункттерімен алдын-ала белгіленген жолымен жүруі.
Басқа пункт – бұл бөлімшенің қойылған міндетті орындауға кірісетін аға командирдің жергілікті жерде немесе картада анық көрініп тұрған бағдарды белгілеуімен қойылған шартты нүкте [28].
Реттеу пункттері колонаның қозғалыс жылдамдығын реттеу үшін белгіленеді. Оларды 34 сағат қозғалыстан кейін белгілейді.
Жеке құрамның демалуы, тамақтануы, қаруын тексеруі және ұрыс техникаларына техникалық қызмет көрсетуі үшін, марш кезінде демалыс орындары белгіленеді.
Бөлімше командирі марш кезінде қозғалыстың бекітілген тәртібін қатаң сақтап, демалыс, тунелден өту және елді-мекендерде кідірмей, қарсыластың әуе және құрлықтағы құралдары мен бөлім командирі белгілерін бақылап, жеке құрамды қарсылас туралы уақытылы құлақтандырып отыруы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет